Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    Ұялы телефонды дұрыс қолдану мәдениеті

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 8–11 сынып оқушыларымен «Ұялы телефонды дұрыс қолдану мәдениеті», «Интернет мүмкіндіктері» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары өткізілді.
    Іс-шараның мақсаты – оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, ұялы телефон мен интернетті тиімді әрі қауіпсіз пайдалануға бағыт беру, интернеттегі қауіп-қатерлерден сақтану жолдарын түсіндіру.
    Түсіндірме барысында оқушыларға ұялы телефонды сабақ барысында орынды пайдалану, уақытты тиімді басқару, интернеттегі пайдалы платформалар мен білім алуға арналған мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, киберқауіпсіздік, жеке деректерді қорғау, зиянды сайттар мен тәуелділіктің алдын алу мәселелері кеңінен қамтылды.
    Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, қойылған сұрақтарға жауап алды. Іс-шара оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізді.
    https://www.facebook.com/share/p/1C8RisX742/

    Балалар мен жасөспірімдер арасындағы интернетке тәуелділік

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 6–7 сынып оқушыларымен «Жеке қауіпсіздік. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы интернетке тәуелділік» тақырыбында ақпараттық сабақ ұйымдастырылды.
    Іс-шараның мақсаты – оқушыларға интернетті қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндіру, интернетке тәуелділіктің алдын алу және цифрлық ортада жауапты мінез-құлық қалыптастыру. Сабақ барысында интернетке тәуелділіктің белгілері, оның оқушылардың психологиялық және физикалық денсаулығына тигізетін кері әсері, әлеуметтік желілер мен онлайн ойындарды шамадан тыс қолданудың салдары туралы кеңінен айтылды.
    Сонымен қатар, жеке деректерді қорғау, кибербуллингтің алдын алу және интернеттегі қауіп-қатерлерден сақтану жолдары түсіндірілді. Сабақ интерактивті форматта өтіп, бейнематериалдар көрсетіліп, оқушылармен пікір алмасу жүргізілді.
    Аталған ақпараттық сабақты АӘД пәні мұғалімі Б.С. Ақжігітов және ДҚТІЖО М. Басжанова өткізді. Іс-шара оқушылардың интернеттегі жеке қауіпсіздік туралы білімдерін арттырып, саналы түрде интернетті қолдануға бағытталды.
    https://www.facebook.com/share/p/17ukGyya5L/

    «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЭКРАН АРҚЫЛЫ

    Шу ауданы Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 2025 жылғы 19 қаңтар күні оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік іс-шара өткізілді.
    Іс-шара барысында «Кітап бетбелгілері емес» («Не книжные закладки») және «Хулиганка» атты қысқаметражды бейнефильмдер көрсетілді. Аталған кинокөрсетілім Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жүзеге асырып отырған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы «Заң және тәртіп» айлығы шеңберінде ұйымдастырылды.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттау, қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтау жауапкершілігін арттыру және азаматтық сананы қалыптастыру.
    https://www.facebook.com/share/p/1D9H3CVVj4/

    Өз құқығыңды біл – өзіңді қорға!

    «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, Заң мен тәртіп айлығы кезінде 9-сынып оқушыларымен «Өз құқығыңды біл – өзіңді қорға!» тақырыбында ашық алаң форматында іс-шара өткізілді.
    Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіп қағидаттарын түсіндіру, өз ойын еркін жеткізуге және жеке пікірін дәлелдей білуге үйрету.
    Ашық алаң барысында:
    оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы ой бөлісті;
    заңға сай және заңға қайшы (жағымды және жағымсыз) әрекеттерге талдау жасады;
    жеке шекараны сақтау, жауапкершілік пен қауіпсіз мінез-құлық мәселелері талқыланды;
    өмірлік жағдаяттар негізінде ашық диалог жүргізілді.
    Іс-шара оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.
    https://www.facebook.com/share/v/1GJq2FE1wn/

    Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: шекараны таны, қорғануды үйрен!

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде қаңтар айында «Бала қауіпсіздігі» тренингтік бағдарламасы аясында
    «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: шекараны таны, қорғануды үйрен!» тақырыбында 8-9 қазақ сыныптарымен тренинг сағаты өткізілді.
    Іс-шараның мақсаты – оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері туралы түсінік беру, жеке шекараны сақтаудың маңыздылығын ұғындыру, қауіпті жағдайларда өзін-өзі қорғау жолдарын үйрету және құқықтық сауаттылықтарын арттыру.
    Тренинг барысында оқушылар:
    зорлық-зомбылықтың физикалық, психологиялық, кибербуллинг сияқты түрлерімен танысты;
    «жеке шекара» ұғымының мәнін түсінді;
    өмірлік жағдаяттар арқылы өз пікірлерін білдіріп, жағымды және жағымсыз әрекеттерді ажырата білді;
    қиын жағдайда кімге және қалай жүгіну керектігін білді.
    Іс-шараны сынып жетекшілері Б.Тастанбекова, Г.Кашкинбаева және ДҚТІЖ орынбасыры М.Басжанова бірлесе жүргізді.
    Тренинг оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

    https://www.facebook.com/share/v/17WAaPjWBt/

    Қауіпсіз тамақтану ережелері

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде
    5-11 сынып оқушыларымен «Қауіпсіз тамақтану ережелері» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    Іс-шара барысында оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызы, тағам қауіпсіздігі, жеке бас гигиенасын сақтау және зиянды тағамдардың адам денсаулығына тигізетін кері әсері түсіндірілді.
    Негізгі зиянды тағамдар:
    фастфуд өнімдері, чипсы, крекер, сухариктер, газдалған тәтті сусындар, тез дайындалатын тағамдар, майлы және қуырылған тағамдар, құрамында жасанды қоспалары бар өнімдер.
    Сонымен қатар, мектеп маңындағы дүкен иелеріне балалардың денсаулығына зиян келтіретін тағамдар мен сусындарды сатпау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    Іс-шараны ұйымдастырып, өткізгендер:
    мектеп медбикесі Есенбай Н.Б.,
    ДҚТІЖО М.Басжанова.

    https://www.facebook.com/share/p/1AcKr1Zq3K/

    Пиратехникалық құралдарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 23.12.2025 жылы орта буын сынып оқушыларымен «Пиратехникалық құралдарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны ДҚТІЖО М.Басжанова өткізді.
    Түсіндірме барысында оқушыларға пиротехникалық бұйымдардың қауіптілігі, оларды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері, заң талаптары және қауіпсіздік ережелерін бұзудың салдары туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, тақырыпқа сәйкес бейнежазба көрсетіліп, бейнематериал бойынша талқылау ұйымдастырылды. Оқушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарына нақты жауаптар алды.
    Іс-шараның мақсаты:
    – оқушылардың пиротехниканы қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы білімін арттыру;
    – жазатайым оқиғалардың алдын алу;
    – оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау;
    – қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
    Ата-аналарға ұсыныстар:
    – балалардың бос уақытын бақылауда ұстау;
    – пиротехникалық бұйымдарды сатып алмау және қолдануға рұқсат бермеу;
    – қауіпсіздік ережелері туралы үнемі түсіндіріп отыру;
    – қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында баламен тұрақты байланыста болу.
    Оқушыларға ұсыныстар:
    – пиротехникалық бұйымдарды қолданбау;
    – қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау;
    – қауіпті жағдай туындаған кезде ересектерге немесе тиісті органдарға хабарлау;
    – өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау.
    Аталған іс-шара оқушылардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, алдын алу жұмыстарының тиімділігін көрсетті.
    https://www.facebook.com/share/p/1BpFPgdj5o/

    Полиция мен балалар – қауіпсіздік үшін бірге

    "Заң және Тәртіп" идеологемасын ілгерілету аясында 20 қараша күні 7–11 сынып оқушылары арасында “Полиция мен балалар – қауіпсіздік үшін бірге” тақырыбында мазмұндама жұмыстары ұйымдастырылды.
    Оқушылар полиция қызметінің қоғамдағы маңызы мен балалардың өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосатын үлесі жөнінде ой қозғап, өз жұмыстарын нақты әрі мазмұнды жеткізуге талпынды.
    Мазмұны терең, тұжырымды жазған оқушылар ерекше атап өтілді.
    Әл -Фараби атындағы орта мектебі — қауіпсіз орта қалыптастыруда өз үлесін қосуын жалғастырады
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1889183678473385/

    Кеуде тұсынан тиген соққы – өмірге қауіпті

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің медбикесі Ф. Алтынбек пен ДҚТІЖО М. Т. Басжанова 12 қараша күні 8–10 сынып оқушыларымен «Кеуде тұсынан тиген соққы – өмірге қауіпті» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
    Іс-шара барысында мамандар оқушыларға денсаулықты сақтау, қауіпсіз мінез-құлық, зорлық-зомбылықтың алдын алу, буллинг пен агрессияның зардаптары, өзара құрмет пен жауапкершілік мәдениеті жайлы кеңінен түсіндірді.
    Сондай-ақ, достық, мейірім, адамгершілік, және бейбіт қарым-қатынас орнату құндылықтарына ерекше назар аударылды.
    Шараның басты мақсаты – оқушылардың өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, дене жарақатының қауіптілігін түсіндіру және қақтығыстарды шешудің бейбіт жолдарын үйрету.
    https://www.facebook.com/share/p/1B3JUJF7ic/

    Буллингтің алдын алу

    Анықтама
    2025 жылдың қараша айында Әл-Фараби атындағы орта мектебінде директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Басжанова және Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Б.С.Ақжігітов 8-10 сынып оқушыларымен буллингтің алдын алу, мектепте ұялы телефон ұстауға тыйым салынғаны, сондай-ақ өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыптарында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
    Іс-шара барысында оқушыларға интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері, әр түрлі сайттармен жұмыс істеу кезінде жеке мәліметтерді қорғау жолдары, сондай-ақ өзара сыйластық пен жауапкершілік мәдениеті жөнінде кеңінен түсіндіріліді.
    https://www.facebook.com/share/p/1Cxzpij7fq/

    Бала қауіпсіздігі – басты назарда!

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 8-11 сынып ұл балаларына құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналысқа Шу АПБ ЖПҚБ бастығы, полиция майоры Бекбаулов Даурен Ермаханұлы, полиция капитаны Тойбаев Азамат Қанатұлы, және полиция лейтенанты Мұқтарұлы Еділхан қатысты.
    Кездесу барысында:
    Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдары;
    Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері;
    Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік түрлері түсіндірілді.
    Мұндай шаралар – жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.
    https://www.facebook.com/share/p/1DD3xpTfCw/

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінің әкімшілігі су айдынындағы қауіпсіздік ережесі бойынша Төле би ауылы, Мамбетаева көшесінде орналасқан канал жағалауларында 30.05.2025 жылы рейд жұмыстары жүргізілді.

    Шу ауданы білім бөліміне қарасты Әл-Фараби атындағы орта мектебінің әкімшілігі су айдынындағы қауіпсіздік ережесі бойынша Төле би ауылы, Мамбетаева көшесінде орналасқан канал жағалауларында 30.05.2025 жылы рейд жұмыстары жүргізілді. Мектеп оқушылары мен ата-аналарға «Суда шомылудың қауіпсіздік ережелері »
    1.Көлдерде,тоғандар мен тоқтау суларда және шалшық суларда шомылу қауіптері,
    2.Аяқ қол тырысу болғанда қандай әрекет жасау,
    3.Су иірімінен шығудың тәсілдері,
    4.Судың қауіптілігі,
    5.Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек көрсету керектігі жайында осы ережелерді ұмытпауын және қатаң сақтауы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, «Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары » жадынамалары таратылды, Сол маңайларда шомылуға тыйым салынғандығы ескертілді.
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    Шу ауданы білім бөлімінің 2025 жылғы 20 мамырдағы №02-03/1295 хатына сәйкес, Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 2025 жылдың 24-25 мамыр күндері оқушылар арасында құқық бұзушылық пен заңға қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды

    ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — ОРТАҚ МІНДЕТ!
    Шу ауданы білім бөлімінің 2025 жылғы 20 мамырдағы №02-03/1295 хатына сәйкес, Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 2025 жылдың 24-25 мамыр күндері оқушылар арасында құқық бұзушылық пен заңға қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды.Ата-аналар, мектеп ұстаздары, Шу аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі және Ювеналды полиция тобы инспекторлары бірлесе отырып, рейдтік топтар құрылып, түнгі уақыттарда түсіндіру және бақылау жұмыстары жүргізілді.
    Аталған күндері 8-11 сынып оқушыларына сағат 22:00-ден кейін ата-анасыз немесе заңды өкілінсіз көпшілік орындарда (мейрамхана, кафе, дискотека, компьютерлік клубтарда) жүруге және мерекелік кештерді ұйымдастыру мен өткізуге қатаң түрде тыйым салынды.Қоғамдық орындарда тәртіпті қадағалау және ережелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында орталық алаң, саябақтар, ойын-сауық орындары мен компьютерлік клубтарда мектептің ер мұғалімдерінен құралған мобильді топтар тарапынан рейдтік іс-шаралар белсенді түрде жүргізілді. Жасөспірімдер мен ата-аналарға заң талаптары мен құқықтық жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары берілді.Іс-шаралардың басты мақсаты — жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетін арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу. Әл-Фараби атындағы орта мектебінің әкімшілігі барлық ата-аналарды балаларының кешкі уақыттағы жүріс-тұрысына жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздігін бақылауға және олардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне бағыт беруге шақырады.
    Бала қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп — бәрімізге ортақ міндет!
    https://www.facebook.com/share/p/1MZopq4smY/

    Уважаемые родители! С началом весенних каникул важно уделить особое внимание безопасности и воспитанию учащихся.

    Уважаемые родители!
    С началом весенних каникул важно уделить особое внимание безопасности и воспитанию учащихся. Каникулы — это время для отдыха, но в то же время важно помнить о предотвращении правонарушений и обеспечении безопасности детей. Администрация школы обращает ваше внимание на следующие вопросы, которые касаются безопасности, воспитания и правонарушений в этот период.
    1. Безопасность и правонарушения:
    • Запрещено выходить на улицу в ночное время: Вечером и ночью не следует позволять детям гулять по улице или собираться в группе без присмотра взрослых. Важно следить за тем, чтобы учащиеся не оказывались в общественных местах, вблизи школы или на игровых площадках в темное время суток.
    • Предотвращение правонарушений: Необходимо следить за тем, чтобы дети не попадали в опасные ситуации, не вступали в контакт с неизвестными людьми, не становились участниками правонарушений. Родители должны быть в курсе, с кем общаются их дети и где они проводят время.
    • Нахождение дома ночью: Важно, чтобы дети использовали ночное время для отдыха, а не для прогулок по улице. Родителям необходимо следить за тем, чтобы их дети не находились вне дома поздно ночью.
    2. Прямая ответственность родителей:
    • Прямой контроль: Родители должны следить за тем, как дети проводят время в каникулы. Это их прямая обязанность — контролировать, где находятся их дети и с кем они общаются.
    • Предотвращение правонарушений: Родителям необходимо обсуждать с детьми их поведение в свободное время, чтобы понять, чем они занимаются в неурочное время. Открытые разговоры с детьми о возможных опасностях и о правонарушениях помогут предотвратить проблемы.
    • Меры безопасности: Родители обязаны обеспечивать безопасность детей как дома, так и на улице. Они должны научить детей правильно вести себя в общественных местах и соблюдать законы и правила безопасности.
    3. Правовая и моральная ответственность:
    • Если учащийся совершает правонарушение в ночное время или находится вне дома без присмотра родителей, ответственность лежит не только на ребенке, но и на родителях. Родители должны тесно сотрудничать с правоохранительными органами, чтобы предотвратить участие детей в правонарушениях.
    • Каждый родитель обязан воспитывать у ребенка правовую грамотность и гражданскую ответственность. Дети должны осознавать последствия своих поступков и научиться соблюдать общественный порядок и законы.
    Уважаемые родители, ваша помощь и внимание к вопросам безопасности детей в период весенних каникул крайне важны. Воспитание, безопасность и здоровье наших детей — это общая задача всех нас.
    С наилучшими пожеланиями,
    Администрация средней школы имени Аль-Фараби
    https://www.facebook.com/share/p/1BoWVyun95/

    Құрметті ата-аналар! Көктемгі демалыс кезеңі басталуымен, оқушылардың демалыс уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізу маңызды.

    Құрметті ата-аналар!
    Көктемгі демалыс кезеңі басталуымен, оқушылардың демалыс уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізу маңызды. Осы ретте, түнгі мезгілде оқушылардың қауіпсіздігі мен құқықбұзушылық мәселелеріне ерекше назар аудару қажет. Оқушылардың тәрбиесі мен қауіпсіздігі — біз үшін басты назарда, және бұл мәселе ата-аналардың тікелей жауапкершілігіне жатады.
    Мектеп әкімшілігі келесідей маңызды мәселелерге назар аударуды сұрайды:
    1. Қауіпсіздік пен құқықбұзушылық:
    • Түнгі уақытта көшеге шығудың алдын алу: Түнгі мезгілде, яғни кешкі уақыттан кейін оқушылардың көшеде жалғыз жүруі немесе топтасып жүріп құқықбұзушылық жасауына жол бермеу керек. Әсіресе, жасөспірімдердің қоғамдық орындарда, мектеп маңында, ойын алаңдарында не болмаса басқа да қауіпті жерлерде болуына мүмкіндік бермеңіздер.
    • Құқықбұзушылықтан сақтандыру: Оқушылардың есірткі, алкоголь немесе басқа да заңсыз әрекеттерге араласуының алдын алу маңызды. Ата-аналар, балалардың қандай ортада жүргенін, кімдермен араласатынын қадағалауы қажет.
    • Түнде үйде болу қажеттілігі: Балалардың түнде уақытты дұрыс ұйымдастырып, үйде болуы тиіс. Түнгі уақытта ата-аналар өздерінің балаларын бақылап, қауіпсіздік шараларына мән беруі тиіс.
    2. Ата-ананың тікелей жауапкершілігі:
    • Тікелей бақылау: Оқушының демалыс уақытын дұрыс пайдалануына ата-аналар жауапты. Оқушылардың қайда екенін, кімдермен жүргенін бақылап отыру — ата-ананың басты міндеті.
    • Құқық бұзушылықты болдырмау: Ата-аналар балаларымен ашық әңгімелесіп, олардың мектептен тыс жерлерде қандай іс-әрекеттермен айналысатынын білуі қажет. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін жасөспірімдерге дұрыс бағыт-бағдар беру керек.
    • Қауіпсіздік мәселелері: Ата-аналар балаларын үйде немесе сыртта қандай да бір қауіп-қатерден сақтандыру үшін үнемі сақтық шараларын қабылдауы керек. Сонымен қатар, оқушыларға қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау, тәртіпке бағыну және заңдарды сақтау қажеттігін түсіндіру қажет.
    3. Құқықтық және моральдық жауапкершілік:
    • Егер оқушы түнгі уақытта қоғамдық орындарда заң бұзатын болса немесе ата-ананың бақылауынсыз болса, ол тек оқушының ғана емес, ата-ананың да жауапкершілігіне жатады. Ата-аналар құқық қорғау органдарымен бірлесіп, балалардың құқық бұзушылыққа қатыспауына күш салуы керек.
    • Әрбір ата-ана өз баласын құқықтық сауаттылыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу керек. Бұл дегеніміз, олар өз әрекеттерінің салдарын түсініп, қоғамдағы тәртіпті сақтауға үйренуі тиіс.
    Құрметті ата-аналар, көктемгі демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сіздердің қолдауларыңыз бен жауапкершіліктеріңіз өте маңызды. Балаларымыздың денсаулығы, қауіпсіздігі, және тәрбиесі — бәріміздің ортақ міндетіміз.
    Ізгі тілекпен,
    Әл-Фараби атындағы орта мектеп әкімшілігі
    https://www.facebook.com/share/p/1BoWVyun95/

    "Заң және тәртіп" айлығы аясында "Дебат" үйірмесінің жетекшісі Б.Тастанбекова 8-9 сынып оқушыларымен "Жасөспірімдердің міндеттері мен құқықтары " тақырыбында жолдастық кездесу өткізді.

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Заң және тәртіп" айлығы аясында "Дебат" үйірмесінің жетекшісі Б.Тастанбекова 8-9 сынып оқушыларымен "Жасөспірімдердің міндеттері мен құқықтары " тақырыбында жолдастық кездесу өткізді.
    Мақсаты: жасөспірімдер арасында құқықтары мен міндеттері туралы түсінікті кеңейту, өз ойларын жеткізу қабілетін дамыту және жолдастық қарым-қатынасты нығайту.
    Әр командаға өз ұстанымдарын қорғауға 5-7 минут уақыт берілді. Қарсы тараптың сұрақтарына жауап беру үшін қосымша 3-5 минут бөлінді. Әр команда өз ұстанымын қысқаша таныстырып, аргументтер мен нақты мысалдарды келтірді.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1661569151234840/?rdid=MCrAoXkXAiZGP1IE&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fv%2F18TbnTazRw%2F#

    «Заң және тәртіп» айлығының аясында педагог-ұйымдастырушы Бакбергенова Г.Б. мектепшілік сурет байқауын өткізді.


    Шу ауданы білім бөлімі
    Әл-Фараби атындағы орта мектебі
    20.01.2025жылы «Заң және тәртіп» айлығының аясында
    педагог-ұйымдастырушы Бакбергенова Г.Б. мектепшілік сурет байқауын өткізді.
    Байқаудың мақсаты:
    «Заң және тәртіп» құндылықтарын дәріптеу,оқушылардың заң талаптарын түсініушнн және құрметтеуін қалыптастыру,құқықтықмәдениетінарттыру,сондай-ақ құқық бұзышылықтың алдын алу,балалардың шығармашылыққабілеттерін арттыру.
    Көркем еңбек пәні мұғалімдері Б.А. Шуратбаев пен Буенбаева Г.Т. оқушылардың жұмыстарын бағалап,оның ішінен 5-Ә сынып оқушысы Әнепия Айымның жұмысы үздік деп танылып,аудандық байқауына жіберілді.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1661541724570916/?rdid=kHOsshId3xrTBLdx&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F1584Un4rXp%2F#

    "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Заң және тәртіп" айына орай , бала қауіпсіздігін бағамдау

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде , құқықтық тәрбие бойынша "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Заң және тәртіп" айына орай , бала қауіпсіздігін бағамдау көзделіп отыр .
    Бұл тұрғыда , білім алушылардың заң талаптарын түсінуі , құқықтық мәдениетті арттыру , құқық бұзушылықты болдырмау және құқық бұзушылықтың алдын алу барысы сарапталып , айлық шеңберінде атқарылатын іс - шаралар түзіліп , бекітілді .
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1659395804785508/?rdid=4mxc2bjs5VCdWuGw&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F1Ay8oCc7GY%2F#

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру