Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, көлік қауіпсіздігі туралы хабардар болу, жолдағы қауіпті жағдайлардың алдын алу және өмірге қауіп төндіретін жағдайлардан қорғану мақсатында мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мөлдір Басжанова және АӘТД пәнінің мұғалімі Ақжігітов Береке оқушыларға мопед пен мотоциклді басқарудың заңдық талаптары мен қауіптері туралы түсіндірме жұмыстарын өткізді.
    Жасөспірімдердің тәжірибесі мен реакциясы жеткіліксіз; қауіпсіздік ережелерін бұзу өздеріңізге де, айналаңыздағы адамдарға да қауіп төндіреді; жол-көлік оқиғаларында жасөспірімдердің қатысуы жылдан жылға артып келеді; сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен басқа жүргізушілердің қауіпсіздігіне де қауіп төндіруі мүмкін.
    16 жасқа толмай мопед айдамаңыздар; жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар; көлікті басқарған кезде әрдайым жол белгілерін, жылдамдықты және басқа қатысушыларды қадағалаңыздар; жауапкершілік – ер жеткеннің белгісі.
    Балалардың амандығы – біздің ортақ жауапкершілігіміз.
    Қауіптің алдын алайық, жол қозғалысы ережелерін сақтайық және ерте жастан тәртіп пен
    жауапкершілікке үйренейік!
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1829190747806012/

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру