Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы » жоба аясында «Ұлттық теңге Тәуелсіздік символы» танымды сабақ өтілді.
Тақырыбы: Ұлттық теңге Тәуелсіздік символы
Мақсаты: Оқушылардың Отан сүйгіштік сезімін арттыру, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға баулу, сондай ақ теңгенің шығу тарихы мен экономикалық мәнін түсіндіру. Балаларға теңге бейнесі салынған пазлдар таратылып, олар купюралардың бөліктерін құрастыру арқылы ұлттық валюта түрлерімен танысты.
Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, теңгенің әртүрлі номиналдары, олардың түсі мен қорғаныш элементтері туралы мәліметке қанықты. Іс-шара балалардың ақшаға ұқыптылықпен қарау дағдысын қалыптастыруға, сондай-ақ ел тарихына деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік берді. https://www.facebook.com/share/p/16xQVdZKTv/