Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби орта мектебінде 11 қыркүйек күні Отбасы күніне орай 9-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы» тақырыбында тағылымды кездесу өткізілді.
Шара барысында отбасының қоғамдағы орны, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық, ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбие туралы мазмұнды ойлар айтылды.
Кездесуге қатысқан қонақтар өз тәжірибесімен бөлісіп, жас буынды отбасын құрметтеуге, татулық пен ынтымақты жоғары қоюға шақырды.
Оқушылар ой-пікірлерін ортаға салып, мәнді сұрақтар қойды.
Шара жас ұрпақтың бойына отбасы қадірін, ата-анаға құрмет, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу сынды асыл қасиеттерді дарытуға бағытталды. https://www.facebook.com/share/v/1AC6zta8wi/