Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ «Средняя школа имени Аль-Фараби» Шуского районного отдела образования Жамбылского областного управления образования
  • kz
  • ru
  • Меню школы

    Статьи

    Мектепалды даярлық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық семинар-практикум өтті.

    2026 жылдың 5 наурыз күні Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде мектепалды даярлық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар негізінде мектепке дейінгі білім берудің жаңа мазмұны: жаңа тәсілдер, жаңа көзқарас» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті.
    Семинардың мақсаты – мектепалды даярлық тәрбиеленушілерін оқыту мен тәрбиелеу барысында ұлттық құндылықтарға негізделген тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану және педагогтер арасында тәжірибе алмасу.
    Іс-шараны мектеп директоры Ж.У. Алиаскаров ашып, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі. Сонымен қатар Шу ауданы білім бөлімінің әдіскері Э.М. Наурызбаева білім беру үдерісінде құндылыққа бағытталған оқытудың маңыздылығы туралы өз ойымен бөлісті.
    Семинар бағдарламасы аясында педагогтер Ж. Мырзаханова мен Н. Буенбаева ашық оқу қызметтерін өткізіп, мектепалды даярлық тәрбиеленушілерінің бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. Сабақ барысында ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, салт-дәстүр элементтері қолданылып, балалар топтық, жұптық және жеке жұмыстар арқылы белсенділік танытты.
    Педагогтер жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, тәрбиеленушілердің қызығушылығын арттырып, сабақтарды мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде ұйымдастырды.
    Аудандық семинар-практикум жоғары деңгейде өтіп, педагогтер үшін тәжірибе алмасуға және кәсіби шеберліктерін арттыруға үлкен мүмкіндік болды.Семинар барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, мектепалды даярлықтағы ұлттық құндылықтарды тиімді енгізудің маңыздылығын атап өтті.
    https://www.facebook.com/share/p/18XhZeovRN/

    «Бақыт деген не?» атты поэзия кеші

    Жамбыл облысы Шу ауданы Әл-Фараби атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері айлығы аясында жүрекке жылу, көңілге шуақ сыйлаған ерекше рухани кеш өтті. Тіл мамандары ұйымдастырған «Бақыт деген не?» атты поэзия кеші көрерменді терең ойға жетелеп, өмірдің мәні мен адамдық құндылықтар туралы толғандырды.
    Кеш барысында оқушылар қазақ поэзиясының жауһар жырларын тебіреніспен оқып, әуезді әндерді шырқап, бақыт ұғымын әр қырынан өрнектеді. Әр шумақтан шынайылық сезіліп, әр сөзден ұлттық рух аңғарылды. Сахна төрінде оқылған өлеңдер көрермен көңіліне жол тауып, жүректерге сәуле құйды.
    Поэзия кеші – тек әдеби шара ғана емес, рухани сұхбат алаңына айналды. Оқушылар мен ұстаздар бақыттың отбасыдан, Отаннан, білім мен еңбектен басталатынын ұғындырып, сөз құдіретінің биіктігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
    Кеш соңында қазақ тілі пәнінің мұғалімдері айлықты мазмұнды түрде қорытындылап, атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Пән айлығының әрбір іс-шарасы жас ұрпақтың тілге деген құрметін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталғаны атап өтілді.
    Шара патриоттық әнмен салтанатты түрде жабылып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Ән әуенімен бірге ұлттық рух асқақтап, жүректерде мақтаныш сезімі оянды. Осылайша, тағылымды да мазмұнды өткен айлық өз мәресіне жетіп, мектеп өміріндегі жарқын белестердің біріне айналды.
    https://www.facebook.com/share/v/1CMgWkLaWF/

    «Қазақтың тұңғыш журналист қыздары» тақырыбында ашық сабақ

    2026 жылдың 20 ақпан күні Шу ауданы білім бөліміне қарасты Әл -Фараби атындағы орта мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің айлығы аясында пән мұғалімі С.Н.Рахимбаева 10 «А» орыс сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Қазақтың тұңғыш журналист қыздары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабаққа оқушылар белсенді қатысып, тақырыпты көшбасшылықпен талқылады.Мемлекеттік тілде өз ойларын дұрыс жеткізе отырып өз білімдерін көрсете білді.
    https://www.facebook.com/share/v/1CE2AZKcqJ/

    «Жол белгілерін білеміз бе?» тақырыбында ашық сабақ

    «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің айлығы аясында ашық сабақ өтті!
    2026 жылдың 20 ақпан күні Шу ауданы білім бөліміне қарасты Әл Фараби атындағы орта мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің айлығы аясында 5 «Ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Жол белгілерін білеміз бе?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
    Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі — М.Д. Басжанова.
    Сабақ «Мен қандаймын?» психологиялық ахуал қалыптастыру жаттығуымен басталды. Оқушылар бағдаршам түстері арқылы топқа бөлініп, сабақ барысында жеке, жұптық және топтық тапсырмалар орындады.
    Сабақ барысында оқушылар жол белгілерінің топтарымен танысып, олардың мағыналық ерекшеліктерін түсінді және түрлерін ажыратуды үйренді. Сонымен қатар сын есімнің шырай түрлеріне мысалдар келтіріп, білімдерін бекітті.
    Сабақ соңында WORDWAII әдісі арқылы қорытынды тест тапсырмалары орындалып, «Бағдаршам» әдісі арқылы тиімді кері байланыс жүргізілді.
    Сабақ мақсатына сай ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсете білді.
    https://www.facebook.com/share/p/1GoNQSFFPB/

    «Көксерек» шығармасы бойынша ашық сабақ

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Дүйсекеева 7 «Ә» сынып оқушыларымен Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» шығармасы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында шығарма мазмұны жан-жақты талданып, тақырыбы мен идеясы ашылды.
    Үй тапсырмасы «Кинолента» әдісі арқылы сұралды. Оқушылар топтық және жұптық жұмыстар орындап, кейіпкерлерге талдау жасап, өз ойларын ортаға салды. Сабақтың қорытынды бөлімінде білімдерін бекіту мақсатында Kahoot! платформасы қолданылды.
    https://www.facebook.com/share/p/1ZS1csfW1e/

    "Жусан иісі" тақырыбында ашық сабақ

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті айлығы аясында қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.К.Джуманбаева 6Ә сыныбымен С.Мұратбековтың "Жусан иісі"тақырыбында қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізді.Мақсаты: оқушыларға тақырыпты тереңінен түсіндіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.Сабақ барысында оқушылар екі топқа бөлініп,шығармаға композициялық талдау жасап, топта өз ойларын ортаға салып,шығармашылық қабілеттерін көрсетті.Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылар"Kohoot" арқылы сабақты бекітті.Ашық сабақ өз деңгейінде аяқталды.
    https://www.facebook.com/share/p/1adC55bJL3/

    Қазақ тілі мен әдебиеті айлығының салтанатты ашылуы

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде қазақ халқының рухани қазынасын ұлықтауға, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған Қазақ тілі мен әдебиеті айлығының салтанатты ашылуы өтті.
    Айлықтың басты мақсаты – ана тіліміздің қадір-қасиетін терең түсіндіру, ұлттық әдеби мұрамызды насихаттау, тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру.
    Салтанатты жиынға ұстаздар мен тіл жанашырлары, оқушылар қатысты. Шара барысында айлықтың жоспары таныстырылып, алдағы өтетін танымдық, шығармашылық, зияткерлік іс-шаралар туралы мағлұмат берілді.
    Айлық аясында түрлі байқаулар, әдеби кештер, интеллектуалдық ойындар, әуенді сайыстар ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.
    Қазақ тілі мен әдебиеті айлығы – рухани жаңғырудың, ұлттық сананы нығайтудың айқын көрінісі. Тіліміз жасай берсін, әдебиетіміз мәңгілік болсын!

    https://www.facebook.com/share/p/1FMiH6RAKK/

    Ондық бөлшекті жай бөлшекке, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде математика және информатика пәндері айлығы аясында математика пәні мұғалімі Кашкинбаева Г.К. 5 «Ә» сыныбымен «Ондық бөлшекті жай бөлшекке, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
    Сабақтың мақсаты – үтірден кейінгі разряд бірліктерін қайталау, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және аралас сандарға мысалдар келтіру, бұрыс бөлшекті аралас санға, аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру дағдыларын қалыптастыру.
    Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде мұғалім оқушылармен сәлемдесіп, шаттық шеңберінде жылы лебіздер айтқызды. «Оюлар» әдісі арқылы оқушылар үш топқа бөлінді. Сыныпты түгендегеннен кейін «Сен маған, мен саған» әдісімен үй тапсырмасы тексерілді.
    Өтілген тақырыпты қайталау мақсатында жасанды көмекші платформасы арқылы сұрақтар қойылды. Сонымен қатар «Домбыра» әдісі арқылы он балдық бағалау жүйесі түсіндіріліп, бағалауға арналған «домбыралар» таратылды.
    Сабақ барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында тапсырмалар ұлттық бұйымдармен байланыстыра өткізілді. Атап айтқанда, «Ұлттық бұйымдар» арқылы топтық жұмыс, ал «Киіз үй» әдісімен жеке жұмыс тапсырмалары ұйымдастырылды.
    Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау мақсатында саралаудың «қорытынды» тәсілі қолданылып, «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы сабақ қорытындыланды. Кері байланыс жасанды көмекші арқылы жүзеге асырылды.
    Ашық сабаққа мектеп әкімшілігі мен басқа пән мұғалімдері қатысып, өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, сабақты бағалады. Сабақ өз мақсатына толық жетті.

    https://www.facebook.com/share/v/1C8dyFwPis/

    Открытие месячника математики и информатики

    12 января 2025 года в средней школе имени Аль-Фараби отдела образования Шуского района состоялось торжественное открытие месячника математики и информатики. Мероприятие прошло в интерактивной форме с использованием цифровых инструментов. Для учащихся была организована увлекательная онлайн-игра Kahoot, где ребята продемонстрировали свои знания в области математики и информатики. В завершение состоялась лотерея с призами, что добавило мероприятию позитивную атмосферу. Открытие вызвало большой интерес у учащихся и стало отличным стартом для последующих мероприятий месячника.
    https://www.facebook.com/share/p/1AQh8f8BYD/

    Отбасындағы зорлық-зомбылықтың түрлері мен формалары

    Жамбыл облысы Шу ауданы "Әл-Фараби" атындағы орта мектепте маңызды тренинг өтті.
    "Әл-Фараби" атындағы орта мектептің педагог-психологтары:
    Ибраева Эльмира Аманқұлқызы, Тұрысбек Айдана Ұзаққызы және
    ДҚТІЖО Басжанова Мөлдір бірлесіп, мектеп педагогтарына арналған тренинг сабақ өткізді.
    Тренинг тақырыбы:
    «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың түрлері мен формалары»
    Мақсаты:
    Педагогтардың отбасындағы зорлық-зомбылықтың негізгі түрлері мен формалары туралы білімін кеңейту, зорлық-зомбылық белгілерін ерте анықтау, алдын алу жолдарын түсіндіру және мұғалімдердің кәсіби-психологиялық құзыреттілігін арттыру.
    Тренинг барысында қатысушылар белсенді пікір алмасып, өмірлік жағдаяттар талданып, практикалық тапсырмалар орындалды. Сабақ педагогтардың балалармен және ата-аналармен жұмыс барысында психологиялық сезімталдығын арттыруға бағытталды.
    Бірлескен жұмыс – қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасының кепілі!
    https://www.facebook.com/share/p/168tKmMBie/

    Кәсіппен танысу – болашаққа бағыт

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беруші педагог Акимова Н.Ш. және 10 "А" сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Л.А.Абдуллаева мен бірге «Кәсіппен танысу – болашаққа бағыт» тақырыбында ПЧМ Шу мекемесіне кәсіби бағдар шеңберінде экскурсия ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға теміржол саласындағы жұмыс ерекшеліктерін таныстыра отырып, болашақ мамандықты таңдауға бағыт-бағдар беру. ПЧМ Шу машинист-нұсқаушысы Сериков Мади Мейірханович оқушыларға ПЧМ теміржолшылар кабинетінде техника қауіпсіздігі бойынша ресми нұсқама жүргізілді. Нұсқама барысында қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, еңбек қорғау талаптары еске салынды. Оқушылардың қауіпсіздігі — басты міндетке алынды. Машинист-нұсқаушы Сопоков Лес Жібекбаевич SMD-80, BBR, VPO заманауи автоматтандырылған техникалармен таныстырып олардың қолдану жолдарын егжей-тегжей түсіндеріп өтті. «Geismar» деген техника бір шпалды көтеріп соны орналастырады, ол Франциядан келген. «PVR» деген техника Италия елінен келгенін айтты. Бұл техника 20 шпалды көтеріп орналастырады. Аталған барлық техникалар ТМД елдерінің арасында тек біздің мемлекетте ғана екенін атап айтты. Оқушылар мекеме қызметкерлерінен жұмыс барысы, мамандықтар туралы толық мағлұмат алды. Әсіресе, теміржол жөндеуші, машинист көмекшісі, слесарь, инженер-техник сияқты мамандықтарға қызығушылық танытты. Қауіпсіздік шаралары мен еңбек тәртібі де түсіндірілді.
    Қорытынды:
    Бұл экскурсия оқушылардың нақты өндірістік ортаға барып, болашақ мамандыққа деген көзқарасын қалыптастыруға сеп болды.
    https://www.facebook.com/share/p/18FsLdFyMM/

    Адал еңбек – пошта қызметінің негізі

    Жамбыл облысы Шу ауданы Әл-Фараби орта мектебінде адал еңбек құндылығын насихаттау және оқушыларға еңбек адамын құрметтеуді үйрету мақсатында 8–9 қазақ сыныптарының оқушылары үшін «Адал еңбек – пошта қызметінің негізі» тақырыбында көшпелі кәсіби бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды.
    Іс-шара Б.Тастанбекова және Г.Кашкинбаева сынып жетекшілерінің жетекшілігімен өтті. Кездесу барысында оқушылар Шу аудандық пошта байланыс торабына арнайы барып, мекеме жұмысымен танысты.
    Пошта бөлімшесінде оқушыларды Шу аудандық пошта байланыс торабы бастығының орынбасары Салих Ислам Аскарович және Шу АПБТ ООУ-нің операторы Мырзабаева Айнур Жұмановна қарсы алып, пошта қызметінің негізгі бағыттары бойынша кеңінен ақпарат берді.
    Кездесу барысында оқушылар пошта қызметкерінің жұмыс орны, хат-хабарларды қабылдау, тіркеу және тарату үдерістерімен, сондай-ақ заманауи цифрлық пошта қызметтерімен танысты. Қонақтар адал еңбек, ұқыптылық пен жауапкершілік пошта саласындағы басты қағидаттар екенін ерекше атап өтті.
    Сонымен қатар, мамандар өз еңбек жолдары туралы айтып, бұл салада қызмет ету үшін қажетті кәсіби білім мен адамгершілік қасиеттерге тоқталды. Оқушылар қойылған сұрақтарына нақты жауап алып, мамандықтың қыр-сырымен жан-жақты танысты.
    Аталған көшпелі кездесу оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықты саналы таңдауға ықпал етті. Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
    https://www.facebook.com/share/p/1H86SdzYCg/

    Встреча с администратором зала Центра обслуживания населения

    Встречи с представителями профессий: в ЦОНе администратор зала Асланов М.М.ознакомил учащихся с особенностями своей профессии.
    В рамках реализации плана профориентационной работы с учащимися 9 «Б» класса была организована встреча с администратором зала Центра обслуживания населения (ЦОН). Мероприятие было направлено на формирование у обучающихся представлений о профессиональной деятельности в сфере государственных услуг.
    В ходе встречи учащиеся ознакомились с основными функциональными обязанностями администратора зала, требованиями к профессиональной подготовке, личностными и деловыми качествами специалиста, а также с условиями труда и уровнем ответственности. Особое внимание было уделено значению коммуникативных навыков, стрессоустойчивости и культуры обслуживания населения.
    Учащиеся узнали о значении данной профессии в сфере оказания государственных услуг, о необходимости коммуникативных навыков, ответственности и умения работать с людьми. Встреча способствовала расширению представлений школьников о мире профессий и помогла сформировать интерес к выбору будущей профессиональной деятельности.
    Проведённое мероприятие способствовало расширению профессионального кругозора учащихся и формированию осознанного отношения к выбору будущей профессии. Поставленные цели были достигнуты.
    Профориентационное мероприятие прошло познавательно и вызвало положительный отклик у учащихся.
    https://www.facebook.com/share/p/1MEKXAdLU3/

    Қысқы ойындар керуені

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 1 "ә",2"ә"-сынып жетекшілері оқушылардың қысқы демалыс кезінде "Қысқы ойындар керуені"тақырыбында ойын сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың қысқы демалысын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайту.
    Міндеттері:
    оқушыларды қызықты ойындарға қызықтыру,
    ұжымдық әрекетке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу,қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, белсенді демалыс мәдениетін қалыптастыру.
    Ойын сағаты көңілді әуенмен басталып, оқушылар екі командаға бөлініп,бір- біріне сәттілік тіледі.«Қысқы ойындар керуені» барысында балалар әртүрлі қозғалмалы ойындар мен эстафеталарға белсене қатысты. Атап айтқанда:«Аққала құрастыру», «Қар лақтыру», "Қолғапты тез ки",«Кім жылдам?», «Қысқы жұмбақтар сайысы»,"Мұз болып қат!"сияқты ойындар өткізілді. Әр ойын алдында қауіпсіздік ережелері еске салынды.Оқушылар ойын барысында белсенділік танытып, ұйымшылдық пен жылдамдық көрсетті. Іс-шара соңында белсенді қатысқан оқушылар мадақталып, көтеріңкі көңіл күймен аяқталды.
    «Қысқы ойындар керуені» іс-шарасы оқушылар үшін қызықты әрі пайдалы өтті. Балалар қысқы демалысты тиімді өткізудің маңызын түсініп, сергектік пен жағымды эмоцияға бөленді. Іс-шара өз мақсатына жетті.
    https://www.facebook.com/share/p/17gAvMGbaw/

    Қыс өлеңімен өрілген

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 3-4 сынып оқушыларымен қысқы демалыс кезінде "Қыс өлеңімен өрілген" тақырыбына мәнерлеп оқу сайысын өткізді.Мақсаты: қысқы демалыс туралы мәтінді түсінеді.Демалыс кезінде
    атқарған іс-әрекеттерін әңгімелейді.
    «Қысқы демалыс» тақырыбында шағын мәтін немесе әңгіме жазады. Қыс – ақ көрпесін жер бетіне жайып, табиғатты тыныштыққа бөлейтін мезгіл. Ақындар қысты ақ мамық қармен, сықырлаған аязбен, күміс түске боялған ағаштармен жырлайды. Өлең жолдарында қыс бірде қатал мінезін танытса, бірде ертегі әлеміндей сұлулығымен баурайды. Сайыс барысында оқушылар қыс туралы мәнерлеп тақпақтарын оқыды.Келесі тапсырма сұрақ- жауап әдісі арқылы өз ойларын еркін ортаға салып,қыс туралы сұрақтарға жауап алынды.Қыс туралы шағын әңгіме жазып, қыс қызықтарын жарыса айтып ортаға салды.
    https://www.facebook.com/share/p/1C7rDiDH2q/

    Қысқы демалыс:ой мен білім

    Жамбыл облысы Шу ауданы әл-Фараби орта мектебінде
    Қысқы демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, логикалық ойлау қабілетін арттыру және білімге деген қызығушылығын ояту мақсатында 5-6-7Ә сыныптары арасында «Қысқы демалыс:ой мен білім» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді.
    Іс-шараның басты мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту және білімді ойын арқылы меңгерту.
    Интеллектуалды ойын барысында қатысушылар түрлі бөлімдер бойынша сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмалар орындады. Сұрақтар қазақ тілі, әдебиет, математика, тарих, география және жалпы білім салаларын қамтыды.
    Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін еркін ортада көрсете білді. Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Шара соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, жақсы көңіл күймен тарқасты.
    Мұндай интеллектуалды ойындар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген құштарлығын арттырады.
    https://www.facebook.com/share/p/1FaFsSt6Ex/

    Оқушыларды өрт сөндіруші мамандығымен таныстыру

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беруші педагог Акимова Н.Ш. және 8 А,Б сынып оқушылары мен сынып жетекшілерімен бірге қысқы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында №19 ПЧ бөлім басшысы Бекбаев Жандос Рахымбердиевич пен кездесуге бардық. Мақсаты: оқушыларды өрт сөндіруші мамандығымен таныстыру, кәсіби бағдар беру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
    Кездесу барысында өздерінің күнделікті қызметі, міндеттер мен техника құралдары туралы баяндап берді. Балалар өрт сөндірушінің киімдерін киіп, құрал саймандарын көріп, қызықты сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Кәсіби талаптар мен оқу орындары туралы да мағлұмат берілді. Оқушылар мамандықтың маңызын, батылдық пен төзімділік қажет екенін түсініп, осы салаға қызығушылық білдірді. Кездесу барысында мамандық таңдау бағытында ой-пікірлер мен нақты мақсаттар айқындалды.
    https://www.facebook.com/share/p/14Tc4Ppta7c/

    Айнұр Орынтаевна және Гульнар Сайлаубековна шебер сынып өткізді.

    Шу ауданы Білім бөлімі Әл--Фараби атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімдері Айнұр Орынтаевна және Гульнар Сайлаубековна
    «Жаратылыстану сабақтарында заманауи тәсілдер мен тиімді педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру»
    тақырыбында шебер сынып өткізді.
    Мұғалімдер белсенді қатысып, заманауи ЖИ технологиясы мен гемефикация әдістердің қолдану жолдарын талқылап, тәжірибелерімен бөлісті. Пайдалы ойлар мен жаңа идеяларға толы іс-шара болды.
    https://www.facebook.com/share/p/17rFD25gxD/

    Tарих пәні айлығының салтанатты ашылуы өтті

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде тарих пәні айлығының салтанатты ашылуы өтті.Ашылу барысында тас ғасырынан бастап,қазақ хандығының құрылуы, қазақтың ұлы тұлғалары мен егемендік алғанға дейінгі тарихи оқиғалар көрсетіліп іс шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
    Мақсаты: Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу, оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу.
    https://www.facebook.com/share/p/1HxkfBk537/

    Открытие месячника естественных наук

    4 ноября 2025 года в средней школе имени Аль Фараби состоялось торжественное открытие месячника естественных наук. Целью проведения месячника является повышение уровня развития обучающихся, активизация познавательной деятельности,вовлечение учащихся в самостоятельную творческую деятельностьи т.д. На открытии месячника с поздравительной речью выступил директор школы Алиаскаров Ж.У., отметив важность естественных ,фундаментальных наук и призвал учеников принять активное участие в работе месячника.
    Торжественная часть была продолжена стихами и песнями, интеллектуальными играми по всем предметам естественного цикла,а победители были награждены сладкими призами.
    https://www.facebook.com/share/p/14VdPX6WXwN/

    «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасы

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің
    бастауыш сынып мұғалімі Агаева Дильбар Исмаиловна
    «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасына қатысып,
    жүлделі ІІІ орын иеленді!
    Олимпиада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бірлесуімен өткізілді.
    Олимпиаданың мақсаты – мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін арттыру, педагогикалық шеберлігін жетілдіру және кәсіби өсуіне мүмкіндік беру. Сондай-ақ, ұстаздық еңбектің мәртебесін көтеру – бұл бастаманың басты бағыты.
    Агаева Дильбар Исмаиловнаны осы жетістігімен шын жүректен құттықтайды!
    Шәкірт тәрбиесіндегі еңбегіңіз жемісті болып, биік белестерге жете беріңіз!
    https://www.facebook.com/share/p/1De61oMa3k/

    3"ә"сынып мұғалімі Акжаргакова Ж.Н. жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізді.

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби орта мектебінің бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің айлығы барысында 3"ә"сынып мұғалімі Акжаргакова Ж.Н.16.10.2025ж жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізді.
    Тақырыбы:Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар.
    Мақсаты: омыртқалы және омыртқасыз дарға жіктеу.Жануарлардың қаңқаларын ажырату.
    Сабақ барысында оқушылармен психологиялық ахуал жүргізіліп,оқушылар бір-бірлеріне жылы көңіл күй сыйлады.Сабақ барысында жұптық ,топтық ,жеке жұмыстар жүргізілді.
    Сонымен қатар "Артық сөзді тап" "Анықта айдары" ойындары ойнатылып, оқушылар зор қызығушылық танытты.Сабақ соңында алған білімдеріне кері байланыс жасалынды.

    https://www.facebook.com/share/p/17RtxsNzVm/

    Во 2 "А"классе, Чахалова Гульнара Мустафаевна провела открытый урок по русскому языку

    В средней школе имени Аль-Фараби, Шуского района 14.10.25г , во 2 "А"классе, Чахалова Гульнара Мустафаевна провела открытый урок по русскому языку на тему: Семья.Слог .Деление слов на слоги и для переноса.
    Цель урока: Участвовать в диалоге,высказывая своё мнение и выслушивая мнения других;
    - создавать небольшие тексты (рассказ) на основе особенностей художественного стиля (с помощью учителя);
    - делить слова на слоги переносить слова по слогам.
    Ценности: 1.Воспитывать доброжелательность,отзывчивость,умение помогать друг другу.
    2.Формировать умение работать в коллективе, уважительно относиться к одноклассникам.
    Урок начался с эмоционального настроя.
    С беседы о семье и дружбе в нём.
    На уроке была коллективная работа в форме игры: "Накорми медведей".
    Учащийся активно участвовали в игре.
    В групповой работе, создали постер.
    Затем была работа парная, где также ребята показали умение работать в дружбе и согласии.
    Также индивидуальная работа по карточкам, провела фармативное оценивание учащихся.
    Ученики на уроке были активны, получили высокие балы и были конечно очень довольны и радостны.
    Поставленные цели были достигнуты учителем.
    Урок прошел на высоком уровне.
    https://www.facebook.com/share/p/19ynn8uFvR/

    Әл -Фараби атындағы орта мектебінде бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің айлық ашылу салтанаты өтті

    01.10.2025 ж.Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінде бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің айлық ашылу салтанаты өтті. Салтанатты әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Б.С.Асанова мұғалімдер мен оқушыларға өзінің жылы лебізін білдірді.Одан ары қарай мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:А.С.Махатова және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ш.А.Ахметовна құттықтау тілектерін білдірді. Бастауыш сынып – шәкірттің тұлға болып қалыптасуындағы ең алғашқы баспалдағы. Осы жолда бастауыш мұғалімдерінің еңбегі өлшеусіз. Баланың бойына біліммен қатар адамгершілік, ізгілік пен еңбекқорлық қасиеттерін дарыту – бастауыш буын ұстаздарының негізгі мақсаты.
    Әдістемелік бірлестіктің ашылуы – тәжірибе алмасудың, жаңа идеяларды жүзеге асырудың, шығармашылық ізденістің және сапалы білім берудің үлкен қадамы. Бұл орта – ұстаздардың кәсіби деңгейін шыңдап қана қоймай, жас ұрпаққа сапалы білім берудің кепілі болмақ.
    Құрметті әріптестер! Алдағы уақытта бірлестігіміздің жұмысы табысты болып, мектептің мәртебесін арттыра берсін! Бірлестігіміздің ашылу салтанаты құтты болсын!

    https://www.facebook.com/share/p/1JYiNTHqyV/

    27-ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті айлығының жабылу рәсімі болды. Бұл айлық – қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, оның құндылығын дәріптеуге, әдеби мұрамызды насихаттауға бағытталған маңызды шаралардың бірі.

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 27-ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті айлығының жабылу рәсімі болды. Бұл айлық – қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, оның құндылығын дәріптеуге, әдеби мұрамызды насихаттауға бағытталған маңызды шаралардың бірі.
    Айлық бойы қызықты сайыстар, танымдық шаралар, әдеби кештер мен поэзия оқулары өтті. Оқушыларымыздың шығармашылық қабілеті, шешендік өнері, тілге деген сүйіспеншілігі бізді ерекше қуантты.
    Айлық аясында қазақ тілінің байлығын көрсетіп, әдебиетіміздің асыл мұраларын жаңғыртуға атсалысқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Жеңімпаздар мен белсенділік танытқан оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
    Қазақ тілі – халықтың рухани қазынасы, ұлттық болмысымыздың айнасы. Олай болса, осы бай тілімізді қастерлейік, оның дамуына өз үлесімізді қоса берейік!
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1687172342007854/?rdid=eLty1E3rSOz8HnNc&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fv%2F1A6BWiKzK5%2F#

    Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы 7-11 сынып білім алушылары арасында "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

    Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы 7-11 сынып білім алушылары арасында "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
    «Білімгерлер бәйгесі» – бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Каримова Айша ІІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталды. Оқушыны олимпиадаға дайындағаны үшін жетекшісі Б.Тастанбекова "Жамбыл дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталықтың "Алғыс хатымен" марапатталды.

    5-6 Ә сыныптары арасында «Қызықты қазақ тілі әлемі » тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізді.

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің айлығы аясында қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Дүйсекеева Анара Мейрамбекқызы мен Джуманбаева Аида Қалменқызы 5-6 Ә сыныптары арасында «Қызықты қазақ тілі әлемі » тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізді. Мақсаты:оқушылардың қазақ тілі сабағына қызығушылықтарын арттыру,танымдық қабілеттерін дамыту,тілі байлықтарын молайту. Сайыс 4 кезең бойынша өткізілді.
    1. Таныстыру
    2. «Мақал сөздің мәйегі»
    3. «Тіл өнері»
    4. «Жүзден жүйрік»
    5. «Бәйге»
    Сайыс барысында оқушылар екі топқа бөлініп білімдерін сынады.
    Әділқазылардың бағалау нәтижесі бойынша «Сұңқар » тобы жүлделі 1-орынды иеленсе, 2-орынды «Барыс »тобы иеленді.
    Аталған екі топ мадақтама қағаздарымен марапатталып, асханаға тегін кіруге ұтыс сертификаттарын жеңіп алды.Сабақ өте жоғары дәрежеде болып өтті.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1682926325765789/?rdid=OefBAq42ep2bFjuC&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F1Ax8ftYCkA%2F#

    С. Н.Рахимбаева 8-10 орыс сыныптары арасында "Мен қазақша сөйлеймін" атты сайыс өткізді

    20 ақпан күні Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері айлығының аясында пән мұғалімі С. Н.Рахимбаева 8-10 орыс сыныптары арасында "Мен қазақша сөйлеймін" атты сайыс өткізді. Мақсаты: оқушылардың білім көкжиегін кеңейте отырып ,қазақ тілін жетік меңгеруіне ықпал ету, халқымыздың мәдениетін, өнерін , салт -дәстүр мен әдет-ғұрпын бойларына сіңіру , мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.
    Сайыс 4 кезең бойынша өткізілді:
    1.Таныстыру.
    2..Көркемсөз оқу.
    3."Өнерпаз болсаң...". 4. "Ұлттық дәстүр- ұрпаққа мұра". Сайыс барысында оқушылар достығы жарасқан ,салт -дәстүрінің қаймағы бұзылмаған құтты мекен - Тәуелсіз ,егеменді мемлекетте туып -өскендіктерін мақтан тұтатындықтарын, мемлекеттік тілге,салт дәстүрге деген ізгі құрмет сезімдерін Отан ,туған жер, тіл тақырыптарындағы өлең -жырларымен,өнерлерімен тамаша көрсете білді.Жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды .
    Мемлекеттік тілді білу және дамуына өз үлесін қосу - әрбір Қазақстандықтардың міндеті.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1682842062440882/?rdid=0ZXQT3Z7nKFknZRi&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fv%2F18SxjzwRBS%2F#

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің айлығы аясында қазақ тілі пәнінің мұғалімі А. Дүйсекеева 6 "Ә" сыныбымен қазақтың көрнекті жазушысы С.Мұратбековтың «Жусан иісі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің айлығы аясында қазақ тілі пәнінің мұғалімі А. Дүйсекеева 6 "Ә" сыныбымен қазақтың көрнекті жазушысы С.Мұратбековтың «Жусан иісі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
    Мақсаты:оқушылардың әдебиет сабағына қызығушылықтарын арттыру, тіл байлықтарын молайту.
    Сабақ барысында оқушылар «Жусан иісі» шығармасының идеясы мен фабуласын ашып, композициялық талдау жасады.Сабақ барысында жоспарлаған мақсаттарға сай сабақтың барлық құрылымы қамтылып,жаңа әдіс тәсілдердің барлығы игерілді,тақырып ашылды. Сабақтың басы кейіпкер бейнесін ашумен басталса, сабақ ортасында жасанды интеллектерді қамти келе, оқушыларға «Wordwoll» платформасында қызықты тапсырмалар беріліп, викториналық сұрақтарға жауап берді. Сабақ жоғары дәрежеде өтті.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1682186305839791/?rdid=EWrYLgfKa3AnAjKh&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F1C5uaWbuq3%2F#

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру