“Діни экстремизмнің алдын алу” тақырыбындағы кездесу
12 желтоқсан күні Әл -Фараби атындағы орта мектебінде Төле би ауылдық округінде "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған танымдық іс-шара өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға жат ағымдардың ықпалына түсудің қауіптілігі, діннің қоғамдағы рөлі мен адам өміріндегі маңызы туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастарды діни сауаттылыққа тәрбиелеу, ақпаратты дұрыс қабылдау және қауіп төндірген жағдайда тиісті органдарға жүгіну мәдениеті түсіндірілді.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының Шу ауданы бойынша инспекторы, теолог Боранқұл Нұрдәулет, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары қатысты. Теолог маман жастардың сұрақтарына жауап беріп, бүгінгі қоғамдағы діни тұрақтылықтың маңыздылығын атап өтті.
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің, Әл -Фараби атындағы орта мектебінде 8-11 сынып оқушыларына, мектеп инспекторы Ж.Ораз және мектеп әкімшілігі 2023-2025 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің 31.11.2023ж № 748 қаулысына сәйкес «Терроризм қоғам қауіпі», «Булинг және кибербуингпен күрес» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Әл -Фараби атындағы орта мектебінде, мектеп инспекторы Ж.Ораз және мектеп әкімшілігі 2023-2025 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің 31.11.2023ж № 748 қаулысына сәйкес «Терроризм қоғам қауіпі», «Булинг және кибербуингпен күрес» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізілді. Жиналыс барысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында: «Нашақорлық және токсикологиялық зиянды заттарды қолданудың алдын алу» жолында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. https://www.facebook.com/share/p/12JBZvCdfp8/