Әл-Фараби атындағы орта мектебінде ДҚТІЖО және мектеп инспекторы Тойбаев А.Қ.-ның қатысуымен сынып жетекшілерімен құқықтық насихат бағытында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында:
Оқушылардың мектеп формасын талапқа сай киюі
Сабақтан себепсіз қалудың алдын алу
Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері
Ата-аналардың заң алдындағы жауапкершілігі
Мектептің ішкі тәртіп ережелері
туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сынып жетекшілеріне алынған ақпаратты ата-аналарға жеткізіп, ата-аналар жиналыстарында және сыныптық чаттарда түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды. Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс – бала тәрбиесіндегі басты кепіл екені атап өтілді.
2026 жылдың 26 ақпан күні мектебімізде «ҚР ӘҚБтК 442-бап – біз не білуіміз керек?» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Кездесуді мектеп инспекторы Тойбаев өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрудің жауапкершілігі туралы айтылды.
Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі негізінде реттеледі. Аталған кодекстің **442-бабына** сәйкес:
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта (23:00–06:00) заңды өкілдерінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүруі;
Ойын-сауық мекемелерінде ата-анасыз болуы –
ата-аналарға немесе заңды өкілдеріне әкімшілік жауапкершілік жүктейді.
Кездесу барысында оқушылар өз сұрақтарын қойып, құқықтық кеңестер алды.
2026 жылғы 17 ақпан күні Әл Фараби атындағы орта мектебі-де Шу ауданы білім бөлімі және Шу ауданының прокуратурасы №2-0711-26-0099 хатына сәйкес 9–11 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың, соның ішінде есірткі қылмысының алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға «Закладчики. Мать», «Расплата» бейнефильмдері көрсетіліп, олардың мазмұны кеңінен талқыланды. Фильмдер арқылы есірткі заттарын таратудың заң алдындағы жауапкершілігі, оның адам өмірі мен болашағына тигізетін зияны түсіндірілді.
Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Мұндай жұмыстар жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және зиянды әрекеттердің алдын алуға бағытталған. https://www.facebook.com/share/p/1DjS7acUuV/
2026 жылғы 04 ақпан күні Әл-Фараби атындағы орта мектебінде мұғалімдерге арналған «Алаяқтан абай бол» тақырыбында бейне дәріс өтті.
Іс-шараны мектеп инспекторы А.Қ. Тойбаев жүргізді.
Бейне дәріс барысында алаяқтықтың қазіргі кең таралған түрлері, интернет және телефон арқылы жасалатын қылмыстар, сондай-ақ олардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Мұғалімдерге жеке деректерді қорғау және қаржылық қауіпсіздік туралы пайдалы кеңестер берілді.
2025 жылдың 13 қазан күні Әл-Фараби атындағы орта мектебінде АПБ капитаны Тойбаев Қ.А.-ның қатысуымен 8–11 сынып оқушыларына арналған «Бала қауіпсіздігі» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Кездесу барысында оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, көшедегі қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ мопед пен электромобильді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушыларға тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, өз қауіпсіздігін сақтау, жауапкершілік пен тәртіп ережелерін орындау жөнінде кеңестер берілді.
Жиналыстың мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу болды.https://www.facebook.com/share/p/1EHoJSePUW/
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елімізде «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы қабылданды. Бұл бастаманың мақсаты – балалық шақтың мемлекет үшін аса маңызды екенін қоғамға кеңінен ұғындыру және оны мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде көрсету. Аталмыш тұжырымдама аясында Шу ауданы білім бөліміне қарасты Әл-Фараби атындағы орта мектепбінде аудандық құзырлы орган өкілінің қатысуымен "Балалар үні" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. https://www.facebook.com/share/p/12Hdrs9qfq1/
Шу ауданы білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесінде Шу АПБ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Мыңжасаров Қуаныш Темірханұлы кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Нашақорлық және токсикологиялық зиянды заттарды қолданудың алдын алу» жолында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
8-11сыныптардың білім алушыларына «Нашақорлық және токсикологиялық зиянды заттарды қолданудың алдын алу» тақырыбында дәріс оқылды және мектеп аумағындағы «Граффити» жазуларының бар немесе жоқ екендігіне тексеру жұмыстарын жүргізді. Дәріс барысында білім алушыларға есірткі мен таксикологиялық заттарының адам ағзасына зияны туралы айтып, салауатты өмір салтын ұсынуға шақырды. https://www.facebook.com/share/p/19Ay3j7bZW/
Шу ауданы білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесінде Шу АПБ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Мыңжасаров Қуаныш Темірханұлы кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Нашақорлық және токсикологиялық зиянды заттарды қолданудың алдын алу» жолында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
8-11сыныптардың білім алушыларына «Нашақорлық және токсикологиялық зиянды заттарды қолданудың алдын алу» тақырыбында дәріс оқылды және мектеп аумағындағы «Граффити» жазуларының бар немесе жоқ екендігіне тексеру жұмыстарын жүргізді. Дәріс барысында білім алушыларға есірткі мен таксикологиялық заттарының адам ағзасына зияны туралы айтып, салауатты өмір салтын ұсынуға шақырды. https://www.facebook.com/share/p/1ATviuc5VK/