Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтті.
    Мерекелік шараға саналы ғұмырын бала тәрбиесі мен білім беру ісіне арнаған ардагер ұстаздарымыз Алиев Усен Ибрагимович, Наджибова Зухра Махамматовна және Аскерова Назли Фазайровна құрметті қонақ ретінде қатысты.
    Салтанатты жиынды мектеп директоры Алиаскаров Жанат Узакпаевич ашып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Білім алушыларға сәттілік тілеп, заман талабына сай сапалы білім алып, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын саналы азамат болудың маңызын атап өтті.
    Бүгінде Әл-Фараби атындағы орта мектебі – жаңашылдыққа ұмтылған, білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, әр оқушының қабілетін дамытуға бағытталған заманауи білім ордасы. Мектеп ұжымы жаңа оқу жылын тың бастамалармен қарсы алып, білім сапасын арттыру мен оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау жолындағы жұмысын жалғастыра бермек.
    Жаңа оқу жылындағы алғашқы қоңырауды соғу мәртебесі 1-сынып оқушысы Абжанова Мариям мен 11-сынып оқушысы Гасанов Исмайлға бұйырды. Сыңғырлаған қоңырау үні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін білім әлеміне бастар жаңа жолдың, ал бітіруші түлектер үшін жауапты оқу жылының басталғанын білдірді.
    Жаңа оқу жылы барша ұстаздарымызға шығармашылық табыс, оқушыларымызға терең білім мен биік жетістіктер, ата-аналарымызға қуаныш әкелсін! Білім күні құтты болсын!
    https://www.facebook.com/share/v/1EQSZwYwzM/

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру