Мектептегі "Жас қыран" және "Жас ұлан" ұйымдарына қабылдау салтанаты
25-қазан Республика күніне орай мектепте салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Іс-шара барысында еліміздің патриоттық ұйымдары – "Жас ұлан" және "Жас қыран" қатарына жаңа мүшелер қабылданды.
"Жас Қыран" ұйымы қатарына 2–сыныптардан барлығы 8 оқушы қабылданып, өздерінің анттарын берді. Олар Отанға адал қызмет етуге, елінің нағыз патриоты болуға уәде етті.
"Жас Ұлан" ұйымы қатарына 5-сыныптардан 28 оқушы қабылданып, өз төсбелгілерін тағып, салтанатты түрде ант қабылдады.
Бұл шараның басты мақсаты – жас буынды отансүйгіштікке, бірлікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.