Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    01.10.2025 ж.Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінде бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің айлық ашылу салтанаты өтті. Салтанатты әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Б.С.Асанова мұғалімдер мен оқушыларға өзінің жылы лебізін білдірді.Одан ары қарай мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:А.С.Махатова және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ш.А.Ахметовна құттықтау тілектерін білдірді. Бастауыш сынып – шәкірттің тұлға болып қалыптасуындағы ең алғашқы баспалдағы. Осы жолда бастауыш мұғалімдерінің еңбегі өлшеусіз. Баланың бойына біліммен қатар адамгершілік, ізгілік пен еңбекқорлық қасиеттерін дарыту – бастауыш буын ұстаздарының негізгі мақсаты.
    Әдістемелік бірлестіктің ашылуы – тәжірибе алмасудың, жаңа идеяларды жүзеге асырудың, шығармашылық ізденістің және сапалы білім берудің үлкен қадамы. Бұл орта – ұстаздардың кәсіби деңгейін шыңдап қана қоймай, жас ұрпаққа сапалы білім берудің кепілі болмақ.
    Құрметті әріптестер! Алдағы уақытта бірлестігіміздің жұмысы табысты болып, мектептің мәртебесін арттыра берсін! Бірлестігіміздің ашылу салтанаты құтты болсын!

    https://www.facebook.com/share/p/1JYiNTHqyV/

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру