Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектепте кәсіптік бағдар беру педагогы Н.Ш.Акимова "Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру " айлығы аясында 11-12 наурыз күндері «Арманыңнан - мамандыққа» тақырыбында эссе жазу жұмысы ұйымдастырылды. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, жазу қабілетін дамыту және олардың армандарын нақты мақсатпен байланыстыра отырып, саналы түрде мамандық таңдауына бағыт беру. Аталған іс-шараға мектептің 5-6 сынып оқушылары қатысты. Эссе жазу барысында оқушылар өздерінің болашақтағы армандары мен мақсаттары туралы ой-пікірлерін жазбаша түрде жеткізді. Бұл жұмыс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өз ойларын еркін жеткізуге және болашақ мамандық таңдауға деген жауапкершілігін қалыптастыруға мүмкіндік берді. https://www.facebook.com/share/p/1FJEpaxKJm/
Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектепте кәсіптік бағдар беру педагогы Н.Ш.Акимова және психолог Айтқұл Ұ.Б 11- сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша Наурыз айында Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындыққа арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Түсіндірме жұмыстарында оқушыларға:
ҰБТ-ның маңызы мен өткізілу тәртібі;
Пәндерді дұрыс таңдау және болашақ мамандыққа сәйкестендіру.
Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектепте "Мамандығым – мақтанышым" тақырыбында кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы түсінік беру, еңбекке деген құрметті қалыптастыру және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға баулу. Іс--шараға 9-11 сынып оқушылары қатысты. Кездесуге №2 Шу қалалық кітапхананың кітапханашысы Буламбаева Нұрзат Әуесқызы қатысты. Өзі армандаған мамандығы жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар оқушыларға видеороликтер, презентация, сұрақ-жауап жұмыс түрлері өткізіледі. https://www.facebook.com/share/p/1GVhGwCCPX/
Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша 9 "А" сынып оқушыларымен "Рахат" медициналық орталығына барып травматолог Мухаметов Мирза Мустафаевич пен кездесу өтті.
Мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының маңызын түсіндіру, травматология саласы туралы мағлұмат берді, қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Кездесу барысында дәрігер травматологтың қызметі сыну, шығу, жарақаттар кезіндегі алғашқы көмек көрсету жолдары туралы ақпарат берді. Медицина мамандығына қызығушылық танытқандар болды.
Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беруші педагог Акимова Н.Ш. 1 сынып оқушыларына арналған "Білім ұясындағы мамандар" тақырыбында мектепішілік танымдық экскурсия өткізді. Мақсаты- оқушыларды мектептегі түрлі мамандық қызметімен таныстыру, олардың мектеп өміріндегі атқаратын маңызды рөлін көрсету және балалардың әр мамдыққа деген қызығушылығын дамыту. Саяхат барысында мектептегі мамандардың қызметі туралы қысқаша мәлімет берілді. Оқушылар директор, кітапхана, медбике, асхана, психолог, күзет бөлімін аралап, әр маманның күнделікті жұмысы туралы ақпарат алды. Сонымен қатар "Мамандықты тап" ойыны ойнатылды. Оқушылар белсене қатысты. https://www.facebook.com/share/p/14SENqgaRje/
Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беруші педагог Акимова Н.Ш. және 8 А,Б сынып оқушылары мен сынып жетекшілерімен бірге қысқы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында №19 ПЧ бөлім басшысы Бекбаев Жандос Рахымбердиевич пен кездесуге бардық. Мақсаты: оқушыларды өрт сөндіруші мамандығымен таныстыру, кәсіби бағдар беру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында өздерінің күнделікті қызметі, міндеттер мен техника құралдары туралы баяндап берді. Балалар өрт сөндірушінің киімдерін киіп, құрал саймандарын көріп, қызықты сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Кәсіби талаптар мен оқу орындары туралы да мағлұмат берілді. Оқушылар мамандықтың маңызын, батылдық пен төзімділік қажет екенін түсініп, осы салаға қызығушылық білдірді. Кездесу барысында мамандық таңдау бағытында ой-пікірлер мен нақты мақсаттар айқындалды. https://www.facebook.com/share/p/14TR3QPuZjV/