Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ «Средняя школа имени Аль-Фараби» Шуского районного отдела образования Жамбылского областного управления образования
  • kz
  • ru
  • Меню школы

    Статьи

    «Оян, қазақ!» – ұлт рухын оятқан Міржақып Дулатов

    Жамбыл облысы Шу ауданы әл-Фараби атындағы орта мектебінде
    «Әдебиет әлемі» үйірме жетекшісі А.К.Джуманбаева, кітапхана меңгерушілері Ө.М.Есенкулова , А.Н.Өктембайдың ұйымдастыруымен "Адал Азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы "Балалар кітапханасы" жобасы аясында Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Оян, қазақ!» – ұлт рухын оятқан Міржақып Дулатов» тақырыбында танымдық сағат өткізді. Мақсаты:оқушыларға Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.
    Ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, білімге ұмтылуға тәрбиелеу,
    қазақ әдебиеті мен тарихына деген қызығушылықты арттыру.Оқушылар сабақ барысында жазушының өмір жолымен терең танысып, шығармаларынан үзінділер оқыды.«Оян, қазақ!» өлеңі – қазақ халқын тәуелсіздікке, рухани жаңғыруға, елдікке үндеген күрескерлік туынды. Бұл шығарма сол дәуір үшін ғана емес, бүгінгі ұрпақ үшін де маңызын жоймаған.Міржақып Дулатов – ұлттың рухын оятқан, ел болашағы үшін күрескен қайсар тұлға. Оның еңбектері бүгінгі ұрпақты білімге, отансүйгіштікке, әділдікке тәрбиелейді.

    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1923682868356799/

    Мен кітаппен бірге өсемін

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде кітапхана жетекшілері 7"Ә"сынып оқушыларымен «Кітаппен қанаттан» жобасы аясында «Мен кітаппен бірге өсемін» атты эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.
    Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға ынталандыру, көркем әдебиеттің тәрбиелік мәнін түсіндіру, жас ұрпақтың ой-өрісін дамыту .
    Байқауға қатысқан 7-сынып оқушылары кітапқа деген қызығушылығы, оқыған шығармаларынан алған әсері және кітаптың өмірдегі рөлі туралы өз ойларын көркем тілмен жеткізе білді. Қатысушылардың эсселері мазмұндылығы, жазу мәдениеті, шығармашылық көзқарасы бойынша бағаланды. Іс-шара соңында үздік деп танылған оқушыларға марапаттар табысталды.
    https://www.facebook.com/share/v/1T4VDNTxq2/

    Балалар кітапханасы

    Мектепте өткен "Балалар кітапханасы"тұжырымдамасы аясында оқушылар арасында Ақан серінің «Құлагер» поэмасын оқу және видео форматында жолдау атты шығармашылық жоба ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: қазақ әдебиетінің көрнекті туындыларын насихаттау, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту және өнерге қызығушылығын арттыру.
    Жобаға қатысушылар «Құлагер» поэмасынан таңдаған үзінділерін мәнерлеп оқып, өздерінің бейнежазбаларын жолдады.
    Мұғалімдер мен кітапхана қызметкерлері бейнежазбаларды қарап, үздік орындаушы Боранбай Ерасыл деп таныды.

    https://www.facebook.com/share/p/1SKnfSCfj4/

    Кітапханаға кітап сыйла

    Кітапхана апталығы аясында Әл-Фараби атындағы орта мектептің кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» атты игі шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: оқушылар мен ата-аналарды кітап оқуға баулу, кітап қорын толықтыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың кітапханаға деген қызығушылығын арттыру.
    Іс-шара барысында оқушылар, ұстаздар және ата-аналар мектеп кітапханасына түрлі жанрдағы көркем әдебиеттер мен танымдық бағыттағы жаңа кітаптарды сыйға тартты. Кітапхана қоры оқушыларға қажетті әдебиеттермен толықтырылып, арнайы «Сыйланған кітаптар» бұрышы жасалды.
    Кітап сыйлаған оқушылар мен ата-аналарға алғыс білдіріліп, кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның білім мен мәдениеттің қайнар көзі екені туралы түсіндірілді. Сонымен бірге кітапхана қызметкері жаңа түскен кітаптармен таныстырып, жас оқырмандарды кітапты күтіп ұстауға, жиі оқуға шақырды.
    Бұл іс-шара оқушылардың кітап әлеміне деген қызығушылығын арттырып, мектеп кітапханасының қорын байытуға үлес қосты.

    https://www.facebook.com/share/p/17wLm3f5Y9/

    Ұлттық теңге Тәуелсіздік символы

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы » жоба аясында «Ұлттық теңге Тәуелсіздік символы» танымды сабақ өтілді.
    Тақырыбы: Ұлттық теңге Тәуелсіздік символы
    Мақсаты: Оқушылардың Отан сүйгіштік сезімін арттыру, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға баулу, сондай ақ теңгенің шығу тарихы мен экономикалық мәнін түсіндіру. Балаларға теңге бейнесі салынған пазлдар таратылып, олар купюралардың бөліктерін құрастыру арқылы ұлттық валюта түрлерімен танысты.
    Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, теңгенің әртүрлі номиналдары, олардың түсі мен қорғаныш элементтері туралы мәліметке қанықты. Іс-шара балалардың ақшаға ұқыптылықпен қарау дағдысын қалыптастыруға, сондай-ақ ел тарихына деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік берді.
    https://www.facebook.com/share/p/16xQVdZKTv/

    «Тарих тудырған рәміздер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің мектеп кітапханасында Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жас толуына орай «Тарих тудырған рәміздер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мақсаты: оқушыларға Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығы халқымыздың сөз өнеріне деген сүйіспеншілігінің, туған жер мен Отанға деген терең сезімінің айқын көрінісі екенін атап өтілді. Сонымен қатар ақынның қуатты жырлары ұлттық поэзияға жаңа леп әкеліп, қазақ әдебиетін жаңа биікке көтергенін жеткізді.Көрме мектеп оқушыларына таныстырылды. Рәміздер- бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
    https://www.facebook.com/share/p/17hgDgsSsc/

    Республика күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің мектеп кітапханасында 25 қазан Республика күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мақсаты: ұлттық мереке 25 - қазан Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру ,жас ұрпақты Отан сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге,бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйрету,туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,махаббат сезімін ояту.Осы атаулы күні Отанымыз - Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық тілейміз,халықтың бірлігі,татулығы мен келісімі біздің мемлекетілігіміздің мәңгілік берік тірегі болсын!
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1864889694236117/

    «Кітап – менің қазынам»атты тәрбие сағатын өткізді

    2025-10-11
    Шу ауданының білім бөлімінің Әл Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Г.Т.Касымбекова 2”Ә”сынып білім алушылармен
    «Кітап – менің қазынам»атты тәрбие сағатын өткізді.
    Тәрбие сағаттың мақсаты: Тарихи және мәдени мұраны зерттеуге қызығушылық таныту;
    - Оқушылардың кітапқа, кітапханаға деген қызығушылығын арттыру,оны күтіп ұстауға тәрбиелеу;
    - ⁠Оқушылардың бойында ізгілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.Сонымен қатар қауіпсіздік сабағы өткізілді.Қауіпсіздік сабағы :
    «Желі арқылы танысу қаупі»Білімалушыларды үйдегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Тәрбие сағатынан оқушылар мол әсер алды.
    Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.

    "Балалар кітапханасы" жобасы аясында «Демалыста оқыған бір кітабым» тақырыбында оқырман сабағы ұйымдастырылды.

    2025-09-30
    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің кітапханасында "Балалар кітапханасы" жобасы аясында «Демалыста оқыған бір кітабым» тақырыбында оқырман сабағы ұйымдастырылды. Іс-шараға 5–9-сынып оқушылары қатысып, жазғы демалыс кезінде оқыған қызықты кітаптарымен бөлісті.
    Мақсаты:
    – Оқушылардың жазғы демалыс уақытында кітап оқу мәдениетін дамыту
    – Оқыған кітаптары туралы ой бөлісуге мүмкіндік беру
    – Өз ойын еркін жеткізуге, кітаппен достасуға баулу
    Оқушылар өздері оқыған көркем әдебиеттер туралы қысқаша мазмұнын айтып, басты кейіпкерлерін сипаттап, шығармадан өзіне қандай ой түйгендерін ортаға салды.
    Балалар арасында М.Әуезовтің «Көксерек», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа», Т.Молдағалиевтің өлеңдері талқыланды.
    Оқушылар өздерінің жаз мезгілінде бос уақытын тиімді өткізгенін көрсетіп, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Бұл кездесу оқырман мәдениетін қалыптастыруға оң әсер етті.
    https://www.facebook.com/share/p/19t3c23eRR/

    "Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Әжемнің ертегісі" тақырыбында 2 "Ә" сынып оқушыларымен ертегі оқу сағаты өтті.

    2025-09-29
    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің кітапханасында "Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Әжемнің ертегісі" тақырыбында 2 "Ә" сынып оқушыларымен ертегі оқу сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылар ертегі шығармаларды оқи отырып, кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамыту. Оқушыларға кітапханашы А.Н. Өктембай «Әжемнің ертегілері», жинағы, «Қазақ ертегілері», «Алдар Көсе» хикаялары «Өнегелі ертегілер» желісі кітаптары таныстырылды. "Төрт дос" ертегісін айтып берді.
     
     

    «Оқуға құштар мектеп» жобасы бағдарламасы аясында «Сүйікті кітабым» іс-шарасы негізінде оқушылар бос уақыттарын тиімді пайдаланып 2- А сынып оқушысы Махамматова Алия отбасымен кітап оқыды.

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебі. «Оқуға құштар мектеп» жобасы бағдарламасы аясында «Сүйікті кітабым» іс-шарасы негізінде оқушылар бос уақыттарын тиімді пайдаланып 2- А сынып оқушысы Махамматова Алия отбасымен кітап оқыды.
    Мақсаты: Отбасылық кітап оқу дәстүрлерінің қалыптасуына ықпал ету, оқырманның көркем әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастыру, кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін ояту.
    Ата-аналар балаларымен бірге кітап оқығанда, бұл оларды жақындастырады.
    Отбасылық кітап оқу дәстүрі отбасылық тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
    Ата-аналар отбасылық кітап оқу арқылы балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға көмектеседі. Бірлескен кітап рухани қарым-қатынастың қуанышты сәттерімен толтырады.
    Оқылған кітаптар бойынша үйде пікірталас ұйымдастыру, кітаптарды ұсыну, белгілі бір кітапты оқудан алған әсерлермен бөлісу отбасыны жақындастыра түседі.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1690836604974761/?rdid=h44zxMwj4iUfWuK6&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fv%2F16Cexysshk%2F#

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде кітапханашылар Ш.Қалдааяқовтың 95 жыл толуына орай "Ш.Қалдаяқов - қазақтың сазгері және халық әртісі" тақырыбында кітап көрмесі

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде кітапханашылар Ш.Қалдааяқовтың 95 жыл толуына орай "Ш.Қалдаяқов - қазақтың сазгері және халық әртісі" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, өмірі мен шығармашылығынан мағұлматтар берілді.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1681511195907302/?rdid=xNAUvS3AOVckSt5F&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F19yNHMo23f%2F#

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде кітапханашылар Ш.Қалдааяқовтың 95 жыл толуына орай "Ш.Қалдаяқов - қазақтың сазгері және халық әртісі" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, өмірі мен шығармашылығынан мағұлматтар берілді.

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде кітапханашылар Ш.Қалдааяқовтың 95 жыл толуына орай "Ш.Қалдаяқов - қазақтың сазгері және халық әртісі" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, өмірі мен шығармашылығынан мағұлматтар берілді.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1681511195907302/?rdid=NFW3FaqNLYaMcEGk&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F19yNHMo23f%2F#

    Б.Соқпақбаевқа арналған кітап көрмесі жасалынып оның өмірбаяны мен шығармашылығымен,4- сынып білім алушылар өлеңдерінен мәнерлеп жатқа айтты

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100- жыл толуына байланысты педагог-ұйымдастырушы мен мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен кітапханада Б.Соқпақбаевқа арналған кітап көрмесі жасалынып оның өмірбаяны мен шығармашылығымен,4- сынып білім алушылар өлеңдерінен мәнерлеп жатқа айтты. "Менің атым Қожа" повестіне 7-сынып оқушылары сахналық көрініс қойылды.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1681364665921955/?rdid=awAdmriAlCP5pKgS&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F1555N9j1RK%2F#

    14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, сонымен қатар «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Шын жүректен кітап сыйла» акциясына 5 «А» сынып оқушылары 46 кітапты сыйға тартты.

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінде14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, сонымен қатар «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Шын жүректен кітап сыйла» акциясына 5 «А» сынып оқушылары 46 кітапты сыйға тартты. «Артық білім кітапта» демекші, болашақ ұрпағымыз білімді, рухани бай болуы үшін, оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, кітап оқуға шақыру мақсатымен өткен акцияға сыныбымыздың оқушылары белсене ат салысты. Біз сыйлаған әрбір кітап өз оқырманын табатынына сенімдіміз!
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1677897739601981/?rdid=EYLup9WKmiOoKb5o&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F1KcwXbuZEu%2F#

    халықаралық кітап сыйлау күніне орай ұйымдастырылып жатқан "Шын жүректен кітап сыйла" акциясына қатысты. 4"ә" сынып оқушысы Боранбай Адия Қанатқызы "Менің атым -Қожа" повестін оқу үшін 5"ә" сынып оқушыларына кітап сыйлады.

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары халықаралық кітап сыйлау күніне орай ұйымдастырылып жатқан "Шын жүректен кітап сыйла" акциясына қатысты. 4"ә" сынып оқушысы Боранбай Адия Қанатқызы "Менің атым -Қожа" повестін оқу үшін 5"ә" сынып оқушыларына кітап сыйлады.
    Акцияның мақсаты: барлық кітапсүйер қауымды кітап оқуға шақырып, жылулық пен мейірімге толы лебіздер айтып, сол арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыру.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1677930432932045/?rdid=QlWeBUq9hlKqqvpM&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F1A11rs1mVu%2F#

    Әл- Фараби атындағы орта мектебінің кітапханасында 5-8 сынып оқушыларымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Өзің оқы да, досына сыйла" атты іс-шара ұйымдастырылды

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл- Фараби атындағы орта мектебінің кітапханасында 5-8 сынып оқушыларымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Өзің оқы да, досына сыйла" атты іс-шара ұйымдастырылды
    Мақсаты: Кітапхана өмірімен таныстыру, білімнің кілті-кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру; балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру; кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.
    Іс-шара барысында балалардың назарына ертегі кітаптар, сөйлейтін кітаптар және де тағы да басқа көркем суреттелген иллюстрациялы кітаптар ұсынылды. Балалар кітапханашының еліміздің тарихы, ұлы тұлғалары және балаларға арналған әдебиеттер туралы әңгімелерін қызығушылықпен тыңдады. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар алды. Кітапханашы балаларға келушілердің тіркелу орнын, кітапханаға оқырман құжатын көрсетіп қана өтуге болатынын ұғындырды. Оқушыларға кітапхананың оқу залдарында өздерін қалай ұстау, кітапты қалай пайдалану қажет екеніндігі айтылды.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1676230366435385/?rdid=P4RFiaVxRoQH5CjY&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fv%2F1BACzWdG91%2F#

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп"жоба аясында өскелең ұрпақты көркем әдебиетті оқуға баулу,кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру,оқу белсенділігін дамыту мақсатында әдеби кітаптарды оқу бойынша байқау ұйымдастырылған.

    Шу ауданы, білім бөлімі.Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп"жоба аясында өскелең ұрпақты көркем әдебиетті оқуға баулу,кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру,оқу белсенділігін дамыту мақсатында әдеби кітаптарды оқу бойынша байқау ұйымдастырылған. Байқау 10 ақпан күні өткізілді.
    Байқауға II кезеңге өткен 30 оқушы қатысты.Бастауыш сыныптан 18,орта буыннан 12 оқушы.Байқау барысында оқушылардан оқыған шығармасы бойынша түсінік айту,мазмұндау тапсырылды.Оқушылар оқу деңгейін көрсете білді.Тағайындалған,әділ-қазы мүшелері оқушы жұмыстарын тексеріп саралап қорытынды шығарып ІІІ-кезеңге өткен оқушылар жарияланды.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1675892713135817/?rdid=k4c9MmS9G6kZb3pQ&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F1B112DdwN6%2F#

    Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың туған күніне орай "Жырлайды жүрек" тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өтті

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде педагог-ұйымдастырушы мен мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың туған күніне орай "Жырлайды жүрек" тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға кітап көрмесі жасалынып, М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан мағұлматтар беріліп, өлеңдерін мәнерлеп оқып жатқа айтты. Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлде 4 "ә" сынып оқушысы Боранбай Адия, I орын 4 "ә" сынып оқушысы Қалығұл Інжу, 3 "ә" сынып оқушысы Рыстай Інжу, 2 "ә" сынып оқушысы Хаким Айзере, II орын 4 "ә" сынып оқушысы Асанбек Арайлым, 2 "ә" сынып оқушысы Батырхан Аиша, III орын 4 "ә" сынып оқушысы Бисмах Інжу, 2 "ә" сынып оқушысы Қалығұл Бану жүлделі орындармен марапатталды.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1671766583548430/?rdid=jmzKqyBWlzVphj7k&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F15eBjyR4Gg%2F#

    Шу ауданы білім бөлімі Әл - Фараби атындағы орта мектебінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай " Тәуелсіздікті жақындатқан тарихи тұлғалар" тақырыбында, мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені мектеп оқушылары келіп, көріп мағұлматтар берілді.

    Шу ауданы білім бөлімі Әл - Фараби атындағы орта мектебінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай
    " Тәуелсіздікті жақындатқан тарихи тұлғалар" тақырыбында, мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені мектеп оқушылары келіп, көріп мағұлматтар берілді.

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде ұйымдастырылған "Мектепке кітап сыйла" акциясына ұстаздар, оқушылар бірнеше кітаптарды сыйға тартты. «Артық білім кітапта» демекші, болашақ ұрпағымыз білімді, рухани бай болуы үшін, оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, кітап оқуға шақыру мақсатымен өткен акцияға атсалысқан ұстаздарға, зор алғыс білдіреміз.

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде ұйымдастырылған "Мектепке кітап сыйла" акциясына ұстаздар, оқушылар бірнеше кітаптарды сыйға тартты. «Артық білім кітапта» демекші, болашақ ұрпағымыз білімді, рухани бай болуы үшін, оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, кітап оқуға шақыру мақсатымен өткен акцияға атсалысқан ұстаздарға, зор алғыс білдіреміз.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1598728004185622/?rdid=hOOoRonuGYLiczhh&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F1XrrsQmLos%2F#

    л-Фараби атындағы орта мектеп кітапханашысы Акимова Н.Ш мен 6"ә" сынып жетекшісі Д. А.Мейрамбекқызының ұйымдастыруымен көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Фариза Оңғарсыноваға деген құрметпен «Патша-сөздің Фаризасы» атты рухани іс-шара өтті

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектеп кітапханашысы Акимова Н.Ш мен 6"ә" сынып жетекшісі Д. А.Мейрамбекқызының ұйымдастыруымен көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Фариза Оңғарсыноваға деген құрметпен «Патша-сөздің Фаризасы» атты рухани іс-шара өтті. Оқушылар қарт Каспийдің асау толқынындай буырқанысы басым ақын жырларын оқып тың деректермен танысты.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1619378468787242/?rdid=sY27S5lcjFloN2bV&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F15icGDDef2%2F#

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру