Жамбыл облысы Шу ауданы әл-Фараби атындағы орта мектебінде
«Әдебиет әлемі» үйірме жетекшісі А.К.Джуманбаева, кітапхана меңгерушілері Ө.М.Есенкулова , А.Н.Өктембайдың ұйымдастыруымен "Адал Азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы "Балалар кітапханасы" жобасы аясында Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Оян, қазақ!» – ұлт рухын оятқан Міржақып Дулатов» тақырыбында танымдық сағат өткізді. Мақсаты:оқушыларға Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.
Ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, білімге ұмтылуға тәрбиелеу,
қазақ әдебиеті мен тарихына деген қызығушылықты арттыру.Оқушылар сабақ барысында жазушының өмір жолымен терең танысып, шығармаларынан үзінділер оқыды.«Оян, қазақ!» өлеңі – қазақ халқын тәуелсіздікке, рухани жаңғыруға, елдікке үндеген күрескерлік туынды. Бұл шығарма сол дәуір үшін ғана емес, бүгінгі ұрпақ үшін де маңызын жоймаған.Міржақып Дулатов – ұлттың рухын оятқан, ел болашағы үшін күрескен қайсар тұлға. Оның еңбектері бүгінгі ұрпақты білімге, отансүйгіштікке, әділдікке тәрбиелейді.