Кітапхана апталығы аясында Әл-Фараби атындағы орта мектептің кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» атты игі шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: оқушылар мен ата-аналарды кітап оқуға баулу, кітап қорын толықтыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың кітапханаға деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында оқушылар, ұстаздар және ата-аналар мектеп кітапханасына түрлі жанрдағы көркем әдебиеттер мен танымдық бағыттағы жаңа кітаптарды сыйға тартты. Кітапхана қоры оқушыларға қажетті әдебиеттермен толықтырылып, арнайы «Сыйланған кітаптар» бұрышы жасалды.
Кітап сыйлаған оқушылар мен ата-аналарға алғыс білдіріліп, кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның білім мен мәдениеттің қайнар көзі екені туралы түсіндірілді. Сонымен бірге кітапхана қызметкері жаңа түскен кітаптармен таныстырып, жас оқырмандарды кітапты күтіп ұстауға, жиі оқуға шақырды.
Бұл іс-шара оқушылардың кітап әлеміне деген қызығушылығын арттырып, мектеп кітапханасының қорын байытуға үлес қосты.