Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    1 қыркүйек – Білім күні

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтті.
    Мерекелік шараға саналы ғұмырын бала тәрбиесі мен білім беру ісіне арнаған ардагер ұстаздарымыз Алиев Усен Ибрагимович, Наджибова Зухра Махамматовна және Аскерова Назли Фазайровна құрметті қонақ ретінде қатысты.
    Салтанатты жиынды мектеп директоры Алиаскаров Жанат Узакпаевич ашып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Білім алушыларға сәттілік тілеп, заман талабына сай сапалы білім алып, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын саналы азамат болудың маңызын атап өтті.
    Бүгінде Әл-Фараби атындағы орта мектебі – жаңашылдыққа ұмтылған, білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, әр оқушының қабілетін дамытуға бағытталған заманауи білім ордасы. Мектеп ұжымы жаңа оқу жылын тың бастамалармен қарсы алып, білім сапасын арттыру мен оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау жолындағы жұмысын жалғастыра бермек.
    Жаңа оқу жылындағы алғашқы қоңырауды соғу мәртебесі 1-сынып оқушысы Абжанова Мариям мен 11-сынып оқушысы Гасанов Исмайлға бұйырды. Сыңғырлаған қоңырау үні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін білім әлеміне бастар жаңа жолдың, ал бітіруші түлектер үшін жауапты оқу жылының басталғанын білдірді.
    Жаңа оқу жылы барша ұстаздарымызға шығармашылық табыс, оқушыларымызға терең білім мен биік жетістіктер, ата-аналарымызға қуаныш әкелсін! Білім күні құтты болсын!
    https://www.facebook.com/share/v/1EQSZwYwzM/

    "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығына сыйлық

    26,11,2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде ашылған "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығына белгілі кәсіпкер, мектеп ата-анасы Омаров Қайрат Махмұтұлы өз атынан кілем сыйлады. ФОТО

    1-сыныпқа құжаттарды қабылдау

    АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! 
    "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
    "Әл- Фараби атындағы орта мектебі" КММ-не 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау 2024 жылдың 1 сәуірінен басталып, ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін жүргізілетінін ескертеміз.
    2024-2025 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады.
    ✅Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданады.
    ✅Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
    Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
    • Ата-ананың өтініші;
    • “Бала денсаулығының паспорты “ 052-2/у нысанды анықтама ;
    • 3*4 екі фотосурет.
    Мектепте өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды.
    Мектептің мекен жайы:
    Төле би ауылы
    Ахметжан Мамбетаев көшесі №10
    тел: 8(72638)3-17-89

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру