Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 6"ә" сыныбында «Еңбек етсең емерсің» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру,еңбекқорлыққа, адалдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Халық даналығын, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер арқылы еңбек құндылықтарын дәріптеу. Оқушылар еңбекқор адамдардың өмірінен мысалдар келтіру арқылы ортада ой бөлісіп, топ арсында шығармашылық тапсырма орындады. Мұғалім оқушыларды еңбексүйгіштікке шақыра отырып, «Кімде-кім еңбектенсе, ол өзінің жемісін көреді. Еңбексіз өмір – мәнсіз өмір» деген оймен аяқтайды. https://www.facebook.com/share/v/1ATHFL6Cpm/