Шу ауданының білім бөлімінің Әл Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Г.Т.Касымбекова 2”Ә”сынып білім алушылармен “Рақмет ана“ атты тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағаттың мақсаты: Оқушылардың бойында ізгілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатында балалар өз қолдарымен аналарына арнап сурет салып,гүл шоқтарын жасады.Аналарына арналған құттықтау сөздерін,тақпақтарын айтты.Сонымен қатар қауіпсіздік сабағы өткізілді.Қауіпсіздік сабағы» – «Есік қағылды. Қауіпті қалай тануға болады?» Білімалушыларды үйдегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Тәрбие сағатынан оқушылар мол әсер алды.