Тақырыбы: «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында түсіндірме жұмысы
Әл-Фараби атындағы орта мектебінде жоғары сынып оқушылары арасында «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға нашақорлықтың адам денсаулығына, психикасына және болашағына тигізетін зиянды әсерлері түсіндірілді. Сондай-ақ, нашақорлыққа әуестенудің құқықтық жауапкершілікке алып келетіндігі, әкімшілік және қылмыстық салдары туралы мәлімет берілді.
Оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастырудың жолдары, спортпен айналысу мен бос уақытты тиімді пайдаланудың маңызы айтылды. Тақырып бойынша бейнематериалдар көрсетіліп, ашық пікір алмасу өткізілді.
Мақсаты: Жастардың бойында нашақорлыққа деген теріс көзқарас қалыптастыру, өз денсаулығына және болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Қорытынды: Түсіндірме жұмысы жоғары сынып оқушыларына нашақорлықтың зиянды әсері туралы толыққанды ақпарат беріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын ұғындыруға бағытталды.