“МЕКТЕПТЕРГЕ АРНАЛҒАН PISA” – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ
2023–2029 жылдарға арналған білім беруді дамыту тұжырымдамасы аясында елімізде «Мектептерге арналған PISA» зерттеуі басталды. 2025 жылдың 24 қарашасынан бастап іске қосылған бұл зерттеу 4 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы орта мектепте ұйымдастырылды.
Биыл республика бойынша 1000 мектеп, облыстан 70 мектеп, ауданымыздан 3 мектеп қатысуда. Әл-Фараби атындағы орта мектептен 15–16 жас аралығындағы 30 оқушы іріктеліп, зерттеуге толық қатысты.
PISA – білім сапасын халықаралық деңгейде бағалайтын маңызды құрал. Зерттеу барысында оқушылардың оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану бағытындағы білімдерін өмірлік жағдайларда қолдану қабілеті бағаланады.
Бұл күн – біздің ортада жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан маңызды тәжірибе алаңы болды.
Зерттеуге белсене қатысқан ұстаздар мен оқушыларға алғыс білдіреміз!