Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Оян, қазақ, ойлан, қазақ!» тақырыбында Шу ауданы оқушылары арасында аудандық пікірсайыс турнирі өткізілді. Аталған зияткерлік додаға мектебімізден "Айбар" фракциясы қатысып өз ойларын еркін жеткізіп, ұлттық құндылықтар мен ел болашағы жайлы өз көзқарастарын дәлелді түрде қорғады.
Турнир барысында Әнепия Адиля мен Шынболат Зере жоғары деңгейде пікір айтып, белсенділігімен және шешендігімен ерекшеленіп, «Үздік талпыныс» номинациясы бойынша марапатталды.
Жас спикерлердің бұл жетістігі – олардың ізденісі мен азаматтық көзқарасының айқын көрінісі. Осындай білімді, ойлы жастар – ел болашағының кепілі. https://www.facebook.com/share/p/17kNNJUP18/
Шу ауданы білім мекемелерінің 7-8 сынып оқушылары арасында 2025 жылдың 5 желтоқсан күні тоғызқұмалақтан «Мектеп лига» жарысының финалдық кезеңі өтті. Жарыс командалық есепте айналмалы жүйемен өткізілді. Командалар жеребе бойынша екі топқа бөлініп, өз-ара мықтыларды анықтады. Содан кейін әр топтан бірінші және екінші орын иеленген командалар жартылай финалға шығып жүлделі орындарды сарапқа салды. Ойын барысында ойыншылар қарсыластарына «тұздық» бермеуге тырысты, керісінше өздері «тұздық» құрып алуға, не болмаса қарсыласын «атсырауға» ұшыратуға әрекеттер жасап жатты. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы орта мектебінің командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Команданың құрамында Тауасар Диас 7Ә, Шынболат Нұртас 8Ә, Меліс Аяулым 7Ә, Төрехан Нұрайым 7Ә сынып оқушылары ойнады. Команданы дайындаған Дуйсебаев Арман Мергенович дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. https://www.facebook.com/share/p/1D4JU66YDS/
Шу ауданы білім бөлімінің,Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушысы Махаматова Амина "Менің кіші Отаным" атты жас тарихшылардың аудандық интеллектуалдық байқауына қатысып «Менің туған өлкемнің болашағы» номинациясы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды. https://www.facebook.com/share/p/1ADnQpYJdY/
Ұлы Отан Соғысының 80-жылдық Жеңісіне арналған аудандық байқауда жүлделі орынға ие болған оқушымыз!
Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Бадырова Дильша Орыс әдебиеті пәні бойынша өткен аудандық байқауда ерекше жетістікке жетті. Ол Ұлы Отан Соғысының 80-жылдық Жеңісіне арналған байқауда "Мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша І-ші орынды иеленді!
Бұл жеңіс – Дильшаның оқу мен өнерге деген сүйіспеншілігінің, еңбегінің және табандылығының жемісі. Жеңіс – тек қана оның таланты мен шыдамдылығын көрсетіп қана қоймай, болашаққа деген үлкен мүмкіндіктердің есігін ашатыны сөзсіз.
Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 4 "ә" сынып оқушысы Хаким Інжу Қуатқызы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовты еске алуға арналған таеквондодан жасөспірімдер арасында өткен республикалық турнирде 26 кг- дық салмақта жекпе- жекке шығып, жүлделі 2- орынды иеленді.Табандылығы мен қажырлы еңбегінің арқасында үнемі жүлделі орындарға ие болып келетін оқушымыздың алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жеңістерімен қуантатынына сенімдіміз. Сәттілік пен шабыт әрдайым серігі болсын! https://www.facebook.com/share/p/18rJA2W7pJ/
Шу ауданы білім бөлімі Әл Фараби атындағы орта мектебінің 11Ә сынып оқушысы Әнепия Жания Ауыл Мектептерінің Республикалық олимпиадасының Жамбыл облысы бойынша география пәнінен жеңімпаз атанды. Жания олимпиададан жүлделі ІІ -ші орынды иеленіп, дипломмен және медальмен марапатталды. Марапатын мектеп директоры Жанат Ұзақбайұлы Алиаскаров тапсырды.
Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің педагог-психологы Раимбаева Улдана Серікбайқызы Жамбыл облыстық психологиялық қолдау орталығы 25 желтоқсан психологтар күніне орай ұйымдастырған “Үздік жантанушы 2024” байқауында аудандық кезеңнен I орын иеленіп, облыстық байқауда жүлделі ІІ орынды иеленді. https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=1644090966315992&id=358791214845980