Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    "Жүректен жүрекке"

    2026-02-27
    💖 «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ 💖
    Шу ауданы білім бөліміне қарасты Әл-Фараби атындағы орта мектебінің әлеуметтік педагогының ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы жоғары деңгейде өтті.
    Акцияның басты мақсаты – оқушылардың бойына мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін сіңіру, қамқорлық пен жанашырлық сезімін қалыптастыру, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету.
    Шара барысында оқушылар мен ұстаздар белсенділік танытып, шынайы ықыласпен қайырымдылық жасады. Әрбір берілген көмек, айтылған жылы сөз – мұқтаж жанға үлкен үміт пен сенім сыйлайды. Бұл акция оқушылардың жүрегіндегі ізгілік нұрын оятып, бір-біріне деген сыйластық пен бауырмалдықты арттырды.
    Қайырымдылық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Жақсылық жасау арқылы біз қоғамымызды мейірімге, бірлікке, татулыққа бастаймыз. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенеміз.
    Барша акцияға қатысқан оқушыларға, ата-аналарға және қолдау білдірген жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз!Құжатты ашу

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру