Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 8-11 сынып ұл балаларына құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналысқа Шу АПБ ЖПҚБ бастығы, полиция майоры Бекбаулов Даурен Ермаханұлы, полиция капитаны Тойбаев Азамат Қанатұлы, және полиция лейтенанты Мұқтарұлы Еділхан қатысты.
Кездесу барысында:
Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдары;
Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері;
Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік түрлері түсіндірілді.