Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    Отбасындағы зорлық-зомбылықтың түрлері мен формалары

    Жамбыл облысы Шу ауданы "Әл-Фараби" атындағы орта мектепте маңызды тренинг өтті.
    "Әл-Фараби" атындағы орта мектептің педагог-психологтары:
    Ибраева Эльмира Аманқұлқызы, Тұрысбек Айдана Ұзаққызы және
    ДҚТІЖО Басжанова Мөлдір бірлесіп, мектеп педагогтарына арналған тренинг сабақ өткізді.
    Тренинг тақырыбы:
    «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың түрлері мен формалары»
    Мақсаты:
    Педагогтардың отбасындағы зорлық-зомбылықтың негізгі түрлері мен формалары туралы білімін кеңейту, зорлық-зомбылық белгілерін ерте анықтау, алдын алу жолдарын түсіндіру және мұғалімдердің кәсіби-психологиялық құзыреттілігін арттыру.
    Тренинг барысында қатысушылар белсенді пікір алмасып, өмірлік жағдаяттар талданып, практикалық тапсырмалар орындалды. Сабақ педагогтардың балалармен және ата-аналармен жұмыс барысында психологиялық сезімталдығын арттыруға бағытталды.
    Бірлескен жұмыс – қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасының кепілі!
    https://www.facebook.com/share/p/14XGGcvidHD/

    Қыздың ұяты - Ұлттың ұяты

    Жамбыл облысы Шу ауданы Әл-Фараби атындағы орта мектепте "Қыздың ұяты - Ұлттың ұяты" атты тақырыпта Қыздар жиналысы өткізілді.
    Мақсаты: Қыз балалардың өзін- өзі құрметтеу,ұлттық құндылықтарды бағалау,жеке жауапкершілік пен әдеп ұғымдарын түсінуіне ықпал ету: өз пікірін еркін,мәдениетті түрде білдіруге үйрету.
    https://www.facebook.com/share/p/1ATnTDh5vJ/

    9-10 сынып оқушылары арасында «Арман әлемімізге саяхат» атты тренинг

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің педагог-психологтары Э.А. Ибраева мен А.Ұ. Тұрысбек 2025 жылдың қараша айының 14 күні PISA-ға дайындау мақсатында 9-10 сынып оқушылары арасында «Арман әлемімізге саяхат» атты тренинг өткізді.
    Тренингтің мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, оқуға деген қызығушылығын арттыру, жауапкершілігін қалыптастыру. Армандарға үйрену, арманымыздың орындалуы үшін қажетті іс әрекеттер жүйесін нақтылау, дұрыс орындауға ұмтылу, қиыншылықты мойымау, үнемі позитивті көңіл күйде болу. Тренингке 23 оқушы қатысты.

    https://www.facebook.com/share/p/16vAgweT3r/

    Сенің қолыңнан келеді, сен жетесің! PISA – ға дайындау

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің педагог-психологтары Э.А. Ибраева мен А.Ұ. Тұрысбек 2025 жылдың қараша айының 21 күні PISA – ға дайындау барысында психологиялық қолдау тұрғысынан тренинг түрінде жұмыс жүргізілді.
    Жұмыстың тақырыбы: «Сенің қолыңнан келеді, сен жетесің!»
    Бұл жаттығу мақсатқа бағытталған тренингі үшін үйлеседі, ол қатысушыларға өз мақсатын ұғынып, оларға жетудің кезеңдерін белгілеп, кедергілерді, ал ең бастысы – мақсатқа жету жолында қолдау беретін көмекшілерді табуға көмектеседі.
    Өткізу шарттары: жаттығу бірін-бірі бұрыннан танитын және белгілі сенімділік деңгейі бар жасөспірімдерге арналған.
    Оқушылармен жалпы трениг бойынша, ойын, жаттығу, пікірлесу әнгіме өткізілді. Оқушылардың әлі де ойлары жүйелі түрде жинақталмаған екені анықталды. Болашақта арманымыздың орындалуы үшін қажетті әс әрекеттер жүйесін нақтылау, қиыншылықты мойымау, үнемі позитивті көңіл күйде болуға қандай іс-әрекеттер жасау қажеттілігін жаттығу арқылы өткізілді. Кейбір оқушылардың кәзіргі кезенде. Нақты қойылған мақсаттары бар екенін білдірді. Оқушылар өз бойларындағы жақсы қасиеттерін мақтан тұтып, жаман қасиеттерін жоямыз деп , ал тілеген арман тілектеріміз орындалсын деп хошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтады.
    https://www.facebook.com/share/p/1C4LCa476K/

    Әл -Фараби атындағы орта мектебінің педагог-психологтары Алимбекова Р.С. мен Раимбаева У.С. психологиялық айлық аясында “Қарым-қатынас” күні жас мамандармен “Жас келсе іске” атты тақырыпта тренинг ұйымдастырды

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінің педагог-психологтары Алимбекова Р.С. мен Раимбаева У.С. психологиялық айлық аясында “Қарым-қатынас” күні жас мамандармен “Жас келсе іске” атты тақырыпта тренинг ұйымдастырды. Жас мамандардың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және дамытқысы келетін дағдылары туралы ақпарат ала отырып, көшбасшылық қабілеттерін дамытатын, заман талабына сай ширақ болуға бағытталған бірнеше жаттығулар жүргізді.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1676342769757478/?rdid=cvccujycCT96olWl&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fv%2F1B2Qyi9iCY%2F#

    “Объективте тек қана позитив” тақырыбында фото суреттер көрмесін ұйымдастырды.

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінің педагог-психологтары Алимбекова Р.С. мен Раимбаева У.С. психологиялық айлық аясында “Сезім және эмоция” күні оқушылардың өмірге деген сүйіспеншілігін, мектеп оқушылары арасында достық қарым-қатынасты арттыру мақсатында 1-11 сынып оқушыларының мектеп өміріндегі қызықты сәттерінен “Объективте тек қана позитив” тақырыбында фото суреттер көрмесін ұйымдастырды.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1672334680158287/?mibextid=wwXIfr&rdid=o3R0XvtDG9djfZrg&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F15xwkLT3Uv%2F%3Fmibextid%3DwwXIfr#

    “Отбасы-тәрбиенің алтын діңгегі” атты тақырыпта тренинг сабақ

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінің педагог-психологтары Алимбекова Р.С. мен Раимбаева У.С. психологиялық айлық аясында ата-аналармен “Отбасы-тәрбиенің алтын діңгегі” атты тақырыпта тренинг сабақ жүргізілді. Мақсаты: : Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қалыптастыру. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыру басты міндет екендігін ерекше атап өтті. Балаларға үнемі психологиялық қолдау керектігі айтылып, жаттығулар жүргізілді.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1666226334102455/?rdid=yvWoTRAe9jdgY1el&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F18bpaVDZdf%2F#

    Педагог-психологтары Алимбекова Р.С. мен Раимбаева У.С. психологиялық айлық аясында ата-аналармен “Әр бала бақытты болуға лайықты” атты тақырыпта тренинг

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінің педагог-психологтары Алимбекова Р.С. мен Раимбаева У.С. психологиялық айлық аясында ата-аналармен “Әр бала бақытты болуға лайықты” атты тақырыпта тренинг жүргізді. Мақсаты: ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету. Психологтар ата-аналарға баланың сезімдерін түсініп, оның дамуына, психологиялық жағдайына әсер ететін дұрыс амалдармен таныстырды. Сонымен қатар, бір- бірін тыңдау және қолдау көрсету арқылы отбасы ішінде өзара құрмет пен сенімді қарым-қатынас орнатуға психологиялық тұрғыдан ықпал етуіне кеңес берді. Тренинг барысында ата-аналармен бірнеше жаттығулар жасалды.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1672302346828187/?rdid=hQLxdXp90HNkrlNE&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F1GGPUk3wfe%2F#

    «Өмір қымбатсың маған» тақырыбында эссе

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінің педагог-психологтары Алимбекова Р.С. мен Раимбаева У.С. психологиялық айлық аясында оқушылардың өмірге деген сүйіспеншілігін, оң көз-қарасын қалыптастыру мақсатында 7-10 сынып оқушыларымен «Өмір қымбатсың маған» тақырыбында эссе жазды.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1666222844102804/?rdid=ytaZe4DB5Ga1qgFC&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F14xmZyhi5H%2F#

    “Мектепке деген мейірімділік”

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінің педагог-психологтары Алимбекова Р.С. мен Раимбаева У.С. психологиялық айлық аясында оқушылармен “Мектепке деген мейірімділік” тақырыбында тілек ағашын стикерлермен толтырып, қызықты викториналық сұрақтарға жауап ала отырып, оқушыларды ынталандыру мақсатында кәмпиттер таратты.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1662335551158200/?rdid=UwmGxwpcJw6vF0UC&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fv%2F1DoDqY58pC%2F#

    "Психологиялық айлықтың" ашылу салтанаты

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінің педагог-психологтары Алимбекова Р.С. мен Раимбаева У.С. Шу ауданы, білім бөлімінің 2025 жылғы 15 қаңтардағы 02-03/0081 хаты негізінде "Психологиялық айлықтың" ашылу салтанатын өткізді. “Тілек айту” мектеп қызметкерлер мен мұғалімдерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында жақсы тілектер айтылып, дәруменге толы жемістер сыйға тартылды.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1662108207847601/?rdid=i15WZJMRznj20yE0&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fv%2F1Eea3q1EgJ%2F#

    "Буллингтен қорған – өзіңді қорғауды үйрен" тақырыбында тәрбие сағаты

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 20-қаңтар күні сынып жетекшілер Б.Тастанбекова мен Г.Кашкинбаева 7-8 қазақ сыныбының оқушыларымен "Буллингтен қорған – өзіңді қорғауды үйрен" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
    Мақсаты:
    1. Оқушыларды буллинг ұғымымен таныстыру.
    2. Буллингтің салдары мен зардаптарын түсіндіру.
    3. Өздерін буллингтен қорғау жолдарын үйрету және құрбыларымен мейірімді қарым-қатынас орнатуға баулу.
    Сабақтың басында
    мұғалімдер оқушыларға:
    -"Сендер "буллинг" деген сөзді естідіңдер ме? Бұл сөз нені білдіреді?" деген ой тастады.
    Буллинг – бұл адамның жеке басына психологиялық, физикалық немесе сөзбен зақым келтіру, қорқыту немесе қысым көрсету.
    Сабақ барысында оқушылар екі топқа бөлініп, "буллинг", "кибербуллинг" жайлы ой-пікірлерін білдіріп, сахналық қойылым көрсетіп, жағдаяттық мәселелерді шешуге тырысты.
    Тәрбие сағаты оқушыларды буллинг туралы ақпараттандырып қана қоймай, өздерін және басқаларды қорғауға үйретті.
    Сөз соңы: "Барлық адам мейірімділік пен құрметке лайық. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, буллингке жол бермейік!"
    Бұл тәрбие сағаты оқушыларды буллинг туралы ақпараттандырып қана қоймай, өздерін және басқаларды қорғауға үйретеді.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1661414381250317/?rdid=Cgf95Wg2NWgEUn1d&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fv%2F18RXF4QPC1%2F#

    в средней школе имени Аль-Фараби в 8 "А" классе был проведен классный час на тему: "Защитись от буллинга!"

    Отдела образования Шуского района , 20 января в средней школе имени Аль-Фараби в 8 "А" классе был проведен классный час на тему: "Защитись от буллинга!". Цели: формирование негативного отношения детей к таким понятиям, как буллинг; формирование умения найти пути выхода из ситуаций травли; формирование толерантного отношения к сверстникам; закрепление понятий буллинг. В ходе классного часа классным руководителем были рассказаны виды буллинга и пути выявления и предотвращения буллинга. Учащимся было предложено несколько вопросов, на которые они должны были ответить письменно. В завершении классного часа учащиеся наглядно в виде сценки показали как на примере выглядит один из видов буллинга.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1661132177945204/?rdid=3zIKNwEnxVak4m94&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F17uWWRAyLC%2F#

    Алимбекова Р.С. мен Раимбаева У.С. жылдық жоспарға сәйкес 2-4,6-8 сынып оқушыларының мектептегі оқу-іс әрекетінің деңгейін мен мектепке деген көзқарасын анықтау мақсатында Н.Лускановтың әдістемесі бойынша сауалнама жүргізді.

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінің педагог-психологтары Алимбекова Р.С. мен Раимбаева У.С. жылдық жоспарға сәйкес 2-4,6-8 сынып оқушыларының мектептегі оқу-іс әрекетінің деңгейін мен мектепке деген көзқарасын анықтау мақсатында Н.Лускановтың әдістемесі бойынша сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 242 оқушы қатысты.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1657474281644327/?mibextid=rS40aB7S9Ucbxw6v

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру