Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 2026 жылғы 18 ақпан күні 8–11 сынып оқушылары арасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, деструктивті діни ағымдардың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Терроризм зардаптары» тақырыбында кең көлемді түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайларда саналы әрі жауапты шешім қабылдауға бағыт-бағдар беру.
Іс-шара мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Д. Басжанова, мектеп инспекторы Тойбаев А.Қ. және сынып жетекшілерінің бірлесуімен ұйымдастырылды. Кездесу барысында терроризм ұғымы, оның қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін кері әсері, заң алдындағы жауапкершілік, радикалды идеологияның қауіптілігі жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі деструктивті ақпараттың зияны, интернет қауіпсіздігі, ақпараттық гигиена және жеке деректерді қорғау мәселелері кеңінен қозғалды. Оқушыларға тақырыпқа қатысты бейнероликтер көрсетіліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында психологиялық тұрақтылықты сақтау, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, көмек сұраудың тиімді жолдары және мектеп психологының қолдауына жүгіну мүмкіндіктері туралы маңызды ақпарат берілді.