Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    «Шаңырақ – бірлік символы»

    17 наурыз – Шаңырақ күні қарсаңында Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 10 «А» және 10 «Б» сыныптарының ұйымдастыруымен «Шаңырақ – бірлік символы» атты тағылымды кеш өтті.
    Кештің басты мақсаты – оқушыларға отбасының қадір-қасиетін ұғындыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және бірлік пен татулықты дәріптеу. Шара барысында оқушылар өз тілектері мен жүрекке жылы ықыласын білдірді. Және де түрлі ұлт өкілдері Наурызға арналған ана тілдерінде құттықтаулар, өлеңдер, бата , жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер айтып Қазақстан халқын мерекемен құттықтады.Шаңырақ – әр отбасының берекесі мен бірлігінің белгісі. Осындай тәрбиелік мәні зор кештер жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
    https://www.facebook.com/share/v/18hQExunsV/

    «Экочеллендж» ұйымдастырылды

    «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде мектебімізде оқушылардың экологиялық санасын арттыру, табиғатты қорғауға баулу мақсатында «Экочеллендж» ұйымдастырылды.
    Челлендж барысында оқушылар бірнеше бағыт бойынша белсенділік танытты. Атап айтқанда, «Бір күн – бір игі іс» қағидаты негізінде оқушылар мектеп ауласын тазалап пайдалы жұмыстар атқарды. Сонымен қатар, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, пластик пен қағазды бөлек жинау бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.
    Оқушылар экологиялық тақырыпта бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желілерде бөлісіп, табиғатты қорғауға шақырды.
    Челлендж қорытындысы бойынша белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, олардың жұмыстары көпшілікке үлгі ретінде ұсынылды.
    Аталған экочеллендж оқушылардың табиғатқа жанашырлықпен қарауын қалыптастырып, экологиялық мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосты.
    https://www.facebook.com/share/v/1B2i1PKFET/

    «Таза Қазақстан» республикалық акциясы

    «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында мектебімізде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру мақсатында бірқатар тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылды.
    Атап айтқанда, мектеп ауласын және айналасын тазарту бойынша сенбіліктер өткізілді. Оқушылар сынып жетекшілерімен бірге мектеп ауласын қоқыстан тазартып, ағаш түптерін әктеп, гүл отырғызу жұмыстарын жүргізді.Мектеп ішінде «Тазалық – денсаулық кепілі» атты акция жүргізіліп, оқушыларға жеке және қоғамдық тазалық сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Өткізілген іс-шаралар оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаны таза ұстауға деген көзқарасын қалыптастыруға оң әсерін тигізді.
    https://www.facebook.com/share/v/1FsE1Nw7rw/

    Үлкендерге құрмет көрсетудің маңызы

    Жамбыл облысы Шу ауданы Әл-Фараби атындағы орта мектебінде Наурыз мейрамы қарсаңында тәрбиелік маңызы зор іс-шара ұйымдастырылды. Мектепалды даярлық сыныбының оқушылары Төлеби ауылының ақсақалдар алқасының мүшесі, ауылдың құрметті ақсақалы Шабанбай Әнепия Төлегенұлының үйіне арнайы барып, ізгі тілектерін білдірді. Оқушылар ұлттық дәстүрді дәріптеп, үлкендерге құрмет көрсетудің маңызын түсіне отырып, ақсақалға алғыстарын айтып, мерекемен құттықтады.
    Кездесу барысында Шабанбай Әнепия Төлегенұлы балаларға ақ батасын беріп, елге, жерге адал қызмет ететін, білімді де тәрбиелі азамат болып өсуіне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрді құрметтеп, үлкенге ізет, кішіге қамқор болудың мәні туралы өнегелі әңгіме айтты.
    Осы кездесуден кейін оқушылар ақсақалмен бірге ауылдағы мұражайға барып, ондағы тарихи жәдігерлермен танысты. Мұражайдағы ұлттық бұйымдар мен көне мұралар жайында ақсақал өз естеліктерін айтып, балаларға туған жер тарихы туралы мағлұмат берді.
    Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, үлкенді сыйлау, салт-дәстүрді құрметтеу секілді қасиеттерді қалыптастыруға зор үлес қосады.
    https://www.facebook.com/share/v/185LAq8BSM/

    «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» атты фестиваль ұйымдастырылды.

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, ұлттық мәдени мұраны кеңінен насихаттау мақсатында 16 наурыз күні «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» атты фестиваль ұйымдастырылды.
    Іс-шара барысында мектеп оқушылары әр ұлттың әсем ұлттық киімдерін киіп, олардың ерекшеліктерін таныстырып, мәдениетін насихаттады. Сонымен қатар ұлттық тағамдардан көрме ұйымдастырылып, келген қонақтарға қазақ халқының және өзге ұлттардың дастарқан мәдениеті таныстырылды.
    Фестиваль аясында оқушылардың өз қолдарымен жасаған әсем қолөнер бұйымдарынан арнайы жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеде түрлі бұйымдар ұсынылып, оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Түскен қаражатты оқушылар өз қажеттіліктеріне жұмсауға мүмкіндік алды.
    Бұл іс-шара оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, салт-дәстүрге деген қызығушылығын оятты. Сонымен қатар ұлттар арасындағы достық пен бірлікті нығайтып, мектеп өміріне ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1975471186511300/

    «Қош келдің, Әз Наурыз!»

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 4"Ә"сынып жетекшісі Асанова Б.С.
    16 наурыз 2026 ж. Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы қарсаңында «Қош келдің, Әз Наурыз!»тақырында тәрбие сағатын өтті.
    Мақсаты:
    оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру, қазақ халқының салт-дәстүрін таныстыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
    Бұл тәрбие сағаты барысында оқушылар Наурыз мерекесінің маңызы мен ерекшеліктері туралы мәлімет алып, өлеңдер оқып, ұлттық дәстүрлермен танысты. Сонымен қатар Наурыз көже туралы түсінік беріліп, оқушылардың мерекеге деген қызығушылығы арттырылды. Тәрбие сағаты оқушыларды ұлттық мәдениетті құрметтеуге және ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталды. Наурыз мерекесі құтты болсын!Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын
    https://www.facebook.com/share/p/18TiEk67cz/

    «Наурыз — начало года»

    16 марта в средней школе имени Аль-Фараби в 5 «А» и 5 «Б» классах был проведён классный час на тему «Наурыз — начало года». Целью мероприятия было познакомить учащихся с историей и значением праздника Наурыз, а также воспитать уважение к национальным традициям и обычаям.
    Во время классного часа учащиеся узнали о традициях празднования Наурыза, значении этого дня как символа обновления природы, мира и согласия. Ребята активно участвовали в беседе, отвечали на вопросы и делились своими знаниями о празднике. Также были представлены интересные факты о национальных блюдах, обрядах и традициях.
    Классный час прошёл в познавательной и дружеской атмосфере, способствуя расширению знаний учащихся о культурном наследии казахского народа.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1975319836526435/

    «Бақыт деген не өзі?..» атты поэзия кеші өтті

    Жамбыл облысы Шу ауданы әл-Фараби атындағы орта мектебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Бақыт деген не өзі?..» атты поэзия кеші өтті. Іс-шараны мектеп кітапханашылары О.М. Есенкулова, А.Н. Өктембай және "Әдебиет әлемі" үйірме жетекшісі А.К.Джуманбаева ұйымдастырды.
    Поэзия кешінің негізгі мақсаты – оқушыларға бақыт ұғымының терең мағынасын ұғындыру, өмірдегі жақсылықтарды бағалай білуге баулу және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.
    Кеш барысында оқушылар ақынның жүрекке жылы, жанға жақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, Мұқағали сөзіне жазылған әсем әндерді орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әрбір оқылған өлең мен шырқалған ән оқушылардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттырып, ақын мұрасын тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді.
    Шара соңында оқушылар бақыттың шынайы мәні – әр адамның жүрегіндегі мейірім мен жақсылықта екенін түсініп, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Осындай тағылымы мол рухани кештер жас ұрпақтың жүрегіне ізгілік дәнін сеуіп, олардың өмірге деген жарқын көзқарасын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
    https://www.facebook.com/share/v/14RFMS8d1Cm/

    "14-наурыз – Көрісу күнін"

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде мектепалды сынып педагогы
    Ж.С. Мырзаханова сыныбымен "14-наурыз – Көрісу күнін" атап өтті.
    Мақсаты: Оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беру. Өз ұлтының салт-дәстүрлерін ұстанып, қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
    Осы орайда оқушылар бір- бірін "Көрісу күні- Амал мерекесімен" құттықтап, бір- біріне ізгі тілектерін білдірді.

    Көрісу күні мерекесіне орай тағылымы мол іс-шара өтті.

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектеп ұжымында 2026 жылдың 14 наурызында Көрісу күні мерекесіне орай тағылымы мол іс-шара өтті.
    Мерекелік шара барысында мектеп мұғалімдері мен оқушылары бір-бірімен көрісіп, амандасып, ізгі тілектерін білдірді. Қазақтың салт-дәстүріне сай үлкенге құрмет көрсетіліп, кішіге ізет жасалды. Оқушылар ұлттық дәстүрдің мәні мен маңызын түсініп, бір-біріне жылы лебіздерін айтып, татулық пен сыйластықтың үлгісін көрсетті.
    Мереке соңында ұстаздар мен оқушылар бір-біріне ақжарма тілектерін айтып, көрісу дәстүрін жалғастырып, көтеріңкі көңіл күймен тарасты.
    https://www.facebook.com/share/v/18cXw8Lazj/

    Ана-тіршілік тірегі

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 1"ә" сынып оқушыларымен «Ана-тіршілік тірегі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға ананың адам өміріндегі орны ерекше екенін түсіндіру, анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру, мейірімділікке және қамқорлыққа тәрбиелеу.
    Сынып сағаты барысында оқушылар ана туралы өлеңдер оқып, ананың қадірі туралы әңгімелесті. Сонымен қатар оқушылар өз аналары жайлы жылы сөздер,ән айтып,аналарына деген алғыстарын білдірді. Сабақ өте қызықты әрі тәрбиелік мәні зор болды. Оқушылар ананың мейірімі мен қамқорлығы шексіз екенін түсініп, аналарына құрметпен қарау керектігін білді.
    https://www.facebook.com/share/p/1CTvU3EWES/

    «Ана - өмірдегі ұлы есім!»

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл- Фараби атындағы орта мектебінде 8- наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында 2”Ә“сынып жетекшісі :
    Г.Т.Касымбекова «Ана - өмірдегі ұлы есім!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларға отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі,нәзік жанды аналар мен қыздарды сыйлауды,қастерлеуді үйрету. Тәрбие сағатына сыныптың ата -аналары шақырылып,оқушылар өздерінің бар өнерлерін ортаға салды.Аналарға арнап би билеп,ән айтып,кішігірім сайлықтарын ұсынды. Тәрбие сағаты өте әсерлі болып өтті.
    https://www.facebook.com/share/p/1aMCU5eHsq/

    5 «Б» класс поздравил с Днём благодарности!

    В честь праздника учащиеся 5 «Б» класса выразили искреннюю благодарность администрации школы и учителям-предметникам.
    Ребята поблагодарили за профессионализм, терпение, заботу и знания, которые они получают каждый день.
    Ученики пожелали крепкого здоровья, неиссякаемой энергии, вдохновения в работе, благодарных учеников и новых достижений!
    Пусть в вашей жизни будет больше радостных моментов, тепла и уважения. Спасибо за ваш бесценный труд и вклад в будущее детей!
    https://www.facebook.com/share/v/1DmJEfamg2/

    «Ана – өмір шырағы» атты мерекелік ән байқауы

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде Шабыит жобасы аясында «Ана – өмір шырағы» атты мерекелік ән байқауы өтті. Аналарды құрметтеу, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру және отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
    Байқауға мектеп оқушылары қатысып, ана туралы жүрекжарды әндерді орындады. Қатысушылардың өнерін әділқазылар алқасы бағалап, үздік орындаушылар марапатталды.
    Іс-шара барысында аналарға арналған жылы лебіздер айтылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Кеш соңында барлық қатысушылар алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды.
    Іс-шараны ұйымдастырған:музыка пәні мұғалімі Адилбекова А.Д.және педагог- ұйымдастырушы Бакбергенова Г.Б.
    https://www.facebook.com/share/p/1L1jTQctKr/

    Алғыс айту - ізеттілік белгісі

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джобалаева Т.А. "Алғыс айту - ізеттілік белгісі" тақырыбында сынып сағатын өткізді.
    Сынып сағатының мақсаты: 1-сынып оқушыларын алғыс айтуға, үлкенді құрметтеуге, ата-ана мен ұстаз еңбегін бағалауға, мейірімді әрі әдепті болуға тәрбиелеу.
    Сабақ барысында балаларға Алғыс айту күні туралы түсінік беріліп, «алғыс» сөзінің мағынасы қарапайым тілмен түсіндірілді. Оқушылар ата-анасына, мұғаліміне, достарына алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді. Қызықты сұрақ-жауап, әңгімелеу арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтілді.
    Сынып сағаты балалардың бойында мейірімділік, сыйластық, ризашылық сезімдерін қалыптастыруға ықпал етті.
    https://www.facebook.com/share/p/1DbtRogrp5/

    «Алғыс – ізгі ниет»

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл‑Фараби атындағы орта мектебінде 7 «Ә» сынып оқушыларымен 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында «Алғыс – ізгі ниет» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
    Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, ризашылық білдіруге, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар алғыс сөздерінің мағынасы туралы ой бөлісіп, тақырыпқа байланысты жүрекжарды тілектерін жеткізді. Оқушылар бір-біріне ризашылықтарын білдірді.
    Сабақ соңында ұстаз оқушыларға алғыс айту – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі екенін түсіндіріп, әрдайым ізгі ниет пен сыйластықты сақтауға шақырды
    https://www.facebook.com/share/p/1EmpRbbZ9D/

    «Барлығына рахмет» тақырыбында ерекше челлендж

    Әл-Фараби орта мектебінде 1 Наурыз алғыс айту күні қарсаңында 6Ә сынып оқушылары «Барлығына рахмет» тақырыбында ерекше челлендж ұйымдастырды. Мақсаты: оқушылардың бойында ризашылық, ізгі ниет, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру.
    Челлендж барысында оқушылар мен ұстаздарға арнайы дайындалған ашық хаттар таратылды. Әр ашық хаттың ішінде жылы лебіздер мен алғыс сөздер жазылды. Оқушылар бір-біріне «Рахмет», «Алғысым шексіз», «Сізге мың алғыс!» деген жүрекжарды тілектерін білдірді.
    Сонымен қатар, тәттілер ұсынылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Бұл шағын сыйлықтар адамдардың бір-біріне деген құрметін арттырып, мерекелік атмосфера қалыптастырды.
    https://www.facebook.com/share/p/1XgYXkrfWq/

    «Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару»

    Шу ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің 24.02.2026 жылғы 27-31-11/59И хатына сәйкес 25 ақпан күні сағат 11:00де Әл-Фараби атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған «Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару» ұранымен сейсмикалық оқу жаттығуы өткізілді.
    Дабыл қағу барысында мектептің азаматтық қорғаныс штабының талаптары орындалды, оқу-жаттығу барысында мұғалімдердің өрт қауіпсіздігі кезінде оқушыларды қауіпсіз жерлерге эвакуациялауына қадағалау жасады. Құтқару топ ғимараттағы жарақаттанушыларды эвакуациялады, оларға алғашқы көмек көрсетілді. Мұғалімдер азаматтық қорғаныс штаб басшысына есептерін берді.
    Мектепте өткізілген оқу-жаттығу қанағаттанарлық деңгейде өткізілді.
    Қатысқан жұмысшылар саны: 75
    Қатысқан оқушылар (балалар) саны: 270
    https://www.facebook.com/share/p/1AbPXLTR2x/

    «Ханталапай» ойынымен таныстыру

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде тәрбиешісі Буйенбаева Н.К. 2026 жылдың 20 ақпан күні өз сыныбымен «Адал азамат – Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған тағылымды іс-шара өткізді.
    Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды қазақ халқының ұлттық мұрасы болып саналатын «Ханталапай» ойынымен таныстыру, олардың ептілік, жылдамдық, мергендік қабілеттерін және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Сонымен қатар ойын барысында балалардың зейінін шоғырландыру, логикалық ойлау қабілетін арттыру, шапшаң шешім қабылдауға үйрету және ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру көзделді.
    Шара барысында оқушылар ұлттық ойынның шығу тарихымен, ережелерімен танысып, жоғары қызығушылықпен қатысты. Ойын кезінде ұйымшылдық, әділдік, батылдық, тапқырлық қасиеттері айқын көрінді. Балалар бір-біріне қолдау көрсетіп, достық қарым-қатынас пен сыйластық мәдениетін нығайтты.
    «Ханталапай» ойыны арқылы оқушылар ата-баба дәстүрін, ұлттық салт-сананы құрметтеуге, рухани байлықты бағалауға тәрбиеленді. Осындай ұлттық бағыттағы тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерді сіңіріп, саналы да тәрбиелі «Адал азамат» қалыптастыруға ықпал етеді.
    https://www.facebook.com/share/v/17yVFRDsZ9/

    "Жыр алыбы -Жамбыл"

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 4 "Ә" сынып жетекшісі: Асанова Б.С.23.02.2026 ж. "Жыр алыбы -Жамбыл" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Мақсаты: балаларға жүз жасаған жыр алыбы туралы түсінік беру.Өлеңдерін тыңдату,оқыту арқылы ойлау қабілеттерін,өз ойларын нақты, еркін жеткізе білуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Жамбыл өлеңдері арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып,қазақ тіліне деген,өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.Патриоттыққа тәрбиелеу.Тәрбие сағаты барысында оқушыларға қазақтың жыр алыбы жайлы слайд көрсетіліп,тереңінен мағлұмат берілді.Оқушылар өлеңдерін жатқа оқып, өмірбаяны мен танысты.Жамбыл Жабаев — қазақтың атақты ақыны, жыршы. Ол 1846 жылы дүниеге келген. Жамбыл атамыз халықтың қуанышы мен қайғысын өлеңмен жеткізген.
    Ол домбырамен айтысқа қатысып, көпшілікке танымал болған. Жамбылдың өлеңдері Отанды сүюге, елді қорғауға, жақсы адам болуға шақырады.
    Қазақ халқы Жамбылды ұлы ақын ретінде құрметтейді,атамыз халықтың қуанышы мен қайғысын өлеңмен жеткізген.
    Ол домбырамен айтысқа қатысып, көпшілікке танымал болған. Жамбылдың өлеңдері Отанды сүюге, елді қорғауға, жақсы адам болуға шақырады. Қазақ халқы Жамбылды ұлы ақын деп,құрметтейді.Жамбыл Жабаев - 100 жасаған ақын.
    https://www.facebook.com/share/p/18LDwXun4y/

    Эко-волонтерлік жоба

    Әл-Фараби атындағы орта мектептің 9 “Ә” сынып оқушылары Эко-волонтерлік жоба аясында қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосу мақсатында құрылыс қалдығы – пеноплексті қайта пайдаланып, тау макетін жасады. Бұл жұмыс арқылы қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу мәдениетін насихаттауды көзделді.
    Пеноплекс – құрылыс саласында жылу оқшаулағыш ретінде қолданылатын материал. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін оның қалдықтары көбіне қоқысқа тасталады. Сол қалдықтарды жинап, оларды шығармашылық жұмысқа пайдалану арқылы табиғатқа зиянды азайтуды мақсат ету арқылы тау макеті жасалды.
    Тау макетін жасау барысында пеноплекстің жеңіл әрі өңдеуге ыңғайлы екені анық байқалды. Оны кесіп, пішін беріп, бояу арқылы табиғи таудың бейнесін жасалды. Жобамыз арқылы оқушылар экологиялық ойлау қабілетін дамытып, қалдықтарды тиімді пайдаланудың маңызын түсінді.
    Бұл бастама – табиғатты қорғауға бағытталған шағын болса да маңызды қадам. Оқушылар болашақта да экологиялық жобаларға белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосатынына сенеміз.
    https://www.facebook.com/share/v/186odGeoqP/

    «Қазақшаңыз қалай?» атты сыныптан тыс іс-шара

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Дүйсекеева мен А.Джуманбаева өзге ұлтты оқушылар мен мұғалімдер арасында «Қазақшаңыз қалай?» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.
    Іс-шараның мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту және тіл мәдениетін қалыптастыру болды.
    Шара барысында оқушылар түрлі кезеңдер бойынша сайысқа түсіп, мақал-мәтелдер жалғастыру, жаңылтпаш айту, сурет бойынша әңгіме құрау, қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетіп, қызықты тапсырмалар орындады. Әр кезеңде оқушылар белсенділік танытып, тапқырлықтары мен білімдерін көрсетті.
    Сайыс соңында үздік өнер көрсеткен оқушылар марапатталып, барша қатысушыларға алғыс айтылды. Іс-шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, оқушыларға үлкен әсер қалдырды.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1957013558357063/

    Жол белгілері және олардың мақсаты

    Шу ауданы білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебінде»«Жол белгілері және олардың мақсаты» тақырыпта 5 «Ә» сыныбында жол жүру ережелері мен мектептегі қауіпсіздік талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Іс-шара барысында оқушыларға жолды тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өту, бағдаршамның жасыл шамы жанғанда ғана жүру, көлік жүретін жолда ойнамау керектігі ескертілді. Сонымен қатар, құлаққап тағып немесе телефонға алаңдап жолдан өтудің қауіпті екені жан-жақты түсіндірілді.
    Мектеп ішіндегі қауіпсіздік ережелері де назардан тыс қалмады. Дәлізде жүгірмеу, сатымен абайлап жүру, электр құралдарына тиіспеу, мұғалімнің нұсқауын орындау – әр оқушының басты міндеті екені айтылды.
    Балалар қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсініп, өз өмірлері мен айналасындағы адамдардың өміріне жауапкершілікпен қарау керектігін ұғынды.
    ✅ Жол белгілерін білу
    ✅ Жол жүру ережелерін сақтау
    ✅ Мектептегі қауіпсіздік талаптарын орындау
    Өз өміріңді және өзгелердің өмірін қорғау – әрбір адамның азаматтық борышы!
    https://www.facebook.com/share/p/1ENGbGuzzU/

    Мен оқыған бір кітап

    Шу ауданы Білім бөлімі Әл-Фараби мектебі.Балалар кітапханасында жоба аясында педагог ұйымдастырушы Бакбергенова Г.Б мен кітапханашылар М.О.Есенкулова және Өктембай А.ұймдастыруымен
    «Мен оқыған бір кітап» іс-шараның өткізді.
    🎯 Мақсаты:
    Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, оқыған шығармасы бойынша пікір алмасу мәдениетін қалыптастыру. Қатысушылар:2 сынып оқушылары
    📝 Іс-шара барысы:
    Кітапхана жобасы аясында ұйымдастырылған бұл шараға оқушылар белсенді қатысты. Әр қатысушы өзі оқыған бір кітапты таңдап, мазмұнын қысқаша таныстырып, кейіпкерлеріне мінездеме берді және шығармадан алған әсерімен бөлісті.
    Оқушылар қазақ және әлем әдебиеті шығармаларын таныстырды. Атап айтқанда:
    Бердібек Соқпақбаев – «Менің атым Қожа"
    Три медведя ертегісі
    Танымал ертегілер –Бұл дүниеде не қымбат «Кішкентай ханзада»
    Ыбырай Алтынсарин – әңгімелері
    Шара барысында:
    Кітап көрмесі ұйымдастырылды
    Сұрақ-жауап кезеңі өткізілді
    Үздік кітап таныстырылымы анықталды
    Белсенді оқушылар марапатталды
    🌟 Қорытынды:
    Іс-шара оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Балалар өз ойларын еркін жеткізіп, кітап оқу мәдениетінің маңыздылығын түсінді.
    https://www.facebook.com/share/p/1BtJTBsgE2/

    Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 1 "ә" сынып жетекшісі Т.А.Джобалаева оқушылармен Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай сынып сағатын өткізді.
    Мақсаты: оқушыларды қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырып,ақын өлеңдері арқылы балалардың туған елге, халық мұрасына деген сүйіспеншілігін арттыру; оқушыларды адамгершілікке, достыққа, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
    Сынып сағатында Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Оқушылар ақынның суретімен танысты, өлеңдерінен үзінділер тыңдады. Іс-шара барысында балалар ақынның елін, жерін жырлағанын білді. Сынып сағаты тәрбиелік мәні жоғары, қызықты өтті.
    https://www.facebook.com/share/v/16wsn7Q5vD/

    Классный час на тему «Я талантлив»

    Цель мероприятия — формирование у обучающихся уверенности в себе, развитие самооценки и раскрытие индивидуальных способностей каждого ребёнка. В ходе классного часа ребята обсудили понятие «талант», поделились своими увлечениями и достижениями, приняли участие в интерактивных упражнениях и мини-презентациях «Мои способности и успехи».
    Обучающиеся активно включались в беседу, приводили примеры талантливых людей, рассуждали о том, как развивать свои способности через труд, настойчивость и стремление к самосовершенствованию. Особое внимание было уделено тому, что каждый человек уникален и обладает своими сильными сторонами.
    Мероприятие прошло в доброжелательной и творческой атмосфере, способствовало сплочению коллектива и повышению мотивации к личностному росту и развитию.
    https://www.facebook.com/share/p/18C916GrZZ/

    Баскетболдан мектепішілік жарыс

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай 6-7 сыныптар арасында дене шынықтыру пәні мұғалімі А.М. Дуйсебаев 2026 жылдың 14 ақпан күні баскетболдан мектепішілік жарыс өткізді. Жарыс ұлдар мен қыздар арасында айналмалы жүйемен бөлек өткізілді. Жарысқа ұлдардан 6Ә, 7А, 6А, 7Б, ал қыздардан 6Ә, 7Б, 7Ә командалары қатысты. Жарыстың алдында Дуйсебаев А.М. оқушыларды Жамбыл Жабаевтың өмір баянымен қысқаша таныстырып өтті. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған командалар орындарына сай дипломдармен марапатталды.
    Ұлдар:                                   Қыздар:
    І орын – 6Ә                            І орын - 6Ә
    ІІ орын – 7Ә                           ІІ орын – 7Б
    ІІІ орын – 7А                          ІІІ орын – 7Ә
    Жарысты ұйымдастырып өткізген Әл-Фараби орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дуйсебаев.
    https://www.facebook.com/share/p/1BzjTx2Ans/

    Мектеп асханасында бракераж комиссиясының кезекті тексеруі өтті

    2026 жылдың 13 ақпан күні Әл-Фараби атындағы орта мектебінде бекітілген жоспарға сәйкес мектеп асханасында бракераж комиссиясының кезекті тексеруі жүргізілді.
    Тексеру барысында оқушыларға ұсынылатын ыстық тамақтың сапасы, ас мәзірінің талапқа сай ұйымдастырылуы және асхананың санитарлық жағдайы жан-жақты сарапталып, мониторинг жасалды.
    🔎 Комиссия төмендегі бағыттар бойынша бақылау жүргізді:
    📍 Ас блогы мен асхана жұмысын ұйымдастыру деңгейі;
    📍 Тамақ өнімдерінің сапасы;
    📍 Өнімдерді тасымалдау, жеткізу, түсіру және сақтау талаптарының сақталуы, жарамдылық мерзімдері;
    📍 Тағамдардың көршілестік қағидаларына сай сақталуы (шикі және дайын өнімдердің бөлек орналастырылуы);
    📍 Тағам дайындау сапасы;
    📍 Ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена талаптарын сақтау деңгейі.
    👩🏻‍🍳 Тексеру қорытындысы:
    Асханадағы тағам сапасының талапқа сай екендігі және санитарлық-гигиеналық жағдайдың тиісті деңгейде сақталғаны анықталды.
    📑 Бракераж комиссиясы алдағы уақытта да бекітілген кестеге сәйкес мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп, асхана қызметін қатаң бақылауда ұстайтын болады.
    https://www.facebook.com/share/v/18APD37xjG/

    Салауатты өмір салты

    Салауатты өмір салты – адамның ұзақ әрі бақытты өмір сүруінің басты кепілі. Оның негізінде дұрыс тамақтану мәдениеті жатыр. Дұрыс әрі құнарлы тағам ағзаның қалыпты қызмет етуіне жағдай жасап, күш-қуат береді және түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі. Сондықтан күнделікті ас мәзіріне жауапкершілікпен қарау – әр адамның өз денсаулығына жасаған қамқорлығы.
    Дұрыс тамақтанудың негізгі ережелері:
    Теңгерімді рацион:
    Күнделікті тағам құрамында ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен минералдар жеткілікті мөлшерде болуы тиіс. Ағзаға пайдалы табиғи өнімдерді тұтыну зат алмасуды жақсартып, дененің дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді.
    Режимді сақтау:
    Күніне 3–4 рет, аз-аздан және белгілі бір уақытта тамақтану ас қорыту жүйесінің қызметін жақсартады. Таңғы асты өткізіп алмау – күнді сергек бастаудың кепілі.
    Әртүрлілік:
    Мәзірде көкөністер, жемістер, дәнді дақылдар, ет және сүт өнімдері міндетті түрде болуы қажет. Әртүрлі тағам түрлері ағзаны қажетті қоректік заттармен толық қамтамасыз етеді.
    Зиянды тағамдардан бас тарту:
    Тез дайындалатын тағамдар (фастфуд), газдалған сусындар, қуырылған және шектен тыс тәтті тағамдарды азайту керек. Олардың орнына табиғи, жаңа дайындалған тағамдарды таңдаған дұрыс.
    Сонымен қатар, жеткілікті мөлшерде таза су ішу, артық тамақтанбау және белсенді өмір салтын ұстану да дұрыс тамақтанудың маңызды бөлігі болып табылады. Дұрыс тамақтану – бұл тек денсаулық кепілі ғана емес, сонымен қатар жақсы көңіл-күй мен жоғары өмір сапасының негізі.
    https://www.facebook.com/share/p/18DegcWQrP/

    Ауғанстан – қасірет пен тағзым

    Шу ауданы білім бөлімінің «Әл-Фараби» атындағы орта мектебінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай «Ауғанстан – қасірет пен тағзым» атты тағылымды кездесу кеші өтті.
    Бұл – тарих бетінде өшпес із қалдырған, талай ананың көз жасына, талай отбасының қайғысына айналған қасіретті жылдарды еске алу күні. Бұл – ерлікке тағзым ету күні.
    Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Шамшура А.И. және Жақыбаев М.Ә. арнайы шақырылып, оқушылармен жүрекжарды әңгіме өрбітті. Олар от пен оқтың ортасында өткен жастық шақтары, қаруластарын жоғалтқан ауыр сәттері, елге деген сағыныш пен сарқылмас үміт туралы тебірене баяндады. Әрбір айтылған естелік – тарихтың тірі куәсіндей әсер етті.
    Кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, «Кебенек» фильмінен сахналық қойылым ұсынылды. Жүрек тебірентерлік көріністер мен оқылған жыр-шумақтар жас ұрпақтың бейбіт өмірдің қадірін терең түсінетініне дәлел болды. Залда үнсіздік орнаған сәттерде ерлікке деген құрмет пен тағзым айқын сезілді.
    Бұл кездесу – тек естелік емес, бұл – тәрбие. Бұл – бейбіт өмірдің бағасын ұғындыру. Батырлар ерлігі – мәңгілік. Олар көрсеткен қайсарлық пен отансүйгіштік жас ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала бермек.
    Ерлік ешқашан ұмытылмайды.
    Тағзым – жүректен.
    https://www.facebook.com/share/p/18GPf25C5C/

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру