Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    Терроризм зардаптары

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 2026 жылғы 18 ақпан күні 8–11 сынып оқушылары арасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, деструктивті діни ағымдардың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Терроризм зардаптары» тақырыбында кең көлемді түсіндіру жұмыстары өткізілді.
    Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайларда саналы әрі жауапты шешім қабылдауға бағыт-бағдар беру.
    Іс-шара мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Д. Басжанова, мектеп инспекторы Тойбаев А.Қ. және сынып жетекшілерінің бірлесуімен ұйымдастырылды. Кездесу барысында терроризм ұғымы, оның қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін кері әсері, заң алдындағы жауапкершілік, радикалды идеологияның қауіптілігі жан-жақты түсіндірілді.
    Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі деструктивті ақпараттың зияны, интернет қауіпсіздігі, ақпараттық гигиена және жеке деректерді қорғау мәселелері кеңінен қозғалды. Оқушыларға тақырыпқа қатысты бейнероликтер көрсетіліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.
    Кездесу барысында психологиялық тұрақтылықты сақтау, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, көмек сұраудың тиімді жолдары және мектеп психологының қолдауына жүгіну мүмкіндіктері туралы маңызды ақпарат берілді.
    Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың саналы азамат болып қалыптасуына өз үлесін қосады.
    https://www.facebook.com/share/p/1AbQ2GZ1vJ/

    “Діни экстремизмнің алдын алу” тақырыбындағы кездесу

    “Діни экстремизмнің алдын алу” тақырыбындағы кездесу
    12 желтоқсан күні Әл -Фараби атындағы орта мектебінде Төле би ауылдық округінде "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған танымдық іс-шара өтті.
     Кездесу барысында қатысушыларға жат ағымдардың ықпалына түсудің қауіптілігі, діннің қоғамдағы рөлі мен адам өміріндегі маңызы туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастарды діни сауаттылыққа тәрбиелеу, ақпаратты дұрыс қабылдау және қауіп төндірген жағдайда тиісті органдарға жүгіну мәдениеті түсіндірілді.
    Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының Шу ауданы бойынша инспекторы, теолог Боранқұл Нұрдәулет, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары қатысты. Теолог маман жастардың сұрақтарына жауап беріп, бүгінгі қоғамдағы діни тұрақтылықтың маңыздылығын атап өтті.
    Жастардың діни сауатты, саналы және тұрақты көзқарас қалыптастыруы – қауіпсіз қоғамның кепілі.
    https://www.facebook.com/share/p/17oVHJZSY8/

    «Терроризм қоғам қауіпі», «Булинг және кибербуингпен күрес» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің, Әл -Фараби атындағы орта мектебінде 8-11 сынып оқушыларына, мектеп инспекторы Ж.Ораз және мектеп әкімшілігі 2023-2025 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің 31.11.2023ж № 748 қаулысына сәйкес «Терроризм қоғам қауіпі», «Булинг және кибербуингпен күрес» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    Қатысқан оқушылар саны: 85
    https://www.facebook.com/share/p/15UrochhsH/

    «Терроризм қоғам қауіпі», «Булинг және кибербуингпен күрес» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізілді.

    Әл -Фараби атындағы орта мектебінде, мектеп инспекторы Ж.Ораз және мектеп әкімшілігі 2023-2025 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің 31.11.2023ж № 748 қаулысына сәйкес «Терроризм қоғам қауіпі», «Булинг және кибербуингпен күрес» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізілді. Жиналыс барысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында: «Нашақорлық және токсикологиялық зиянды заттарды қолданудың алдын алу» жолында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    https://www.facebook.com/share/p/12JBZvCdfp8/

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру