Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ «Средняя школа имени Аль-Фараби» Шуского районного отдела образования Жамбылского областного управления образования
  • kz
  • ru
  • Меню школы

    Статьи

    «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауы

    Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз: Әбдіжамал Мақпалдың шығармашылығы мойындалды 🌟
    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің жас маманы Әбдіжамал Мақпал Мұратқызы аудандық «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауына қатысып, «Шығармашыл ұстаз» номинациясы бойынша арнайы сертификатпен марапатталды.
    Білім беру мазмұнының жаңаруына байланысты мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, педагогикалық біліктілігін дамыту – сапалы білім мен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудің басты факторларының бірі болып отыр. Бұл заман білекке емес, білім мен шығармашылыққа сенетін уақыт . Сол себепті қазақстандық білім саласында жаңашылдыққа, тиімді әдістемелер мен жаңа тәсілдерге бағытталған іс-шаралар белсенді түрде ұйымдастырылуда.
    «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауы жас педагогтердің талантын көрсетуге, шығармашылық әлеуетін ашуға және кәсіби дамуын нығайтуға арналған. Байқауға аудандық білім бөліміне қарасты барлық жалпы білім беру ұйымдарының жас ұстаздары қатысты.
    Әбдіжамал Мақпалдың жеңісі – жас мамандардың кәсіби шеберлігін дамытудағы маңызды қадам, сондай-ақ мектептегі инновациялық және шығармашыл педагогикалық тәжірибелердің дамуына үлес қосатын тамаша оқиға.
    Құттықтаймыз! Жас ұстаздардың шығармашылығы мен кәсіби жетістіктері әрдайым қолдау тауып, үлгі болады.
    https://www.facebook.com/share/p/18JLfSso6A/

    Алимбекова Р.С. мен Раимбаева У.С. психологиялық айлық аясында “Қарым-қатынас” күні жас мамандармен “Жас келсе іске” атты тақырыпта тренинг ұйымдастырды.

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінің педагог-психологтары Алимбекова Р.С. мен Раимбаева У.С. психологиялық айлық аясында “Қарым-қатынас” күні жас мамандармен “Жас келсе іске” атты тақырыпта тренинг ұйымдастырды. Жас мамандардың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және дамытқысы келетін дағдылары туралы ақпарат ала отырып, көшбасшылық қабілеттерін дамытатын, заман талабына сай ширақ болуға бағытталған бірнеше жаттығулар жүргізді.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1676342769757478/?rdid=xlf5LdCv7MbkLXxn&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fv%2F15Ltfbyfzo%2F#

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру