Мектептегі "Жас қыран" және "Жас ұлан" ұйымдарына қабылдау салтанаты
25-қазан Республика күніне орай мектепте салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Іс-шара барысында еліміздің патриоттық ұйымдары – "Жас ұлан" және "Жас қыран" қатарына жаңа мүшелер қабылданды.
"Жас Қыран" ұйымы қатарына 2–сыныптардан барлығы 8 оқушы қабылданып, өздерінің анттарын берді. Олар Отанға адал қызмет етуге, елінің нағыз патриоты болуға уәде етті.
"Жас Ұлан" ұйымы қатарына 5-сыныптардан 28 оқушы қабылданып, өз төсбелгілерін тағып, салтанатты түрде ант қабылдады.
Бұл шараның басты мақсаты – жас буынды отансүйгіштікке, бірлікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының жоспары бойынша ұйым мүшелері мен еріктілер «Аялы алақан» ұранымен қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Бұл шараның басты мақсаты – қамқорлыққа, мейірімге, ізгілікке баулу және көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету болды.
Іс-шара барысында оқушылар өз еріктерімен көмек көрсетіп, адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Мұндай игі бастамалар оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өз ортасына үлгі болуға бағытталған. https://www.facebook.com/share/p/1FYgNUGkca/
Әл -Фараби атындағы орта мектебінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Жас ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық жоспарына сәйкес Дармарка “Заттарға екінші өмір сыйла” акциясы 2-10 сыныптар арасында өтті.
Акцияның мақсаты: ескі заттарды қоқысқа тастамай,қажеттілікке жарату,әр затқа екінші өмір сыйлау. Қоршаған ортаны ластамауға, аялап күтуге тәрбиелеу.
Акцияға белсене қатысқан сыныптар мен оқушылар мадақтамамен марапатталды.
Осы іс - шараға белсене қатысып, үлесін қосқан ата-аналарға алғыс білдіреміз!