Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ «Средняя школа имени Аль-Фараби» Шуского районного отдела образования Жамбылского областного управления образования
  • kz
  • ru
  • Меню школы

    Статьи

    Если будешь усердно трудиться, ты добьешься успеха

    В средней школе имени Аль-Фараби, Шуского района 22.09.25г , во 2 "А"классе под руководством Чахаловой Гульнары Мустафаевны был организован классный час на тему: "Если будешь усердно трудиться, ты добьешься успеха"
    Цель классного часа: 1.Воспитать у детей доброжелательность, отзывчивость и умение помогать другим.
    2.Формировать умение работать в коллективе, уважительно относиться к одноклассникам и учителям.
    3.Развивать безопасное поведения в общественных местах.
    Реализовать задачи "Адал Азамат": честность, ответственность, уважение, справедливость.
    Классный час начался с эмоционального настроя детей, провела мини- игру
    " Передай тепло товарищу".Дети дуют на свою ладошку, которая обращена к товарищу, каждый говорит приятное слово.
    Учитель провела беседу, как спортсмены,учёные, мастера достигли успеха благодаря труду.
    Затем учащийся собирали пазлы и угадывали профессии людей изображенных на рисунке.
    Для безопасности детей ,также провела беседу, обсуждение в ситуации "Что делать, если ты встретил бродячую собаку?"Учитель показал алгоритм поведения.
    Поставленные цели были достигнуты.
    Учащийся были довольны и жизнерадостны.
    https://www.facebook.com/share/p/1DPKknggLB/

    Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінің 4 " ә" сынып оқушыларымен 22 қыркүйек күні " Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін " тақырыбында тәрбие сағатын өтті.Сынып жетекшісі:Асанова Б.С. Мақсаты:оқушылардың еңбек туралы түсініктерін молайту, адал еңбекті бағалау, адам өміріндегі,отбасындағы,қоғамдағы еңбектің құндылығын түсіндіру. Еңбек түрлеріне байланысты сипаттамаларды атап шығып,тақырыпты аштық. "Еңбек", "Еңбексүйгіштік" деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер? Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? Сендердің қазіргі негізгі еңбектерін қандай? сұрақ - жауаптары қойылып,оқушылардың жауаптары тыңдалды.Мақал - мәтел айтылып,жатқа тақпақтар оқылды.Еңбек адам өміріне күш береді, тәрбиелейді, жігерлендіреді.
    https://www.facebook.com/share/p/1W7aUkwtft/

    Трудись — и пожнёшь плоды

    Сегодня, 22 сентября 2025 года в средней школе имени Аль-Фараби отдела образования Шуского района в 5 А и 5 Б классах был проведён классный час на тему «Трудись — и пожнёшь плоды»
    Цель мероприятия — формирование у учащихся понимания ценности труда, развитие уважения к людям труда, воспитание ответственности и трудолюбия.
    В ходе классного часа учащиеся узнали пословицы и поговорки о труде, приводили примеры из жизни, активно участвовали в обсуждении. Также была проведена мини-игра «Угадай профессию» и небольшая творческая работа — рисунок на тему «Мой труд дома и в школе».
    В итоге дети проявили активность, поняли, что труд приносит не только результат, но и радость, уважение, уверенность в себе. Цель мероприятия достигнута.
    Классные руководители: Гладченко С.К., Джанкулова А.С.
    https://www.facebook.com/share/p/1LV7YvX87v/

    Еңбек етсең емерсің

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 6"ә" сыныбында «Еңбек етсең емерсің» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
    Мақсаты: оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру,еңбекқорлыққа, адалдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Халық даналығын, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер арқылы еңбек құндылықтарын дәріптеу. Оқушылар еңбекқор адамдардың өмірінен мысалдар келтіру арқылы ортада ой бөлісіп, топ арсында шығармашылық тапсырма орындады. Мұғалім оқушыларды еңбексүйгіштікке шақыра отырып, «Кімде-кім еңбектенсе, ол өзінің жемісін көреді. Еңбексіз өмір – мәнсіз өмір» деген оймен аяқтайды.
    https://www.facebook.com/share/v/1ATHFL6Cpm/

    Махамматова Асия один день в кругу её семьи

    Ученица 5-Бкласса Махамматова Асия подготовила видеоролик, в котором поделилась, как проходит один день в кругу её семьи. В этом видео мы увидим самые тёплые и радостные моменты, наполненные заботой, общением и семейным уютом.Семья — это место, где нас понимают и принимают. Один день с родными — это маленькое счастье, из которого складывается жизнь!

    Один день в кругу семьи

    Исмаилова Элиф, ученица 4Б класса, в своём видео поделилась, как проходит один день в кругу семьи. Тёплая атмосфера, улыбки и забота — вот что делает каждый момент особенным!
    https://www.facebook.com/share/v/1CypLPwkY8/

    Билібек Томирис "Отбасыммен өткізген бір күн"

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 1 "ә" сынып оқушысы Билібек Томирис "Отбасыммен өткізген бір күн" тақырыбындағы бейнеролигін былай баяндайды:
    -Бүгінгі күнімді отбасыммен бірге өткіздім. Таңертең жуынып ,бәріміз дастархан басына жиналып, дәмді таңғы ас іштік. Үй шаруасына көмектесіп, бірге бөлмемізді жинадық. Күндіз саябаққа барып, серуендеп, ойын ойнадық. Кешке қарай анама ас дайындауға көмектесіп, әкеммен бірге теледидар көрдік. Отбасымен өткізген әрбір күн – бақытты сәт.
    https://www.facebook.com/share/v/1HRYeRZzv2/

    Асылмұрат Оспан "Отбасыммен өткен бір күн"

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 1"ә" сынып оқушысы Асылмұрат Оспан "Отбасыммен өткен бір күн" тақырыбындағы бейнеролигін қысқаша баяндайды.
    🌸 Отбасыммен өткен бір күн 🌸
    Бүгінгі күнімді отбасыммен бірге мәнді өткіздім. Таңертең бәріміз бірге ас ішіп, үй шаруасына көмектестім. Түсте ата-анама қолғабыс болып, қарындасыммен ойнадым. Кешке бәріміз серуендеп, қызықты әңгімелер айттық. Күн соңында дастарқан басында жиналып, бақытты сәттерімізді бөлістік.
    Отбасы – сүйіспеншілік пен қамқорлықтың, бірлік пен шаттықтың мекені. 💖
    https://www.facebook.com/share/v/1AMcsE5ris/

    «Отбасыммен өткен бір күн»

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 1"ә" сынып оқушысы Амангелді Мөлдірдің отбасы «Отбасыммен өткен бір күн» тақырыбында бейнеролик түсіріп, онда отбасы мүшелерінің бір күн ішінде бірге өткізген сәттері қамтылды.Серуендеу, түрлі ойындар ойнау, үй шаруасына бірге атсалысу, кітап оқу және кешкі демалыс көріністері бейнеленді.
    Бұл бейнеролик арқылы отбасының әрбір мүшесінің бір-біріне деген қамқорлығы мен сүйіспеншілігі, татулығы мен бірлігі көрсетілді.
    https://www.facebook.com/share/v/1WbvFLReGE/

    Конкурс среди мам учащихся 2–4 классов

    В нашей школе прошёл замечательный конкурс среди мам учащихся 2–4 классов. В нём приняли участие 4 невероятные мамы, каждая из которых по-своему удивительна!
    Участницы соревновались в конкурсах: «Мамина эрудиция», «Мама — хозяйка», приветствие, «Собери пословицу», «Секреты хозяйки», «Угадай сказку» и «Мамины руки». Было весело, познавательно и очень душевно!
    Спасибо нашим замечательным мамам за участие, тепло и любовь, которые они дарят своим детям каждый день. Вы — настоящие героини!
    https://www.facebook.com/share/v/16ha1kxnWB/

    «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында оқушылар арасында сурет байқауын өткізiлді

    Шу ауданы Білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орат мектебі. 15 қыркүйек күні педагог-ұйымдастырушы Бакбергенова Г.Б. «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында оқушылар арасында сурет байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарының маңызын ұғындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және эстетикалық тәрбие беру.Байқауға 1–4 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.Әр қатысушы өз отбасына деген сүйіспеншілігін сурет арқылы бейнелеп, жылы сезімдерін шығармашылықпен жеткізе білді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды
    Бас жүлде-СмағұлАйсұлтан 2 «Ә» сыныбы
    Қасеней Арайлым 1«Ә» сыныбы
    Османова Рубара 4б сыныбы
    I орын – Ақмұрат Оспан 1«Ә» сыныбы
    Руслақызы Айлин2 «Ә» сыныбы
    II орын – Шакрат Даяна 2 «Ә» сыныбы
    Берік Арайлым 3 «Ә» сыныбы
    III орын – Надырова Лиана 4 «А» сыныбы
    Алиев Самир 2 «Ә» сыныбы
    https://www.facebook.com/share/p/1BazZeMS7C/

    «Буллингтен қорған!»

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде мектеп парламентінің мүшелері оқушылар арасында «Буллингтен қорған!» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Шара барысында буллингтің түрлері, оның бала психологиясына тигізер зияны мен алдын алу жолдары жайлы айтылып, оқушыларға нақты мысалдар келтірілді. Сондай-ақ, өз құқықтарын қорғау және қиын жағдайда кімге жүгіну керектігі жөнінде пайдалы кеңестер берілді.
    Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп оқушылары арасында достық қарым-қатынасты нығайту, өзара сыйластықты арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру.
    https://www.facebook.com/share/v/1Erbi4avX9/

    Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – басты назарда

    Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 8–11 сынып оқушылары арасында құқықтық бағыттағы маңызды кездесу өткізілді.
    Кездесуге қатысқандар:
    Алиаскаров Жанат Узакпаевич – мектеп директоры
    Мыңжасаров Қуаныш – Шу аудандық полиция бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі аға инспекторы
    Төлегенова Шолпан Ахметовна – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
    Басжанова Мөлдір – директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
    Ұлдармен жұмыс жетекшісі
    Іс-шара барысында қаралған негізгі тақырыптар:
    «Жасөспірімдер арасындағы буллингтің, әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу»
    «Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы» (ҚР ӘҚБтК және ҚК баптарына сәйкес)
    «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»
    Жол қозғалысы ережелері, әсіресе мопед, электросамокат, электромобиль сияқты көлік құралдарын жүргізу тәртібі
    Мыңжасаров Қ.Т. оқушыларға ҚР заңнамасындағы құқықтық нормалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы нақты мысалдар келтірді. Құқық бұзушылықтың салдары, оның ішінде бопсалау, әлімжеттік, бейәдеп мінез-құлықтың заң алдындағы жауапкершілігі кеңінен қамтылды.
    Тақырыпты тереңірек түсіндіру мақсатында бейнероликтер көрсетіліп, олардың мазмұны төңірегінде оқушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.
    Кездесудің басты мақсаты – құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің бойында өзара сыйластықты, қоғамдық тәртіпті сақтау, заңға бағыну дағдыларын дамыту болды.
    Сонымен қатар, оқушыларға:
    Жол қауіпсіздігін сақтау
    Қоғамдық орында тәртіп ережелерін ұстану
    Электрлі көлік құралдарын пайдаланудағы шектеулер туралы кеңес берілді.
    Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
    Баланың әрбір әрекеті – оның болашағына әсер етеді. Құқықтық тәрбие тек мектеп қабырғасында емес, ең алдымен отбасында басталады.
    Буллинг, әлімжеттік, бопсалау – бұл жай әзіл емес, заңмен жазаланатын әрекеттер екенін есте сақтайық!
    Балаларыңызбен жиі сөйлесіп, олардың ортасына, көңіл-күйіне назар аударыңыздар!
    https://www.facebook.com/share/v/1Gug7B3pEe/

    “Рақмет ана“

    Шу ауданының білім бөлімінің Әл Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Г.Т.Касымбекова 2”Ә”сынып білім алушылармен “Рақмет ана“ атты тәрбие сағатын өткізді.
    Тәрбие сағаттың мақсаты: Оқушылардың бойында ізгілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
    Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
    Тәрбие сағатында балалар өз қолдарымен аналарына арнап сурет салып,гүл шоқтарын жасады.Аналарына арналған құттықтау сөздерін,тақпақтарын айтты.Сонымен қатар қауіпсіздік сабағы өткізілді.Қауіпсіздік сабағы» – «Есік қағылды. Қауіпті қалай тануға болады?» Білімалушыларды үйдегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Тәрбие сағатынан оқушылар мол әсер алды.
    Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
    https://www.facebook.com/share/p/14V6vwkZBWS/

    "Әке-асқар тауым"

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл - Фараби атындағы орта мектебінде Отбасы күніне орай 6-7 сынып ата -аналарымен "Әке-асқар тауым"атты спорттық сайыс ұйымдастырылды.
    Іс- шараны мектеп директоры Алиасқаров Жанат Ұзақбаевич
    құттықтау сөзімен ашып берді.
    Мақсаты:әкелердің отбасындағы рөлін дәріптеу, оқушылар мен ата -аналар арасындағы тығыз байланыс орнату, салауатты өмір салтын насихаттау.
    Жарысқа 6-7 сынып оқушыларының әкелері қатысып,түрлі спорттық сайыста өзара бақ сынасты.Қатысушалар шапшаңдық , ептілік, командалық жұмыс және төзімділік танытып, балаларға тамаша көңіл-күй сыйлады.
    Шара соңында барлық қатысушыларға мадақтамалар мен естелік сыйлықтар табысталды.
    https://www.facebook.com/share/p/1KHTRk1otb/

    "Язык – основа дружбы"

    Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылған "Язык – основа дружбы" атты аудандық эссе байқауында Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Бадырова Дельша жүлделі І орынға ие болды! Дельшаның эссесінде еліміздегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық, өзара түсіністік пен құрмет, сондай-ақ, тілдің қоғамдағы біріктіруші рөлі терең әрі шынайы сипатталған. Жас қаламгердің бұл еңбегі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
    Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Мұнда әртүрлі мәдениет пен тіл өкілдері бейбіт өмір сүріп келеді. Осы тұрғыда тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлттар арасындағы достық көпірі екенін ұмытпауымыз керек.
    Бадырова Дельшаны шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен толағай жеңістер тілейміз!
    https://www.facebook.com/share/p/1Cy5MWCjwj/

    "День Матери"

    Мама-тот человек,кто рядом всегда.Её поддержка бесценна.В средней школе имени Аль-Фараби отдела образования акимата Шуского района был проведен классный час, посвященный главному человеку в жизни каждого.Цель:воспитание уважительного и бережного отношения к маме,через осознание её роли в жизни человека,умение выражать свои чувства и мысли устно и письменно.Учащиеся с интересом узнавали о том,что "День Матери" имеет долгую историю.Ребята в группах заполняли листы, выражая свои мысли о значимости мам в их жизни.Поучаствовали в игре "Герой дня",где должны были прожить "мамину роль" через жизненные ситуации.Подводя итоги, учащиеся собрали в "Облако благодарности" капельки со словами детей.
    https://www.facebook.com/share/p/16NWh1SxVa/

    “Жүрекке жылулық сыйла”

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде
    “Жүрекке жылулық сыйла” атты акциясы ұйымдастырылды.
    Осы акциясы аясында мектебімізде көпбалалы ата-аналарға әлеуметтік көмек ретінде мектеп формалары берілді.
    Бұл игі шара — балалардың оқуына қажетті жағдай жасап, ата-аналарға демеу болу мақсатында ұйымдастырылды.
    Қамқорлық пен мейірімділікке толы әрбір іс жүрекке жылулық сыйласын!
    https://www.facebook.com/share/p/19fudB8xxx/

    «Тілі бірдің – тілегі бір»

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөліміне қарасты Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Каримова Айша Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткен өзге ұлт өкілдері арасындағы «Тілі бірдің – тілегі бір» атты мәнерлеп оқу байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды.
    Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тастанбекова Б.Т.
    Айшаның бұл жетістігі – еңбектің, ізденістің және ұстаз еңбегінің жемісі. Құттықтаймыз!https://www.facebook.com/share/p/17Yj85iV8G/

    "Ұлт тілінің байлығын паш етейін..."

    5 қыркүйек "Қазақстан халқы тілдері" күні қарсаңында ұйымдастырылған "Ұлт тілінің байлығын паш етейін..." атты 4-5 сынып оқушылары арасында өткізілген мақал-мәтел сайысына Әл - Фараби атындағы орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі М.Д.Басжанова-ның жетекшілігімен қатысқан 5"ә"- сынып оқушысы Қалығұл Інжу жүлделі ІІ орынға ие болды. "Жарайсың, Інжу, қанатың талмасын көкке ұшқан қырандай".https://www.facebook.com/share/p/1BqLEBQoLX/

    "День семьи" во 2 "А"классе.

    В средней школе имени Аль-Фараби, Шуского района 08.09.25г Чахалова Гульнара Мустафаевна провела классный час : "День семьи"
    во 2 "А"классе.
    Цель классного часа: 1.Воспитать чувство любви к семье. 2.Уважать старших, заботится и оказывать помощь всем членам семьи.
    3.Формировать нравственные отношения у учащихся.
    Классный час прошел в форме беседы с элементами игры и творческого задания .
    В начале дети познакомились с понятием "семья", обсудили пословицы и поговорки о семейных ценностях.
    Дети с интересом рассказывали о семейных традициях и праздниках.
    Творческая часть включала в себе рисование своей семьи.
    Учащиеся активно включились в работу
    Атмосфера была теплой , доверительной, доброжелательной.
    Классный час прошел на хорошем уровне. Все поставленные цели были достигнуты.
    https://www.facebook.com/share/p/1CyhYcRCZ5/

    «Мерейлі отбасы» тақырыбында тағылымды кездесу

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби орта мектебінде 11 қыркүйек күні Отбасы күніне орай 9-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы» тақырыбында тағылымды кездесу өткізілді.
    Шара барысында отбасының қоғамдағы орны, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық, ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбие туралы мазмұнды ойлар айтылды.
    Кездесуге қатысқан қонақтар өз тәжірибесімен бөлісіп, жас буынды отбасын құрметтеуге, татулық пен ынтымақты жоғары қоюға шақырды.
    Оқушылар ой-пікірлерін ортаға салып, мәнді сұрақтар қойды.
    Шара жас ұрпақтың бойына отбасы қадірін, ата-анаға құрмет, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу сынды асыл қасиеттерді дарытуға бағытталды.
    https://www.facebook.com/share/v/1AC6zta8wi/

    Мопед пен мотоциклді басқарудың заңдық талаптары мен қауіптері

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, көлік қауіпсіздігі туралы хабардар болу, жолдағы қауіпті жағдайлардың алдын алу және өмірге қауіп төндіретін жағдайлардан қорғану мақсатында мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мөлдір Басжанова және АӘТД пәнінің мұғалімі Ақжігітов Береке оқушыларға мопед пен мотоциклді басқарудың заңдық талаптары мен қауіптері туралы түсіндірме жұмыстарын өткізді.
    Жасөспірімдердің тәжірибесі мен реакциясы жеткіліксіз; қауіпсіздік ережелерін бұзу өздеріңізге де, айналаңыздағы адамдарға да қауіп төндіреді; жол-көлік оқиғаларында жасөспірімдердің қатысуы жылдан жылға артып келеді; сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен басқа жүргізушілердің қауіпсіздігіне де қауіп төндіруі мүмкін.
    16 жасқа толмай мопед айдамаңыздар; жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар; көлікті басқарған кезде әрдайым жол белгілерін, жылдамдықты және басқа қатысушыларды қадағалаңыздар; жауапкершілік – ер жеткеннің белгісі.
    Балалардың амандығы – біздің ортақ жауапкершілігіміз.
    Қауіптің алдын алайық, жол қозғалысы ережелерін сақтайық және ерте жастан тәртіп пен
    жауапкершілікке үйренейік!
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1829190747806012/

    5 классах был проведён классные час на тему "Моя семья-моя защита".

    Сегодня, 8.09.25 в средней школе имени Аль -Фараби отдела образования Шуского района в 5 классах был проведён классные час на тему "Моя семья-моя защита".
    Цель:
    формировать у учащихся представление о ценности семьи, уважении к членам семьи, взаимопомощи и защите внутри семьи.
    В ходе классного часа учащиеся познакомились с понятием «семья», обсудили роли каждого члена семьи, рассуждали о взаимной поддержке и защите. Были приведены примеры из жизни, использовались видеоматериалы и рисунки.
    Проведены мини-игры и обсуждение, направленные на развитие у детей чувства ответственности и заботы о близких.
    Учащиеся проявили активность, делились мнениями, приводили примеры из личной жизни. Мероприятие прошло в тёплой, доверительной атмосфере. Цель классного часа достигнута.
    Классные руководители: Гладченко С.К., Джанкулова А.С.https://www.facebook.com/share/p/1APJ6oz69G/

    "Отбасым- бақыт мекені" тақырыбында тәрбие сағаты

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 6"ә" сыныбында "Отбасым- бақыт мекені" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты: оқушыларға отбасының маңыздылығын ұғындыру, ұлттық тәрбиенің негізі болып табылатын отбасылық құндылықтарды насихаттау, оқушылардың бойында сүйіспеншілік, құрмет, мейірімділік сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыру.
    Тәрбие сағаты барысында оқушылар отбасы туралы ой-пікірлерін ортаға салып, өлең, тақпақтар оқыды. Сонымен қатар,мәуелі ағашқа отбасылық құндылықтарды жазып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
    Іс-шараға оқушылар белсене қатысты. Тәрбие сағатының соңында оқушылар отбасы – әр адамның өміріндегі ең басты байлық екендігі жөнінде

    9-сынып оқушысы Каримова Айша жүлделі ІІ орынға ие болды

    5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай Шу аудандық мәдениет үйінде өткен «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» атты өзге ұлт өкілдері арасында мәнерлеп оқу байқауында мектебіміздің 9-сынып оқушысы Каримова Айша жүлделі ІІ орынға ие болып, бағалы сыйлықпен марапатталды.
    Айшаның өнерін шыңдап, бағыт-бағдар берген жетекшісі, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Б.Т. Тастанбековаға алғыс айтамыз.
    Бұл жетістік – мемлекеттік тілді дәріптеудің, жастардың бойына тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттырудың айқын көрінісі.
    Оқушымызға алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен биік белестер тілейміз!https://www.facebook.com/share/p/17HP6vBwRG/

    "Менің -Отаным Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағаты

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби орта мектебінің 4"ә" сынып оқушыларымен 1- қыркүйек Білім күніне орай, "Менің -Отаным Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Сынып жетекшісі: Асанова Б.С. Мақсаты: оқушылардың туған елі-Қазақстан туралы білімін кеңейту, мемлекеттік рәміздер мен Ата заңның маңызын түсіндіру,атаулы күндерді тану,адалдық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру. Тәрбие сағатын оқушылар әнұранды айтумен бастады.Отан ,Қазақтан ,туған жер жайлы тақпақтарды жатқа оқып,мақал-мәтел жарыстырды.Слайд көрсетіліп, жасанды интеллект арқылы оқушыларға тереңінен түсінік берілді.Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Мұнда түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Елдің басты байлығы – бейбітшілік пен бірлік. Біз үшін тәуелсіздік – ең қымбат қазына. Тәуелсіз Қазақстанның көк байрағы биікте желбірей берсін!https://www.facebook.com/share/p/1Cefn1pr9s/

    "Тіл - сарқылмас қазына" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің кітапханасында 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай "Тіл - сарқылмас қазына" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: өз елінің, тілінің патриоты болуға тәрбиелеу. Оқушылар тіл туралы тақпақтар мен нақыл сөздерді жатқа айтты. Әр елдің өз ана тілі, салт-дәстүрі, әдеп-ғұрыптары бар екені түсіндіріп, айтып өтілді.https://www.facebook.com/share/p/1CUhm74P7X/?mibextid=K35XfP
    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің кітапханасында 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай "Тіл - сарқылмас қазына" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: өз елінің, тілінің патриоты болуға тәрбиелеу. Оқушылар тіл туралы тақпақтар мен нақыл сөздерді жатқа айтты. Әр елдің өз ана тілі, салт-дәстүрі, әдеп-ғұрыптары бар екені түсіндіріп, айтып өтілді.

    5 - қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі

    Шу ауданы білім бөлімі Әл- Фараби атындағы орта мектебінде 6"Ә"-7"Ә" сыныптарында 5 - қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі қарсаңында "Тіл байлығы - ой байлығы" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларға тілдің қастерлі құндылық екенін ұғындыру ,әр халықтың тіліне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Бұл іс - шара арқылы оқушылар өз ана тіліне деген құрметін арттырып, Қазақстанда өмір сүретін барлық ұлттардың тілін, мәдениетін бағалауға тәрбиеленді. *Тіл – татулықтың тірегі, бірліктің бастауы. Тілімізді құрметтеу – болашағымызды құрметтеу!https://www.facebook.com/share/v/1B9BaVPRqx/?mibextid=K35XfP

    5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні.

    5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні.
    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне арналған салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл мерекелік шараны тіл мамандары ұйымдастырды.
    Шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатқан жүрекжарды өлеңдер оқып, әсем әндер орындады. Сонымен қатар халық даналығын дәріптеп, тағылымды мақал-мәтелдер айтып, тілдің қадір-қасиетін ұғындырды.
    Ұлттық өнеріміз де ерекше насихатталып, домбыраның күмбірлі үнімен сырлы күйлер орындалды. Бұл жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді оятумен қатар, ұлттық мәдениет пен дәстүрге деген сүйіспеншілікті арттырды.
    Мерекелік шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ана тілінің қадір-қасиетін сезіндіру, өзге ұлт тілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болды. Осындай тағылымды іс-шаралар еліміздегі достық пен татулықты нығайтып, көпұлтты Қазақстанның бірлігін дәріптеуге зор үлес қосары анық.https://www.facebook.com/share/v/1FM1MQnSip/?mibextid=K35XfP

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру