Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Агаева Дильбар Исмаиловна
«Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасына қатысып,
жүлделі ІІІ орын иеленді!
Олимпиада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бірлесуімен өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін арттыру, педагогикалық шеберлігін жетілдіру және кәсіби өсуіне мүмкіндік беру. Сондай-ақ, ұстаздық еңбектің мәртебесін көтеру – бұл бастаманың басты бағыты.
Агаева Дильбар Исмаиловнаны осы жетістігімен шын жүректен құттықтайды!