Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    «Дебат» клубының мүшелері арасында өзекті тақырыптар

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің ӘЛ-Фараби атындағы орта мектебінде 5–7 сынып «Дебат» клубының мүшелері арасында өзекті тақырыптарды қамтыған пікірталас ұйымдастырылды. Пікірсайыс барысында оқушылар қоғамда жиі талқыланатын мәселелер бойынша өз көзқарастарын білдіріп, дәлелді ой айтуға, қарсы тараптың уәжіне жауап беруге машықтанды.
    Пікірталасқа төмендегі БП форматындағы қарарлар ұсынылды:
    1-қарар: «Жасанды интеллект мұғалімдерді алмастыра алады ма?»
    2-қарар: «Мектеп формасы қажет пе, әлде әркім өз стилімен жүргені дұрыс па?»
    3-қарар: «Әлеуметтік желі жастарға көбірек пайда ма, әлде зиян алып келеді ме?»
    Пікірсайыс барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, логикалық дәлелдер келтіре білді. Іс-шара оқушылардың сыни ойлау, шешендік сөйлеу, командада жұмыс жасау дағдыларын дамытуға үлкен үлес қосты. Пікірталас тартысты әрі мазмұнды өтті.
    https://www.facebook.com/share/v/1EEDvEaDMs/

    Оян, қазақ, ойлан, қазақ!

    Жамбыл облысы Шу ауданы Әл-Фараби атындағы орта мектебінде Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Оян, қазақ, ойлан, қазақ!» тақырыбында мектепішілік пікірсайыс турнирі ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тартысты өтті.
    Зияткерлік сайысқа барлығы 5 фракция қатысып, оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелді пікір айтуда белсенділік танытты. Ұлт тағдыры, елдік сана, азаматтық жауапкершілік сынды өзекті мәселелер қозғалып, қатысушылардың шешендік қабілеті мен сыни ойлау дағдылары айқын көрінді.
    Тартысты өткен пікірталас нәтижесінде 9 «ә» сыныбының «Айбар» фракциясы жеңімпаз атанып, аудандық пікірсайысқа жолдама алды.
    Жекелеген номинациялар бойынша:
    10 «ә» сыныбының «Сақ» фракциясының спикері Меліс Томирис – «Үздік спикер»;
    7 «ә» сыныбының «Сұңқар» фракциясының спикерлері – «Жас спикерлер»;
    8 «ә» сынып оқушысы Меліс Нұрлайым – «Қайсар спикер»;
    9 «ә» сыныбының «Жас Алаш» фракциясы – «Белсенді фракция» номинациясын иеленді.
    Іс-шара оқушылардың құқықтық, азаматтық көзқарасын қалыптастырумен қатар, ұлттық рухты көтеруге, сөз мәдениетін дамытуға зор үлес қосты.
    Аталған пікірсайыс турнирін ұйымдастырып, жас дебаткерлердің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға үлес қосқан «Дебат» үйірмесінің жетекшісі Б.Тастанбекова.

    https://www.facebook.com/share/p/1DAe1nrdmN/

    Тәуелсіздік тұғырым

    Жамбыл облысы Шу ауданы әл-Фараби атындағы орта мектебінде
    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік қүні қарсаңына орай
    «Әдебиет әлемі» үйірме жетекшісі А.К.Джуманбаева, кітапхана меңгерушілері Ө.М.Есенкулова , А.Н.Өктембай және аға –тәлімгер Ш.А.Батырхан, Б.А.Махмутованың ұйымдастыруымен
    «Тәуелсіздік тұғырым » атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты:оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тарихын терең түсіндіру.Елін, жерін сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
    Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталып, мектеп директоры Ж.У.Алиаскаровқа құттықтау сөзі берілді.
    Оқушылар тәуелсіздік тақырыбына арналған көріністер қойып, өлеңдер оқыды, «Тәуелсіз Қазақстанның даму кезеңдері» атты слайд көрсетіліп, қысқаша тарихи мәліметтер беріліп, оқушыларға рухани тәрбие беруге бағытталды. Қатысушылар ел тарихына деген қызығушылықтарының артқанын және тәуелсіздіктің қадірін түсінгендерін атап өтті.
    Тәуелсіздік туы-халқымыздың асқақ рухы мен еркіндігінің нышаны.
    Қазақ елі мәңгі жасасын!
    https://www.facebook.com/share/p/1Ai9mPH9js/

    Мен кітаппен бірге өсемін

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімі әл-Фараби орта мектебінде 5-қараша күні
    кітапхана меңгерушілері Есенкулова М .О,Өктембай А.Н және «Әдебиет әлемі» үйірмесінің жетекшісі А.К .Джуманбаеваның ұйымдастыруымен «Мен кітаппен бірге өсемін» тақырыбында байқау өткізілді.
    Мақсаты: оқушыларға кітап оқудың қаншалықты маңызды екенін ұғындыра отырып,ізденімпаз,ойшыл ,мәдениетті етіп тәрбиелеу.
    Байқау барысында 6 Ә оқушылары өздері оқыған шығармалары туралы эссе жазып,қорғап шықты. Байқауда өзінің жазған жұмысымен көзге түскен Мақсатхан Әди жүлделі бірінші орынға ие болса, екінші орынға Әнепия Айым, үшінші орынға Жамбыл Інжу иеленді.Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.Кітап оқу-рухани байлық, өмірлік ұстаным.
    https://www.facebook.com/share/p/17uRcSG9tN/

    Әдебиет әлемінде

    Жамбыл облысы Шу ауданы әл-Фараби мектебінде 28- қараша күні
    «Әдебиет әлемі» үйірмесінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған "Әдебиет әлемінде" тақырыбында танымдық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты : оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, жазушы-ақындардың мұраларын танып білу және өз ойын еркін жеткізуге үйрету.
    Сабақ барысында үйірме жетекшісі А.К.Джуманбаева қазақ әдебиетінің классиктері туралы қысқаша мәлімет беріп, олардың шығармаларынан үзінділер оқылды. Оқушылар сүйікті авторлары жайлы пікірлерімен бөлісіп, шағын топтарда талдау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар оқушылар өздері жазған өлеңдері мен шағын әңгімелерін оқып, шығармашылық таланттарын көрсетті. Үйірме жұмысы оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың ой-өрісін кеңейтуге, сөздік қорын байытуға үлкен ықпал етті.

    https://www.facebook.com/share/p/17vfZrgYzP/

    Егемен ел тарихы: деректер мен зерттеулер

    25-қазан — Республика күніне орай мектебімізде «Егемен ел тарихы: деректер мен зерттеулер» тақырыбында оқушылар арасында пікірсайыс өтті. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың танымдық көзқарасын кеңейтіп, ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениеті мен сыни ойлау қабілеттерін дамыту болды.
    Пікірсайысқа үш команда қатысып, өздерінің білімін, шешендік қабілетін және ой ұшқырлығын көрсетті. Қатысушылар тарихи деректер мен зерттеулерге сүйене отырып, еліміздің егемендікке жету жолындағы маңызды кезеңдерге талдау жасады.
    Нәтижесінде:
    1-орынды 9-сыныптың «Бейбіт» фракциясы иеленді;
    2-орын — 7-сыныптың «Асыл жүрек» фракциясына бұйырды;
    3-орынды — 8-сыныптың «Парасат» фракциясы жеңіп алды.
    Ал «Үздік спикер» номинациясын 8-сынып оқушысы Меліс Нұрлыайым мен 9-сынып оқушысы Әнепия Адиля иеленді.
    Төрешілік еткендер: мектеп президенті Каримова Айша, мектептегі дебат қозғалысының министрі Шымболат Зере, және «Дебат» клубының жетекшісі Б.Тастанбекова.
    Іс-шара оқушыларға өз ойларын еркін жеткізіп, пікір алмасуға, топ алдында өзін сенімді ұстауға үлкен мүмкіндік берді. Мұндай пікірталастар жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және ел болашағына бейжай қарамайтын тұлға болып өсуіне жол ашады.
    https://www.facebook.com/share/v/1AF753ri7i/

    Экологиялық жауапкершілік және табиғатты қорғау

    Әл-Фараби атындағы мектепте "жас флорист үйірмесінің қатысушыларымен "Экологиялық жауапкершілік және табиғатты қорғау" тақырыбында сынып сағаты өтті.
    Мақсаты — оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
    Сынып сағаты барысында оқушылар табиғатты қорғау барысында мектеп дәлізіндегі гүл көшеттерінің топырағын және құмыраларын ауыстырып, мектеп дәлізінің гүлденуіне өз үлестерін қосты
    https://www.facebook.com/share/v/17rAZbwTca/

    «Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы ерінбе...» тақырыбында әдеби -сазды іс -шара ұйымдастырылды.

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 15 қазан күні
    «Әдебиет әлемі» үйірме жетекшісі А.К.Джуманбаева және кітапхана меңгерушілері М.Ө.Есенкулова ,А.Н.Өскенбайдың ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерей тойы қарсаңында «Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы ерінбе...» тақырыбында әдеби -сазды іс -шара ұйымдастырылды.
    Мақсаты: оқушыларға ақынның рухани мұрасын дәріптеу,оның шығармаларын көпшілікке таныстыру,оқушылар арасында ойшылдық,білімге деген құмарлықтарын арттыру.
    Іс- шарада оқушылар ақынның қара сөздерін жатқа айтып,шығармаларыннан көрініс көрсетіп , өлеңдері оқылды. Іс- шараны мектеп директоры А.Ж.Ұзақбаев ашып берді.
    «Абай мұрасы - халқымыздың рухани байлығы»
    https://www.facebook.com/share/p/14Ys9FEKpGf/

    2025-2026 оқу жылында үйірмеге қатысатын оқушылар тізімі

    2025-2026 оқу жылында үйірмеге қатысатын оқушылар тізімі
    Құжатты ашу
    2025-2026 оқу жылында үйірмеге қатысатын оқушылар тізімі
     

    2025-2026 оқу жылына үйірме жетекшілерін бекіту туралы бұйрық

    2025-09-02
    2025-2026 оқу жылына үйірме жетекшілерін бекіту туралы бұйрық
    Құжатты ашу
     

    2025-2026 жылдық үйірме жетекшілерінің сапалық құрамы

    2025-2026 жылдық үйірме жетекшілерінің сапалық құрамы
    Құжатты ашу
     

    2025-2026 ж. мектепшілік үйірмелер өту кестесі

    2025-2026 ж. мектепшілік үйірмелер өту кестесі
    Құжатты ашу
     

    Әл -Фараби атындағы орта мектебі "В мире сказок" атты үйірмесінің жетекшісі Г.Б.Бакбергенова оқушыларымен орыс халқының "Заюшкина избушка"атты ертегісін сахналады.

    Әл -Фараби атындағы орта мектебі "В мире сказок" атты үйірмесінің жетекшісі Г.Б.Бакбергенова оқушыларымен орыс халқының "Заюшкина избушка"атты ертегісін сахналады.
    Мақсаты: жас оқырмандардың ертегілер туралы білімін тереңдету, ертегіні сахналау барысында кейіпкердің мінез - құлқын жеткізе білу, сөз мәнерін қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сонымен қатар жас оқырмандарымыздың бойындағы құндылықтарды ертегінің көмегі арқылы шыңдау, шығармашылықпен жұмыс жасауға шақыру.
    Бұл іс-шара білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға, халық ертегілерімен танысуына және театр өнеріне қызығушылықтарын арттыруға бағытталды. Балалар қызыға көріп, тамашалады.
    https://www.facebook.com/share/p/1CYA2w2TF8/

    "Ертегілер әлемінде" атты үйірмесінің оқушылары,жетекшісі Г.Б.Бакбергенова "Театрдың ғажайып әлемі"театр өнерінің аудандық фестиваль- байқауына "Драмалық спектакль"номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің "Ертегілер әлемінде" атты үйірмесінің оқушылары,жетекшісі Г.Б.Бакбергенова "Театрдың ғажайып әлемі"театр өнерінің аудандық фестиваль- байқауына "Драмалық спектакль"номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.Оқушылар "Аң патшасы -арыстаның шипасы" атты музыкалық қойлымды сахналады.Балалар жас ерекшеліктеріне сай рөлдерді жақсы сомдап шықты.
    Рөлдерде ойнаған:
    Арыстан-Жұмаділ Мансұр
    Түлкі -Хаким Айзере
    Қоян-Әнепия Айым
    Қасқыр-Батырхан Айша
    Аю-Халық Нұрдаулет
    Қарға-Бахытжан Айым
    https://www.facebook.com/share/p/18qzSH61NA/

    Дебат" үйірмесінің жетекшісі Б.Тастанбекова мен мектеп тәлімгері Ә.Батырхан " Ұшқыр ой алаңы" зияткерлік ойынын өткізді.

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Дебат" үйірмесінің жетекшісі Б.Тастанбекова мен мектеп тәлімгері Ә.Батырхан " Ұшқыр ой алаңы" зияткерлік ойынын өткізді. Ойынның мақсаты:
    логикалық және сыни ойлауды дамыту, жылдам және нақты жауап беру дағдысын қалыптастыру.
    Ойынға 13 оқушы қатысты. Ойын кезеңдері:
    1. Бастапқы сұрақтар – қатысушыларды іріктеу.
    2. Негізгі айналым – интеллектуалдық сайыс, мұнда әртүрлі тақырыптар бойынша сұрақтар қойылды.
    3. Финалдық кезең – ең үздік ойыншылар бәсекелесті.
    Зияткерлік ойында Төрехан Айжан- 1 орын, Ажимұратұлы Ахмет-2орын, Шынболат Зере-3 орынға иә болды.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1670508710340884/?rdid=wpkCA2fxK3FtPut1&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F17xjDb49Vt%2F#

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінің “Я и мир” үйірме жетекшісі Раимбаева Улдана Серикбаевна оқушылармен “Действуем по сигналу SOS” тақырыбында оқушылармен дөңгелек үстел өткізді.

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінің “Я и мир” үйірме жетекшісі Раимбаева Улдана Серикбаевна оқушылармен “Действуем по сигналу SOS” тақырыбында оқушылармен дөңгелек үстел өткізді.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1666224764102612/?rdid=pRtosidNh60in3iN&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F19i91zNcJ3%2F#

    8 "Ә" сынып оқушысы Каримова Айша "Жас флорист" үйірмесінің жетекшісі Д.Т. Абдрахманованың жетекшілігімен аудандық eco scinse тақырыбындағы экологиялық ғылыми жобалар байқауы

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектептің 8 "Ә" сынып оқушысы Каримова Айша "Жас флорист" үйірмесінің жетекшісі Д.Т. Абдрахманованың жетекшілігімен аудандық eco scinse тақырыбындағы экологиялық ғылыми жобалар байқауына қатысып, "Табиғи биогумустың өсімдіктіктің өсуіне әсері" тақырыбында жоба ұсынып, мақсаты мен күтілетін нәтижелерімен бөлісіп, ІІІ ші орынды иеленді.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1662837927774629/?rdid=dK56OXVaeIPMVpTJ&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F18e9UyZe4e%2F#

    Шу ауданы Әл- Фараби атындағы орта мектепте "Робототехника" үйірмесі ұйымдастырылған

    Робототехника - жаңа талап , замануи білім. Қазіргі таңда балалардың IT саласына, роботтар жасауға, құрастыруға деген қызығушылығы ерекше. Шу ауданы Әл- Фараби атындағы орта мектепте "Робототехника" үйірмесі ұйымдастырылған. Үйірмеге 6-7 сыныптардан 45 оқушы қамтылған. Үйірме жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Исмайлова Д.К. Робототехника үйірмесінің мақсаты: робототехника құрал- жабдықтар көмегімен пайдалы дағдылар мен ғылыми- техникалық бағыттағы креативті шығармашылық ойлауды, сонымен қатар стандартты емес шешімдерді табу үшін ынталандыру және мотивациялық потенциалды жеке тұлғаны қалыптастыру. Міндеттері: оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсарту , оқушылардың сыни ойлау дағдыларын арттыру. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында "Робо турнир" байқауы ұйымдастырылып , нәтижесінде жеңімпаздар марапатталды. "Робототехника" үйірмесінде "Жанасу датчигі" тақырыбында ашық сабақ өтіп, шәкірттердің шығармашылығын шыңдауда үйірме жетекшісі жан-жақты мәлімет берді. Құрастыру , модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану оқушының түрлі салалардағы қызметін жеңілдету және жақсарту қажетті құрал-жабдықтар жасауға үйренді. Бір сөзбен айтқанда, әр үйірменің атқарар рөлі зор. Әр баланың бойындағы талантты тауып, шығармашылыққа баулу.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1661609724564116/?rdid=GrPUBeA3dQ97dPrW&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fv%2F14RnfxnX2Q%2F#

    Заң және тәртіп" айлығы аясында "Дебат" үйірмесінің жетекшісі Б.Тастанбекова 8-9 сынып оқушыларымен "Жасөспірімдердің міндеттері мен құқықтары " тақырыбында жолдастық кездесу өткізді

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Заң және тәртіп" айлығы аясында "Дебат" үйірмесінің жетекшісі Б.Тастанбекова 8-9 сынып оқушыларымен "Жасөспірімдердің міндеттері мен құқықтары " тақырыбында жолдастық кездесу өткізді.
    Мақсаты: жасөспірімдер арасында құқықтары мен міндеттері туралы түсінікті кеңейту, өз ойларын жеткізу қабілетін дамыту және жолдастық қарым-қатынасты нығайту.
    Әр командаға өз ұстанымдарын қорғауға 5-7 минут уақыт берілді. Қарсы тараптың сұрақтарына жауап беру үшін қосымша 3-5 минут бөлінді. Әр команда өз ұстанымын қысқаша таныстырып, аргументтер мен нақты мысалдарды келтірді.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1661569151234840/?rdid=MCrAoXkXAiZGP1IE&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fv%2F18TbnTazRw%2F#

    "Ертегілер әлемінде" үйірмесінің жетекшісі Бакбергенова Г.Б.мен оқушылар орыс халқының "Үйшік" атты ертегісін сахналады

    "Ертегілер әлемінде" үйірмесінің жетекшісі Бакбергенова Г.Б.мен оқушылар орыс халқының "Үйшік" атты ертегісін сахналады.
    Мақсаты: оқушылардың ертегілер туралы білімін тереңдету, ертегіні сахналау барысында кейіпкердің мінез - құлқын жеткізе білу, сөз мәнерін қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сонымен қатар оқушылардың бойындағы құндылықтарды ертегінің көмегі арқылы шыңдау, шығармашылық пен жұмыс жасауға шақыру. Бұл сахналық қойылымда

    "Волейбол" секциясының жетекшісі Б.Тастанбеков 7-8 сынып оқушылары арасында достық кездесу

    Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылы Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Волейбол" секциясының жетекшісі Б.Тастанбеков 7-8 сынып оқушылары арасында достық кездесу өткізді.
    Волейболдан ұлдар және қыздар арасында жарыс – бұл спорттық іс-шара, онда екі топ өзара жарысып, волейбол шеберлігін көрсетеді.
    Жарыстың мақсаты – жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың шеберлігін шыңдау және салауатты өмір салтын насихаттау.
    Қатысушылар: ұлдар және қыздар командалары.
    Формат: әр команда алдын ала жеребе тарту арқылы жұптасып, бірнеше кезеңде ойнады.
    Ережелер: халықаралық волейбол ережелері негізінде өтті.
    Нәтижесі:
    Қыздар арасындағы жеңімпаз команда ерекше үйлесімділік пен шабуыл тактикасын көрсетті.
    Ұлдар арасындағы чемпиондар мықты қорғаныс және шебер комбинациялар арқылы жеңіске жетті.
    Қорытынды:
    Бұл жарыс қатысушылардың командалық рухын арттырып, спорттық қабілеттерін дамытты. Сонымен қатар, жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1640652169993205/?rdid=BLF7VkrP5MBrwo8f&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fv%2F1XSct79Sc7%2F#

    7-8 сынып оқушылары арасында «Ұялы телефонды мектепте пайдалануға рұқсат етілуі керек пе?» деген тақырыпта дебат өткізілді.

    Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылы Әл-Фараби атындағы орта мектебінде
    7-8 сынып оқушылары арасында «Ұялы телефонды мектепте пайдалануға рұқсат етілуі керек пе?» деген тақырыпта дебат өткізілді. Бұл пікірталас оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту және өз пікірін дәлелдеуге үйрету мақсатында ұйымдастырылды. Дебатқа екі команда қатысты: «Рұқсат етілсін» командасы (ұялы телефонды қолдануды қолдаушылар) және «Рұқсат етілмесін» командасы (қолдануға қарсы).
    Жағымды жақтың дәлелдері:
    1. Білім беру ресурстары: Ұялы телефондар арқылы интернетке қосылып, қосымша материалдар мен онлайн сабақтарға қатысуға мүмкіндік бар екені айтылды.
    2. Қауіпсіздік: Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыста болуы төтенше жағдайлар кезінде маңызды екені атап өтілді.
    3. Технологияны меңгеру: Ұялы телефондар оқушыларға заманауи технологияларды игеруге көмектесіп, болашаққа дайындықты қамтамасыз ететіні түсіндірілді.
    Теріс жақтың дәлелдері:
    1. Сабаққа назардың бөлінуі: Ұялы телефондар оқушылардың сабақ барысында ойындар ойнауы немесе әлеуметтік желілерде отыруына жағдай жасайтыны туралы айтылды.
    2. Зиянды контент: Интернет арқылы оқушылардың зиянды ақпаратқа тап болу қаупі бар екені түсіндірілді.
    3. Денсаулық мәселелері: Телефонды ұзақ уақыт пайдалану көру қабілетіне және жалпы денсаулыққа зиян келтіретіні мысалдармен көрсетілді.
    Дебат нәтижесі:
    Талқылау барысында екі жақ өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғап, қызықты пікір алмасты. Қорытынды сөзінде төреші ұялы телефонның дұрыс және тиімді пайдаланылуы оның зиянын азайтып, пайдасын арттыратынын атап өтті.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1640443623347393/?rdid=hwyKG4FMpbyfejka&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F164hiZYhRH%2F#

    Бастауыш сынып оқушылары арасында "Бауырсақ"ертегісіне қойылым

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде
    «Ертегілер әлемінде» үйірмесінің жетекшісі Г.Б.Бакбергенова білім алушылардың ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыра отырып оқушы бойындағы актерлік қабілеттерін анықтау,шығармашылық қабілеттерін дамыту,
    сахналай білуге талпындыру, кейіпкерлердің іс - әрекеті арқылы мінез - құлқын сезіндіру , адам бойына жат қасиеттерден арылту, тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу мақсатында бастауыш сынып оқушылары арасында "Бауырсақ"ертегісіне қойылым қойылды. Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін барынша тамаша сомдап шықты. Өздеріне ұнады.
    Ертегілер еліне саяхат жасау әрмен қарай өз жалғасын табатыны сөзсіз.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1633981550660267/?rdid=ozDdLwiVqeZoJL4z&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F15T2wpcp9f%2F#

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру