Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 8–11 сынып оқушылары арасында құқықтық бағыттағы маңызды кездесу өткізілді.
Кездесуге қатысқандар:
Алиаскаров Жанат Узакпаевич – мектеп директоры
Мыңжасаров Қуаныш – Шу аудандық полиция бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі аға инспекторы
Төлегенова Шолпан Ахметовна – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Басжанова Мөлдір – директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ұлдармен жұмыс жетекшісі
Іс-шара барысында қаралған негізгі тақырыптар:
«Жасөспірімдер арасындағы буллингтің, әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу»
«Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы» (ҚР ӘҚБтК және ҚК баптарына сәйкес)
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»
Жол қозғалысы ережелері, әсіресе мопед, электросамокат, электромобиль сияқты көлік құралдарын жүргізу тәртібі
Мыңжасаров Қ.Т. оқушыларға ҚР заңнамасындағы құқықтық нормалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы нақты мысалдар келтірді. Құқық бұзушылықтың салдары, оның ішінде бопсалау, әлімжеттік, бейәдеп мінез-құлықтың заң алдындағы жауапкершілігі кеңінен қамтылды.
Тақырыпты тереңірек түсіндіру мақсатында бейнероликтер көрсетіліп, олардың мазмұны төңірегінде оқушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.
Кездесудің басты мақсаты – құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің бойында өзара сыйластықты, қоғамдық тәртіпті сақтау, заңға бағыну дағдыларын дамыту болды.
Сонымен қатар, оқушыларға:
Жол қауіпсіздігін сақтау
Қоғамдық орында тәртіп ережелерін ұстану
Электрлі көлік құралдарын пайдаланудағы шектеулер туралы кеңес берілді.
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Баланың әрбір әрекеті – оның болашағына әсер етеді. Құқықтық тәрбие тек мектеп қабырғасында емес, ең алдымен отбасында басталады.
Буллинг, әлімжеттік, бопсалау – бұл жай әзіл емес, заңмен жазаланатын әрекеттер екенін есте сақтайық!