Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ «Средняя школа имени Аль-Фараби» Шуского районного отдела образования Жамбылского областного управления образования
  • kz
  • ru
  • Меню школы

    Статьи

    11-сынып оқушыларының кәсіптік бағдар беру сауалнамасының қорытындысы бойынша

    Мектептің 2025-2026 оқу жылына арналған  жұмысы жоспарына сәйкес 11-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру бағытында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты – бітіруші түлектердің кәсіби өзін-өзі анықтау деңгейін анықтау.

    Сыныптағы оқушылар саны: 16 Қатысқаны: 16 (100%)

    Сауалнама нәтижелері:

    • Мамандық таңдаған – 3 оқушы
    • Бірнеше нұсқасы бар – 4 оқушы
    • Әлі анықталмаған – 6 оқушы
    • Педагог – 2
    • Медицина - 1

    Оқушылардың басым бөлігі  болашақ мамандығын таңдау үстінде.

    Қорытынды:

    Сауалнама нәтижесі 11-сынып оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтау деңгейіңде  бірқатар оқушылар болашақ мамандығын таңдауда қиындықтар кездесетіндігін көрсетті.

    Ұсыныстар:

    1. Мамандық таңдауда шешім қабылдамаған оқушылармен жеке кеңес жүргізу.
    2. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру.
    3. Кәсіптік бағдар бойынша психологиялық тестілеу жұмыстарын жалғастыру.
    4. Ата-аналармен бірлескен түсіндіру жұмыстарын күшейту.
     

    9 а,б -сынып оқушыларының кәсіби ой-ниетін анықтау сауалнамасының қорытындысы

    Өткізілген күні: 26.11.2025 ж Қатысқан оқушылар саны: 27 Сауалнама мақсаты: Оқушылардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығы мен кәсіби бағыт-бағдарын анықтау.

    Сауалнама нәтижесі:

    Сауалнама қорытындысы бойынша:

    • 67% оқушы болашақ мамандығын нақты таңдаған.
    • 33% оқушы мамандық таңдауда әлі нақты шешім қабылдамаған.

    Таңдалған мамандық бағыттары бойынша:

    • Гуманитарлық бағыт –  4 оқушы
    • Жаратылыстану-математикалық бағыт -  15 оқушы
    • Техникалық мамандықтар – 2 оқушы
    • Медицина саласы – 3 оқушы
    • Басқа бағыттар – 3 оқушы

     Қорытынды:

    Зерттеу нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі жаратылыстану бағытына қызығушылық танытатыны анықталды. Бірқатар оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстарын күшейту қажеттілігі байқалады. Әсіресе, мамандық таңдауда нақты шешім қабылдамаған оқушылармен жеке және топтық жұмыстар жүргізу ұсынылады.

    Ұсыныс:

    1. Мамандықтар жәрмеңкесін ұйымдастыру.
    2. ЖОО және колледж өкілдерімен кездесу өткізу.
    3. Психологиялық кәсіби бағдар тесттерін жүргізу.
    4. Ата-аналармен бірлескен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру